1 Общие требования



бет15/69
Дата25.11.2023
өлшемі9,78 Mb.
#126917
түріПрактикум
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69
Байланысты:
15 лаб омыртка зоология лабор сабак

2-отряд Миксиндер.
Балықтардың уақытша паразиті миксиндер болып есептеледі. Бұлардын, паразиттік тіршілігіне байланысты кейбір органдары нашар дамыған да, ал кейбір органдары паразиттік тіршілікке икемделіп маманданған.
Миксиндердің арқа қанаттары болмайды, нашар дамыған көздері тері астында жатады, көз хрусталигі болмайды. Құлағының жартылай шеңбер қуысы біреу-ақ. Миы, онық алдыңғы және мишық бөлімдері жақсы жіктелме ген. Омыртқа жотасының құйрық бөлімінде ғана омыртқаның жоғарғы доғасының нұсқасы бар.
Ауыз воронкасының жиегінде 4 пар қармалағыштары, тілінің үстіңгі жа ғында мүйізді тістері болады. Көпшілігінде желбезектерінің сыртқы тесіктері бірден сыртка ашылмай, желбезек қапшықшаларының арт жағынан қашығыраққа ашылатын әрбір бүйірінде болатын каналға ашылады. Олардың мүндай ерекше құрылыста болуы, балықтың денесіне тереңірек еніп кеткеннің өзінде де тьныс алуына мүмкіндік береді, өйткені иіс сезу капсуласы ерекше қуыс арқылы жұтқыншақпен байланысады да, ылайға көміліп, тұмсығы ғана шығып жатқан организмнің тыныс алуына жағдай жасалады. Желбезек тесіктерінің саны 5—15-ке жетеді.
Миксиндер қос жынысты организмдер. Жұмыртқалары үлкен, 20 мм жетеді. Жұмыртқаларының сыртьн мүйіз тәрізді капсула қаптап жатады да сонымен қатар ұшы ілмекті жіпшелері болады. Миксиндер 20—30 жұмыртқа, ал миногалар 20— 30 мыңға дейін жұмыртқа салады.
Миксиндер — Атлантика, Тынық және Индия мұхиттарында таралған жануарлар. Кәдімгі миксиндер көбінесе тереңдігі 20— 50 метрге жететін су жағасына жақынырақ жерде кездеседі, ал кейде 500—1000 м терендіктен де кездестіруге болады .
Миксиндер көбінесе балықтардың желбезектері арқылы ішіне кіріп, олардың терісімен скелеттерінен басқасының барлығын жеп қоректенеді. Көбінесе ауға, қармаққа түскен балықтарды жеп, зиянын тигізеді. Миксин дердің кәсіптік маңызы жоқ.
Жұмыстың орындалу реті:
1.2-10х үлкейтетін қол лупасын пайдаланып өзен миногасының ылғалды объектісінен сыртқы пішінімен танысу. Миноганың сыртқы көрінісін альбомдарыңызға салып, органдарын белгілеңіздер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет