Байланысты: 1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік
Ластанудың негізгі көздері және атмосфера ластаушылары. Атмосферада әрдайым ластаушы заттар көп мөлшерде кездеседі. Ғалымдар мәліметтері бойынша олардың көлемі 10 млн. т. бағаланады. Бұл өте зор масса. Атмосфералық ауаны ластаушылардың барлық көздері екі бөлікке бөлінеді: табиғи көздер (вулканизм, дефляция, органиканың ыдырауы, өрт) және антропогенді көздер (транспорт, өндіріс, энергетика, құрылыс, пайдалы қазбаларды өңдеу).
Табиғи ластануда биосфераның жоюға, ассимиляциялауға және екінші рет қайта өңдеуге мүмкіншілігі бар. Атмосфералық ластағыштар атмосферада ыдырайды, жауын-шашын болып Жерге түседі, ары қарай түрленіп, микроорганизмдерге және қауіпсіз қосылыстарға айналады. Атмосфераға антропогенді көздерден көп мөлшерде түсетін ластағыш заттар биосфераның оларды екінші рет қайта өңдеуге мүмкіншілігін тудырады.
Негізгі ластағыштардың бірнеше топтарын қарастырады:
1 Көміртегі қосылыстары (СО – дүние жүзі бойынша зиянды заттардың барлық тастандыларының 1/3 бөлігі, көмір қышқылы, альдегидтер, көмір сутектері, техникалық көміртегі) гипоксия ауруын тудыратын қандағы оттегі құрамын азайтумен қауіпті. Биосферада «Парникті әсер» тудыруына мүмкіншілік береді;
2 Күкірт қосылыстары (күкірт газы, күкіртті газ, күкірт қышқылы, Н2S) респираторлы аурулар тудырады, өсімдіктерге зиян келтіреді, әктас пен кейбір ағзаларды шірітеді, организмнің улануын тудырады;
3 Азот қосылыстары (NO, NO2, HNO3) тұмша (смог) және респираторлы аурулар, сонымен қатар жаңадан туылған балалар бронхитін тудырады. Су өсімдіктерінің көптеп жайылуына мүмкіншілік береді;
4 Ауыр металдар (сынап, қорғасын, кадмий және т.б.) организмге түсіп шоғырланады және онкологиялық аурулар тудырады;
5 Радиоактивті заттар қатерлі жаңа туындыларды және генетикалық мутацияны тудырады;
Ірі қалаларда атмосфералық ауаны ластаудың маңызды мәселелерінің бірі екіншілік ластағыштармен байланысты – ол компоненттер фотохимиялық смог («Лондон смогы», Лос-Анджелес смогы») деп аталады, олар азот оксидтері мен көмірсутектерінің химиялық ара-қатынасының нәтижесінде түзіледі және олар ауаға автокөліктің түтінді газдары арқылы күн сәулесінің ықпалымен түседі.
Ластағыштар барлық тірі организмдерге әсер етеді. Ластаушы заттар әрекетінің сипаты бойынша оларды екі топқа бөледі: тікелей және жанама (су, тамақ өнімдері, орман өнімдері арқылы).