Сүйекті балықтардың иық, жамбас белдеулері жұп кеуде, құрсақ және дара жүзу қанаттарының қаңқа құрылыстары. Сүйекті балықтардың иық белдеуі жауырын (1) және арқа сүй ек (каракоид) деп аталатын (2) көлемі кішірек сүйектерден тұрады. Сондықтан олар бас сүйегімен клейтрум (3) клейтрум үсті(4) және артқы төбе сүйектері (5) арқылы қозғалмайтындай болып бекінеді. Белдеудің жауырын және қарға сүйектері шеміршек, ал басқа аталған сүйектер жабынды сүйек туындылары болып есептеледі. Иқ белдеуіне кеуде жұп жүзу қанатының сүйектері жалғасады. Кеуде қанатының құрлысында оның базальды элементі жоқ, бір қатар радиаль сүйекшелерге (6) қанаттың теріден пайда болған сәулелері (7) жанасады.
С урет 28 – Сүйекті балықтың иық белдеуі кеуде қанатымен:
1 – жауырын; 2 – коракоид; 3 – клейтрум; 4 – клейтрум үсті; 5 – артқы төбе сүйегі; 6 – радиалии; 7 – жүзу қанатының сәулелері.
Сүйекті балықтардың жамбас белдеуі өте қарапайым құрылысты. Әрбір жамбас(8) үшбұрыш мүсіндес жұқа, жалпақтау келген сүйек. Олар бір-біріне жанаса орналасады. Құрсақ жұп жүзу қанатында не базальды не радиальды элементтрі жоқ. Теріден пайда болған сәулелер (9) жамбасқа бірден бекінеді.
Сүйекті балықтардың дара жүзу қанаттарының қатарына арқа, аналь және құйрық қанаттарын жатқызамыз. Арқа және аналь қанаттарының құрылысы теріден пайда болған сәулелерден (1) және радиалиялардан (2) тұрады.
Жұмыстың орындалу реті. 1.Сүйекті балықтарды зертханалық жұмыс мақсаты үшін сою әдістерімен танысып, балықты сою.
Сүйекті балықтарды зертханалық жұмыс мақсаты үшін союға көп жағдайда жергілікті сулардан жаңа ауланған немесе 5-10% формалин ерітіндісіне салынған, 15-20 см, шамасындағы балықтарды пайдалануға болады. Союға формалин ерітіндісінде сақталған балық алынатын болса, оларды 4-5 күн бұрын лабораториядағы салқын су жүретін турба шүмегінің астына ұстап суды жай ағызып қою арқылы формалинін жуады. Сойылуға қажетті балық құрсақ жағы жоғары қаратылып сол қолға ұсталынады. Оң қолдағы қайшының үшкір ұшын аналь тесігіне салып, содан кейін қайшы ұшын аналь тесігіне салып, содан кейін қайшы ұшын сәл жоғары көтере отырып , ауыз тесігіне дейін кесеміз. Балықты оң жақ бүйірінен жатқызып, желбезек қақпағының және аналь тесігінің тұстарынан көлденеңнен кесінділер жасаймыз. Бұл кесінділердің жоғары ұштарын бүйір сызығының бойымен ұзыннан кесіп, алып тастауға болады.
Балықты сойып ашқаннан кейін желбезек қақпағының астында желбезек жапырақшалары бар, төрт жұп желбезек доғалары көрінеді.
2.Сүйекті балықтардың бас сүйегі, вицераль қаңқасының, омыртқа жотасының, иық жамбас белдеулері мен жұп кеуде, құрсақ және дара жүзу қанаттарының қаңқа құрылыстары дара жүзу қанаттарының қаңқа құрылыстарымен танысып олардың суреттерін альбомға салу.