5. Психологияның әдістері мен әдістемелері. Әдістер:тесттер,сұхбат,бақылау,эксперимент.
6. Тұлға. Индивид. Даралық. Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды.
Индивид - адам дүниеге келгенде индивид болып туылады. Ол қоғамдық қатынастардың объектісі, әрі субъектісі. Қатынастар ықпалын сезіну мен бірге қатысушы, әрі оны терең бойлаушы. З.Фрейд ілімі бойынша, үнемі қоғам ішінде болып оның ықпалын сезінуші, әрі оған қарсы тұрушы биологиялық тұйық жан.
Даралық — түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
7. Мотивтер және қажеттіліктер. Мотив- кез келген қажеттілікті қанағаттандыру үшін іс-әрекетті бастауға себеп. Мотив мотивацияға қарағанда белгілі әрекетке итермелейтін тұлғаның өзіндік жеке тұрақты қасиеті болып табылады. Сонымен қатар, мотивті көптеген диспозияларды біріктіретін жалпы ұғым ретінде қарастыруға болады. Олар: қажеттіліктер, қызығушылық, мақсат, тілек, олардың икемділігі, көлемі және т.б. Диспозициялардың ішінде неғұрлым маңызды болып қажеттілік табылады.
Қажеттілік- адамның қалыпты өмір-сүруі үшін жетіспейтін қажетті нәрселержді қажетсіну.
Қажеттілік 2 түрге бөлінеді:
1) биологиялық- адамның организмнің тіршілігі.
2) ақпараттық- танымдық және әлеуметтік қажеттілігі.
8. Адам өміріндегі эмоцияның рөлі. Адам өмірінде эмоцияның маңызы өте зор, өйткені ең бастысы ол адамдарға қарым қатынас орнату үшін қажет. Эмоциялар жағымды және жағымсыз болып келеді, яғни жағымды жағына көңілді, қуанышты және т.б. ,ал жағымсыз жағына көңілсіз мұңды, қайғылы эмоциялар және ашулы,ызалылар жатады. Сонымен қатар эмоциялар адамның мимикасы арқылы сыртқа шығады адамның ішкі жан дүниесін түсіндіреді.