1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Конституцияның түсінігі және мәні



бет8/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

2. Конституцияның түсінігі және мәні. Конституция латынның «constitutio» деген сөзінен шыққан, «бекіту», «құру», «ұйымдастыру» деген мағына береді, алғашында рим императорларының құқықтық актілерінің атауы ретінде қолданылған. Аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, жоғарғы заңдық күшке ие мемлекеттің негізгі заңы Конституция ретінде танылады. Дүниежүзілік тарихта жазылған және жазылмаған конституция түрлері орын алған. Жазылған конституция - мемлекеттегі құқық жүйесінде мазмұны мен нысаны жағынан басым орынды иеленетін біртұтас, жүйелі құқықтық құжат (мысалы, біздің еліміздің Конституциясы). Жазылмаған конституция - бір-бірін толықтыратын және мемлекеттегі басқа заңдарға қарағанда өзгешеліктері бар, дербес заңдар мен әдет-ғұрыптардың жиынтығы (мысалы, Англия Конституциясы).
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті жүзеге асырады:

  1. заңдық (құқықтың басты қайнар көзі ретінде);

  2. саяси (мемлекеттің құрылымын реттейді);

  3. идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын адам және азаматтың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуші қызметін атқарады).

Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Конституциясының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарлауда.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясының даму кезеңдері. Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ КСР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.
Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады» деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.
Декларация – Қазақ КСР-ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт.
Заң шағару билігі Жоғарғы Кеңеске беріледі, ал Президент республика басшысы болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі Жоғарғы Сотқа беріледі.
Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми-техникалық, барлық табиғи ресурстары тек Қазақ КСР-ның меншігінде болатынын жариялады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, «Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді».
Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.
Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КСР Конституциясы нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекет етті, өйткені олар мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.
Сонымен қатар бұл кезеңде 1978 жылы Конституцияға мағыналы өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. 1991 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң КСРО азаматтығын және қос азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жаңа негізі бекітілді.
Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың республика Конституциясының егеменді мемлекет Конституциясының талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақ КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды.
Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы «қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде» жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.
Конституцияда алғаш рет «зайырлы және унитарлық мемлекет» түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместігі көрсетілді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдары болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет