Дәм сезу органы. Алабұғалардың дәм сезу органдары микроскоп арқылы ғана көрінетін ұсақ, дәм айыратын бүршікшелерден құралады. Жеке дәм айыратын бүршікшелер бір—біріне жақын жатқан дәм айыратын клеткалардан және олардың арасындағы тірек клеткалардан құралады. Әрбір сезгіш клетканы нерв талшықтары қоршап тұрады. Сүйекті балықтардың бәрінде де дәм айыру бүршікшелері тек ауызда ғана болмай сонымен қатар бүкіл тері қабатында болады.
Иіс органдары-екі тесікті (танау) жұп қапшықшадан құралады.
Асқорыту органдары. Ауыз қуысымен жұтқыншақ айқын бөлінбеген сон дықтанда ауызбен жұтқыншақ қуысын бірге қосып, ауыз жұтқыншақ қуысы деп атайды. Алабұғаның аузында бірнеше ұсақ тістері бар. Тістері жоғарғы жақ, жақ аралық тіс сүйектеріне орналасумен қатар, таңдай сүйектеріне, өре сүйекке, және тіл асты шеңберінде орналасады.Тістердің барлығының форма сы бірдей болады.Ұш жағы сүйір, конус тәрізді. Тістерімен керекті затын ұстайды, бірақ оны майдалап, ұсақтай алмайды. Алабұғалар басқа жыртқыш балықтар сияқты қоректі затын бүтіндей жұтады. Тілі болмайды. Жұтқын шағы қысқа өңешке келіп жалғасады. өңеш үлкен және өте созылмалы қарын ға барып жалғасады. Одан нағыз ішек басталады. Ішектің алдыңғы бөлімі иіріліп барып шумақ шығарады. Одан кейін ішек ешқандай шумақталмастан де несінің арт жағына қарай созылып барып дербес тесік болып сыртқа ашылады. Бірақ ішіектің басталған жерінде тұйық, кейде пилорикалық деп аталатын өсінділер пайда болады. Бұл өсінділер шеміршекті балықтардағы спираль тәрізді қақпақшалар сияқты ішектен тамақтың жүруін баяулатады және ішектің ас қорыту бетін арттырады.Тұйық өсіндінің саны түрлі балықтарда түрліше болады. Мәселен алабұғада- 3, лососьта-40, скумбрияда-200 –ге жу ық.
Бірнеше бөліктен тұратын бауырында өт болады. Өт-өт жолы арқылы ішектің баулық тәрізді алдыңғы бөліміне ашылады.
Ұйқы безі айқын байқалмай ұсақ түйір түрінде шажырақайда шашырап жатады. Жүзу торсылдағы құрсақ қуысының арқа жақ бөліміне орналасады. Торсылдақтың іші газға (көмірқышқыл газына, оттегіне және негізінен азотқа) толған жұқа қабықты қапшық деуге болады. Торсылдақ негізінде гидростатикалық аппарат болып есептеледі. Ол кеңейген кезінде балықтың меншікті салмағы азаяды, қысылған кезде меншікті салмағы артады. Торсылдақтың ішіндегі газ қысымының артып немесе кеміп отыруы-торсылдақтың қабырғаларында көптеген ұсақ қан тамырларының болуына байланысты. Кейбір жерлерінде қан тамырлары ұсақ капиллярға тарамдалады. Осы ұсақ қан тамырлары арқылы торсылдақ ішіндегі оттегін қабылдап, немесе газ алмасу нәтижесінде пайда болған керексіз заттарды сыртқа шығарып отырады. Осындай процестің нәтижесінде балық торсылдақтарының көлемі бірде ұлғайып, бірде кішірейіп отырады. Бұған қарағанда торсылдақ кейбір балықтарда аздап та болса тыныс алу процесіне қатысады.
Алабұғалардың, сол сияқты сүйекті балықтардың көпшілігінің торсылдағы сегіздік цифр тәрізді келеді. Судың түбінде тереңірек сүңгуде немесе тереңдіктен тез судың үстіңгі қабатына көтерілуде торсылдақтың маңызы үлкен. Суға төмен сүңгігенде денесінің бас бөлімінің меншікті салмағын арттыру үшін, торсылдағының алдыңғы бөліміндегі ауаны қысып, артқы бөліміне ығыстырады. Жоғары көтерілгенде керісінше – торсылдақтың алдыңғы бөліміне ауаны көбірек ауыстырады.