1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Телеологиялық, жүйелік, релятивистік)



бет38/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Телеологиялық, жүйелік, релятивистік).Саясаттың негізгі мәселесі билік болғандықтан, саясатта билік теориясы үлкен орын алады. Билік саясаттың саяси институттар мен барлық саяси әлемнің мінін түсініп-білуге көмектеседі.Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі – ол билік үшін күреседі деген екен.Ағылшын философы, қоғам қайраткері Бертран Рассель (1872-1970) физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деген.Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс {1902 – 1979) экономпкалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деп тұжырымдаған.Билік туралы мынандай тұжырымдамалар бар: Телеологиялық, бихевиористік, инструменталистік, структуралистік, конфликтілік.Сонымен билік деп біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін айтады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде билік қоғамдық сипатта болды. Мұнда қауым болып тайпаларды басқарды. Құл иеленушілік құрылыста құл иеленушілер және құлдар пайда болып, теңсіздік туды. Бір таптың екінші бір тапты бағындыру қажеттілігі туды. Осылай билік аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен тыс, ықтиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды.«Билік» сөзі әр мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына объектісіне байланысты былай бөлуге болады:Ата-аналар билігі.Мемлекеттік билік.Экономикалық билік.Саяси билік.Әлеуметтік билік.Құқықтық билік.Әскери билік.Рухани билік, т.с.с.
Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең негізгі түріне жатады.Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар оның өктемдік сипаты, оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың мүддесін қорғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы, т.с.с.Саяси билік бар жерде тенсіздік бар. Мұнла біреулер билеуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс-құралдары бар.
Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы: сайлау науқаны уақытында көп қаржы жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетістпегендіктен шетелдерде үміткерлер жеке бай адамдардың бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстап тұру үшін көп қаражат керек. Және үкімет басына келушілер өз реформаларын ала келеді. Мысалы: АҚШ президенттері Ф.Рузвельт «Жаңа бағыт», Дж. Кеннеди «Жаңа шеп», т.с.с. Экономикалық қорға қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықтар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары, т.б. жатады.
1)Әлеуметтік әдіс-құралдар.
Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдарды топтастырады. Ондай рөлді ең алды мен оның мәртебелі, абыройлы, көптеген жеңілдіктерді пайдаланатын қызметкерлері орындайды.
Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура. Т.б. жатады.
Ақпарат құралдары. Радио, теледидар. Баспасөз,т.с.с. ақпарат құралдары өз елдеріндегі жағдайларды ғана емес, дүние жүзінде не болып не қойып жатқанын көріп-біліп отырады. Шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялары бар елдерде ақпарат құралдарының маңызы арта түседі.Ақпараттық қор. Білім мен ғылым мағлұматтарын алу, оларды тарату бүгінгі күні алдыңғы қатарлы орынға шығуда.
1 Телеологиялық анықтама – Билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді.

2 Бихевиористтік анықтама – Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс – тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс – әрекеттің негізгі түрі.

3 Инструменталисттік анықтама – Мұнда билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі.

4 Структуралисттік анықтама – Билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады.

5 Конфликтілік анықтама – билікті дау- жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.Саясаттанудың танымдық мүмкіндіктері оның ұғымдық (категориялық) аппаратының қалыптасуы және дамуымен ғана байланысты емес, сонымен бірге саясаттанудың жаңа білімдерді алу тәсілдерімен де байланысты. Барлық ғылымдардағы сияқты оған да төмендегідей ғылыми зерттеу тәсілдері тән.


  1. Жүйеліқ тәсіл. Бұл тәсіл саясаттануда зерттелетін құбылыстардың пайда болуы, оның даму барысы туралы шынайы бағдарламаларды жасауға көмектеседі. Жүйелік тәсіл арқылы экономикалық даму жүйесі мен қоғамның саяси жүйесі, урбанизация мен адамдардың саяси мүддесі, саяси белсенділігі, саяси партиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері мен сайлау жүйесі арасындағы өзара байланыстылықтар ашылады.



  1. Бихевиористік тәсіл. Бұл саяси құбылыстарды жеке адамдар мен оның топтарының мінез-құлықтарына талдау жасау арқылы зерттейтін тәсіл. Ол тиімді тәсілдердің бірі болып есептеледі. Өйткені, мұнда саяси құбылыстардың көпжақтылығын, көпмәнділігін, өпқырлылығын, ондағы қарама-қарсылықты, еркін саяси бәсекелер мен тайталастарды, бір сөзбен айтқанда саяси плюрализмді ескеруге негізделеді.



  1. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі (сандық тәсіл). Бұл зерттелетін құбылыстарды ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге және саяси процестердегі белгілі бір тұрақты заңдылықтарды негіздеу үшін маңызды рөл атқарады. Сандық көрсеткіштерге негізделу тәсілі әдетте сайлау процесінде, референдум жағдайларында саяси институттардың дамуында халықтың, әртүрлі әлеуметтік топтардың оң және теріс пікірлерін есепке алып, олардың саяси мінез-құлқы мен іс-әрекетін алдын-ала болжап отыру үшін қажет.



  1. Салыстырмалы тәсіл. Бұл кеңінен қолданылатын дәстүрлі тәсілдердің қатарына жатады. Бұл тәсілдің салыстыру объектілерін іріктеуде белгілі бір принциптерге сүйенеді. Салыстырмалы тәсіл әртүрлі саяси жағдайларды салыстыра отырып талдау арқылы әр елдің өз мемлекеттік құрылымына сай, экономикалық-саяси, мәдени-рухани жағдайына сай келетін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет