46. Қазақстандағы әлеуметтік-саяси шиленістердің алдын алу технологиялары. Шиеленістен қашу әдісі – бұл, мысалы, саяси сахнадан кету немесе саяси қызметкерліктен кетуімен қорқыту; қарсыласымен кездесуден қашу т.б. Бірақ шиеленістен қашу шиеленісті уақытша басады және оның себебі солай қалады.Келісімге келу әдісі – күш қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді. Келісімге келу үрдісінде екі жа пікір алысады, бұл шиеленісті бәсеңдетеді, нақты ақиқатты анықтауға көмектеседі. Келісімге келу өзара түсіністікке қол жеткізуге және әріптестікке жол ашуға болады.Үшінші тұлғаны қолдану әдісі – бұл татуластыру әдісі. Үшінші тұлға ретінде ұйым немесе жеке тұлға болуы мүмкін. Бұл функцияны тек үкімет орындағылар ғана емес, сонымен қатар ұйым мен мекеме мүшелері де бола алады. Тәжірибе дәлелдегендей, нақты таңдалған үшінші тұлға болып, ол реттей алатын шиеленіс болатын жерде оның қатысуынсыз шешілмейтін тұлға болуы керек. Мұнда күрделі әлеуметтік шиеленістерді Батыста бұл рөлді Нобель сыйлығының лауреаттары атқарады.Алып қою әдісі – өз позициясын білдіру болып табылады. Бұл тәжірибеде кең тарлған. Бірақ бұл жерде бір нәрсені ескерген жөн, өз позициясын ұсынған жақ қанша күш жинағанына және жағдайды өзгертуіне байланысты жоғалтқанын қайтарумен шектеледі.Арбитраж әдісі – шешу жолында заңмен, сонымен қатар халықаралық құқықпен басқарылады.Шиеленісті жағдайдан шығу жолын іздеу әлеуметтік шиеленісті шешудің бірнеше әдісін пайдалануға мүмкіндік береді.Келісім шарт кезінде шиеленіске байланысты мәселені қозғау керек;Екі жақ әлеуметтік және психологиялық қысымға жол бермеген жөн;Бір-біріне деген сыйластықтарын білдіру қажет;Келісім шарт мүшелері бір-бірінің позициясын ашып, өзара пікір алысу керек;Барлық келісім шарт мүшелері келісімге келетіндігін шын білдіру керек.Шиеленіс = шиеленісті жағдай + инцидент екенін ескеру қажет.
Шиеленісті жағдай – шиеленістің нақты себебіне толы қарама-қайшылық.
Инцидент – шиеленіске түрткі болатын жағдай.
Шиеленісті жағдай мен инцидент бір-біріне тәуелсіз, бір-біріне қарама-қайшы болып келмейді. Сондықтан шиеленісті шешу – бұл:
Шиеленісті жағдайды шеттепИнцидентті жою
Біріншісі қиын, бірақ маңызды. Қарапайым өмірде инцидентті жоюмен ғана шектелеміз (мысалы, бір-бірнен кешірім сұрау), бірақ шиеленісті жағдай сақталады немесе жаңа шиеленіс ошағы пайда болады.
Шиеленісті жағдайды шешудің үш басты мақсаты ажыратылады:
Шиеленісті шешу екі жақты да қанағаттандыру қажет.Өз іс-әрекетіне ұялу немесе ыңғайсыз сезінбеу үшін өз абыройын сақтап қалу керек.Әріптесімен қарым-қатынасын жалғастыру. Оның «жауың» ретінде қабылдамау.