1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау ретін айтыңыз



бет4/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
5. Мектептегі әдістемелік қызмет және мұғалімдерді аттестациялау ретін айтыңыз.
Әдістемелік жұмыстар - бұл ғылым мен озат педагогикалық тәжірибеге және нақты оқу-тәрбие үрдісінде негізделген, оқу мекемесі жетекшісінің, білім беру жүйесі қызметкерлерінің (педагогтардың кәсіби өздігінен білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіруін басқару бойынша шараларды енгізу), оқытушының, тәрбиешінің, әр мұғалімнің педагогикалық біліктілігін және кәсіптік шеберлігін көтеруге, жалпы алғанда педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту мен жоғарлатуға, оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге, білім берудің тиімді деңгейіне қол жеткізуге, нақты оқушыны тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған өзара байланысты іс-шаралардың, әрекеттердің біртұтас жүйесі.
Аттестацияның негізгі мақсаты – педагог қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін көтеру, шығармашылық белсенділігін дамыту, педагогикалық еңбек сапасы деңгейінің өсуін ынталандыру, педагогтар еңбегін жіктеу арқылы олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету. Педагогтарды аттестациялаудың міндеті – педагогтың кәсіби деңгейіне сәйкес біліктілік санатын беру. Ынталандырудың негізгі құралы ретінде мұғалім еңбегіне ақы төлеуді жіктеу болмақ. Педагогтарды аттестациялау принциптері – еркіндік, жариялылық, жүйелік, тұтастық еріктілік және оның объективті, әділ өтуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдерді аттестациялау педагогтың біліктілігін жетілдіру жоспарына сәйкес бес жылда бір рет мұғалімдер біліктілігін көтеру институттарында немесе жоғары оқу орындарының факультативтерінде арнайы дайындық курстарынан өтеді. Кейде аттестация мұғалімнің педагогикалық біліктілігін айқындау үшін педагогикалық кеңестің шешімімен, басқару әкімшілігінің бастамасымен де жүргізілуі мүмкін. Біліктілікті көтеру немесе педагогикалық жоғары оқу орны базасында мұғалімдердің алған арнайы білімдерді практикалық тұрғыдан қорытып, мектепте сыннан өткізуді қажет ететіндігі аңғарылады. Мұндай жағдайда мектепте арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыстардың жүйесі мұғалім үшін баға жеткіліксіз көмек бола алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет