1. Мемлекет және оның негізгі белгілері және атқаратын қызметі


Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері



бет43/46
Дата08.04.2023
өлшемі165,52 Kb.
#80480
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
47. Қазіргі жағдайдағы саяси дағдарыстан шығу тәсілдері.
Кез келген елдерде сияқты, Қазақстанда да экономикалық дағдарыс өз түзетулерін еңгізді. Қаржылық дағдарыс экономикалық дағдарысқа ұласты. Әлемдік экономиканың құлдырауы барлық дерлік шикізаттарға деген сұраныстың, соның салдарынан олардың бағаларының күрт төмендеуіне алып келді. Отандық және шетелдік ғылыми, көпшілік басылымдарда ғалымдардың, саясаткерлердің ғаламдық дағдарыстың себептері, салдары, одан шығу жолдары туралы түсініктер, пікірлер көптеп айтылуда. Ғалым-экономистердің осы тұрғыдағы көзқарастарын тұжырымдай келе әлемдік дағдарыстың негізгі себептерін атап айтуға болады:
Әлемдік экономиканың, әсіресе – қаржының, ғаламдануы.
Мұнай бағасының өзіндік ерекше қалыптасуы және оның бүкіл қаржы сферасына әсер етуі. Баға қалыптасуының «классикалық» тәртіптен ауытқуы.
Банктердің және трансконтиненталды корпорациялардың шексіз үлкейіп кетуі нарықтық қатынастардың қозғаушы күші – бәсекелестікті басып тастауы.
Халықаралық қаржылық институттар қызметтеріндегі тығырыққа таяну.
Ұлттық банктердің жұмысын реттеу және бақылау ісіндегі кемшіліктер.
Қазақстан экономикасындағы дағдарыстың ерекшелігі – ол монетарлық емес, құрылымдық екенін көптеген отандық ғалымдар мойындап отыр. Сондықтан жалғыз қаржылық манипуляциялар арқылы ғаламдық дағдарысты түпкілікті жеңіп, дамудың тұрақты жолына шығу мүмкін емес. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасының Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы жолдауында елдің дамуының негізгі бағыттарының бірі инновациялық экономиканы құру және оның шикізаттық емес секторын дамыту болып қала беретіні аталып өтті. Қазақстандағы қалыптасқан технологиялық құрылым әлемдік стандарттардан алыс. Қазақстанда өндіріс негізінен ескі технология және ескірген техникаға негізделеді. Экономиканың құрылымында қазіргі заманға сай ғылыми сиымды өндіріс жоқ. Реформа кезеңінде экономикаға тартылатын инвестиция көлемі өскені және Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығы жақсарғаны байқалды, ол өз кезегінде елдің қарқынды дамуын қамтамасыз ету үшін жақсы базаны қалыптастыруға көмек берді. Бұл жағдайда жасалған индустриалды – инновациялық стратегия елдің экономикасын жақсартудың маңызды факторларының бірі бола алады. Индустриалды–иновациялық дамудың негізгі мақсаты болып өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету сферасында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған тауар, жұмыс және қызметтерді өндіру, өндірілетін өнімге халықаралық сапа стандартын енгізу табылады.

Қазіргі экономикалық жағдайда экономиканы тұрақтандыру және даму қарқынын көтерудің мақсатты саясатын іске асыру өнеркәсіптің дамуынсыз мүмкін емес, себебі гүлденген және қарқынды дамыған қоғамның іргетасы тек шикізат секторымен шектелмеген қазіргі бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика болуы мүмкін.Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне және т.б.


.Қортытындылай келсек, дағдарыстың қайда апаратынын ешкiм де болжай алмайды. Егер әлемде қайта құрылымдау жүзеге асатын болса, дағдарысқа шаралар бағдарлама түрiнде ғана емес, арнайы стратегиямен негiзделуi керек деп батыл айтуға болады. Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек. Шикізаттық емес секторларды дамыту, яғни шикізатты экспорттау тәуелдігінен арылу қажет. Неге десеңіз, біріншіден еліміз пайдалы қазбаларға бай болғанымен, дегенмен ресурстардың шектеулігінің қаупі және экспорталатын шикізаттардың бағасының әр түрлі экономикалық кезеңдеріне (экономикалық дағдарыс) байланысты тұрақты еместігі және де индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастыру қажет. Үкімет әкімдермен бірлесе отырып өңірлерді дамытудың жаңа инновциялық бағдарламасын жасауының да маңызы зор. Бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты демекші, отандық өндірістерді дамыту, шағын және орта бизнеске тиімді қолдау көрсету, яғни қағаз бюрократиясын оңтайландыру қажет. Осының арқасында ғана біз бәсекеге қабілетті бола аламыз. Осы мақсаттарды орындау үшін білімді мамандар және инновациялардың болуы керек. Бизнесті ашқанда тек басқа елдердің жаңалықтарын қолданбай, жаңа бір өзектілігі бар идеяны қалыптастыру керек. Кәсіпкер ең бастысы тапқыш болуы ықтимал.Бәріміз білеміз, біздің қазіргі кездегі мақсатымыз, Бүкіл Әлемдік Сауда ұйымына мүше болып кіруіміз, ал бұл осы атап өткен жұмыстар арқасында ғана жүзеге асады. Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет