1 Общие требования



бет31/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

Зәр шығару органдары. Омыртқа жотасының екі жағында торсылдақтарының үстіңгі жағына орналасқан лента тәрізді мезонефрикалық бүйректерден тұрады. Бүйректерінің ішкі жиектерін қуалай орналасқан вольфов канал шаларына ұқсас, зәр түтікшелері болады. Зәр түтікшелері сыртқа ашылатын жерде бір-бірімен қосылып бір ғана каналға айналады. Кейбір түрлерінде қуығы болады оған зәр шығару каналы арқа жағынан келіп ашылады.
Жыныс органдарының құрлысы-шеміршекті балықтардан өзгеше болады.
Қос аталық және аналық жыныс бездері ішінде қуысы болады да олар ерекше каналдар арқыла зәр тесігінен басқа тесік арқылы зәр жыныс каналына келіп ашылады. Сөйтіп шеміршекті балықтардай, ұрғашыларында жұмыртқа жолының қызметін атқаратын-мюллеров каналдары болмайды. Еркектерінде жыныс бездерінің бүйрекпен байланысы жоқ ал вольфов каналдары зәр шығару каналының қызметін атқарады.
Уылдырықтары ұсақ, оның сыртында жұқа мөлдір қабығы болады. Ұрықтану аналық организмнен тыс, су ішінде болады. Тек қана аздаған түрлерінде ұрықтану іште және тірі жұмыртқа туушылық байқалады Мысалы, Американың субтропикалық суларында мекендейтін тісті карп тәрізділері және аквариумдарда өсіретін гамбузия балығы тірі шабақ туып көбейеді.
Балықтарда гермафродиттік өте сирек кездеседі бірақта теңіз алабұғасы нағыз гермафродит болып табылады.
Жұмыстың орындалу реті.
1.Сүйекті балықтарды зертханалық жұмыс мақсаты үшін сою әдістерімен танысып, балықты сою. Сойып ашылған обьектіден ішкі органдар жүйелерінің орналасу реттіліктерімен танысу.
Сүйекті балықтарды зертханалық жұмыс мақсаты үшін союға көп жағдайда жергілікті сулардан жаңа ауланған немесе 5-10% формалин ерітіндісіне салынған, 15-20 см, шамасындағы балықтарды пайдалануға болады. Союға формалин ерітіндісінде сақталған балық алынатын болса, оларды 4-5 күн бұрын лабораториядағы салқын су жүретін турба шүмегінің астына ұстап суды жай ағызып қою арқылы формалинін жуады. Сойылуға қажетті балық құрсақ жағы жоғары қаратылып сол қолға ұсталынады. Оң қолдағы қайшының үшкір ұшын аналь тесігіне салып, содан кейін қайшы ұшын аналь тесігіне салып, содан кейін қайшы ұшын сәл жоғары көтере отырып, ауыз тесігіне дейін кесеміз. Балықты оң жақ бүйірінен жатқызып, желбезек қақпағының және аналь тесігінің тұстарынан көлденеңнен кесінділер жасаймыз. Бұл кесінділердің жоғары ұштарын бүйір сызығының бойымен ұзыннан кесіп, алып тастауға болады.
Балықты сойып ашқаннан кейін желбезек қақпағының астында желбезек жапырақшалары бар, төрт жұп желбезек доғалары көрінеді.Олардың артқы жағына таман орналасқан жүрек анық байқалады. Оның алдыңғы жағында, құрсақ аортасының жүрек қарыншасының басталар жеріндегі кеңейген жері –аорта пиязшығы көрінеді.
Құрсақ қуысының ішінде бауыр, оның астыңғы жағында қарын, одан басталатын ішек трактасы, аш ішектің бірінші иірімінде, шажырақай арасында ұйқы безі орналасқан. Осы аталған ас қорыту органдарын бір жағына сәл ығыстырсақ, жыныс бездерін көруге болады. Сойған балығымыз аналық особь болса, жұмыртқа безінің ішіндегі уылдырықтарды анық көруге бола ды. Жыныс органдарын сәл ығыстырсақ торсылдақты көреміз. Бұл орган тек сүйекті балықтарда ғана болады. Гидростатикалық қызмет атқарады. Торсылдақтың астында, омыртқа жотасының екі жанын қуалай орналасқан, жұп бүйректері көрінеді. Сүйекті балықтарда қуық болады.
2. Сүйекті балықтардың орталық нерв жүйесінің құрылыс қызмет принциптерімен танысып, бас миының схемасын альбомдарыңызға бейнелеп, оның бөлімдерін бейнелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет