1 Общие требования



бет35/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Есеп:
1.Бас сүйегі, омыртқа жотасы, жамбас, иық белдеулерінің суреттерін салу
2. Қаңқаларының құрылыс ерекшеліктерін тапсыру
Бақылау сұрақтары:
1.Сүйекті балықтардың ми сауытының құрылысы қандай?
2.Сүйекті балықтардың ішкі қаңқасының жалпы сипаттамасын айт?
3.Висцераль қаңқасының ерекшелігін түсіндір?
4.Сүйекті балықтардың иық белдеуі мен кеуде жұп жүзу қанатының қаңқа құрылыстары қандай?
5.Жамбас белдеуі мен құрсақ жұп жүзу қанаттарының қаңқа құрылыстарын айт?
6.Сүйекті балықтардың дара жүзу қанаттарының қаңқа құрылысы қандай?

7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС




Тақырыбы: Қосмекенділердің сыртқы және ішкі құрылысы.
Мақсаты: Қос мекенділердің сыртқы, ішкі құрылыстарымен танысу.
Қажетті құрал – жабдықтар: Тірі көл бақасы, 10 % формалин ерітіндісінде сақталған көл бақасы және жасыл құрбақа арнайы шыны ыдыстардағы спирт ерітіндісіне салынған бақаны сойып ашқандағы ішкі органдарының көрінісі, бақаның ішкі органдары бейнеленген таблицалар, қол лупасы скальпель, препараттық инелер, мақта, дәке салфеткалары, кодоскоп т.б
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Систематикалық орны:
Тип: Хордалылар – Chordata
Тип тармағы: Бас сүйектілер немесе омыртқалылар – Craniata немесе
Vertebrata
Класс: Қос мекенділер – Amphibia.
Отряд: Құйрықсыздар: Anura немесе Ecaudata.
Өкілдері: Көл бақасы - Rana ridibunda Pall
Жасыл құрбақа - Bufo viridis Laur
Амфибилер-суда тіршілік ететін балықтар мен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да, тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.
Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, құрлықта да тіршілік етe алады. Тіршілік барысында метаморфозға ұшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артерия мен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанмен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қос мекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық шашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс сыртта болады.
Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600—2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:
1. Құйрықтылар (Caudata немесе Urodela)
2. Аяқсыздар (Apoda)
3. Құйрықсыздар (Anura немесе Ecaudata).
Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз таралған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кездеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.
Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:1. Тритон тәрізділер. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады, алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар т. б.
2. Бақа тәрізділер. Бұлардың дене тұрқы қысқа болғанмен де массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегі мен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде ғана су орталығында болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.
3. Құрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы болмайтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты иреңдетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет