1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар



бет18/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

Топырақты эрозиядан механикалық әдіспен қорғау. Бұзылып жатқан агенттің (жел немесе су ағыны) жолында механикалық қоршауларды тұрғызу арқылы эрозиядан қорғау. Топырақтың беткі қабатын қосатын жыныстарды эрозиядан қорғайтын биологиялық және химиялық әдістерге қарағанда, мұнда топырақтың беткі қабатынының эрозияға тұрақтылығын жоғарлату процесінде тікелей қатыспайды.
Су ағынынының жолына бөгет жасау үшін еңістің беткі қабатының ұзындығымен борозда жасай отырып, арнайы еңістерді жырту әдісін қолданады, топырақ дауалдарын немесе су бұрғыш таулы траншеяны тұрғызады және т.б. Дегенімен, мұндай әдістер еңістердің беткі қабатын тікелей жаңбыр мен желден қорғамайды.
Қалдық сақтағыштардың эрозияға ұшыраған беткі қабатын тұтас немесе торлы щит тәрізді қатты конструктивтік элементтер (кейін торлардың ұяшықтарына өсімдіктерді отырғызуға болады), құрама темірбетон элементтер, сабан, қамыс немесе қамысты маттар немесе тақталарды қою (соңғылары алдын ала тұтастырғыш құрамдарымен өңделеді), тас, шлак, ағаш қабықтарының қабаттарын төгу және т.б. әдістері ең сенімді әдістер болып табылады. Соңғы кезде үйілген бөгет және құмды-сазды жыныстар үйінділер түріндегі биік жер ғимараттар құламасының беттік қабатын қатайту үшін синтетикалық төсемдерден жасалған қабаттар қолданылады. Бірақ бұл жағдайда кезекті биологиялық рекультивация қиындай түседі.
Топырақтың беткі қабатын эрозиядан сақтау үшін қолданылатын механикалық қорғау әдістері еңбек сыйымдылығымен және аз өнімділігімен ерекшеленеді және жоғарыда қарастырылған міндеттерді шешу үшін кейбір бөлек жағдайларда ғана қолданылады, негізінен бұл әдіс биологиялық әдіспен қатар қосалқы әдіс ретінде қолданылады.
Топырақты эрозиядан биологиялық әдіспен қорғау. Бұл әдіс қатайтатын жыныстың беттік қабатында мәдени немесе жабайы өсетін өсімдіктерді отырғызуды (себу) немесе осы қабатқа микроорганизмдер культурасын енгізуді қарастырады.
Жыныстарды бұзылыстан қорғау екі әсерге қатысты іске асырылады: қатайтатын қабаттың аймағында минералды бөлшектерді терең (көлемді) байланыстыру және беттік қабатты сыртқы әсерлерден экрандау. Бірінші жағдайда қатайту әсері микроорганизмдердің (бактериялар, бастауыш өсімдіктер) өмір сүру өнімдерінің жабысқақтық іс-әрекеті нәтижесінде немесе өсімдіктің тамырлы жүйесінің арматуралар іс-әрекетінің нәтижесінде құрылады. Екінші жағдайда қорғаныс қабатын қаптап тұратын биомассаның жер асты бөлігі ауа және су ағындарының осы беттік қабатқа тікелей әсерін алдын алады немесе сол беттік қабаттың жанында олардың жылдамдығын айтарлықтай төмендетеді.
Соңында, тіпті беттік қабаттың тепе-теңсіз өсуі кезінде мұндай алаңдар өспейтін алаңдардан ауыстырылатын грунттардың бөлшектері үшін қарапайым механикалық кедергі болып табылады және соған орай қоршаған ортаға эрозия өнімдерінің шығаруын алдын алады.
Тау-кен жұмыстарының әсерінен бұзылған эрозияға қарсы қорғаныс практикасында беттік қабатты қалайылау әдісі кең қолданысқа ие болған, әсіресе, орман немесе ауыл шаруашылығына қолдануға арналған құламалардың беттік қабаты болып табылады. Бұл жерде шым-қыртысты төсемдердің пайдаланылуы мүмкін.
Үйінділерден (жоғары шымтезектер) алшақ өсірілген төсемдерді үйіндіге қарапайым құралдар (металды беттердегі сүйретпе жерлер) көмегімен тасымалдайды және қолмен құламаларға қойылады.
Эродирленген беттік қабаттарды биологиялық бекітудің жоғарыда келтірілген әдістерінің анализі нәтижесінде экологиялық көзқарастан эрозияға қарсы қорғаныстың биологиялық әдісі аса прогрессивті және перспикті болып табылатынын көрсетті. Бірақ, беттік қабаттың мұндай бекітілуі көп қиындық келтіретін, қымбат және табиғатты-климаттық жағдайларға «сезімтал» болы келеді. Сонымен қатар, биологиялық әдістің көмегімен жұмыстың салыстырмалы бағасын есепке ала отырып, тек орнатылған (өтелген) беттік қабаттарды нығайту мақсатты болып табылады. Сондықтан, экплуатацияланатын үйінділер мен қалдық сақтайтын қоймалардың беттік қабатын биологиялық нығайтуды (биологиялық рекультивация) тек төмеңгі ярустағы сыртқы құламалар үшін ұсынуға болады. Тау-кен өндірісі практикасында қатты еңісті құламаларды бекітудің биологиялық әдісін кеңінен өндірістік енгізу механизация құралдарының жоқтығымен төзеді.
Эрозияға қарсы қорғаныстың биологиялық әдісін дамытудың заманауи прогрессивті тенденциялары келесілермен түсіндіріледі:

  1. нығайтылатын материалдан топырақтық қабатты құру әдістерін жетілдіру;

  2. химиялық заттар көмегімен осы материалдан топырақтық құрылымдар құру, осыған орай соңғылар ретінде жоғары полимерлі қосылыстарға көп көңіл бөлінеді, кейбір кезде жартылай кешенді композициялар да кіреді, оларды мелиоративті қабатқа енгізу жоғарғы гидроаккумуляционды мүмкіншілігі бар және тұрақты агрохимиялық сипаттары бар жоғарғы құрылымды топырақты жылдам құруға мүмкіндік береді;

  3. нақты табиғи-климаттық жағдайлар үшін, нығайтылатын жыныстардың агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттері үшін өсімдіктердің оңтайлы жиынтығын таңдау. Соңғы кездері ерекше қолайлы ортаны талап етпейтін жабайы топырақ қабатының өсімдіктеріне (жоғарыға қарай емес, жер бетімен жайылып өсетін) үлкен көңіл бөлінеді. Топырақтың эрозияға қарсы тұрақтылығын жоғарлату үшін және құмдағы топырақ қабатын реттеу үшін топырақты балдырларды пайдалануға тенденция болжамдалып отыр.

  4. горизонтальды және жазық беттік қабаттарды нығайту үшін өсімдіктерді гидроотырғызудың рационалды әдісін жасау;

  5. нығайтылған беттік қабаттан тыс орналасқан иілгіш немесе қатты конструктивті элементтерді (тақтайша, төсеніштер, ірі түйіршіктер) реттеу және қатты құламалы беттік қабаттардағы осы элементтерді келесі реттік механикалық төсеумен қатар өсімдік қоспаларының құнарлы грунтын реттеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет