1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік. Негізгі терминдер мен анықтамалар


Атмосфераның өндірістік ластануы. Шаң мен газдарды тазарту жүйелері мен әдістері



бет6/20
Дата20.10.2023
өлшемі96,63 Kb.
#119983
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 Өнеркәсіп экологиясы және өндірістік қауіпсіздік

3. Атмосфераның өндірістік ластануы. Шаң мен газдарды тазарту жүйелері мен әдістері.

Атмосфераның құрамы мен құрылымы. Атмосфераны негізгі ластау көздері және ластағыштар. Атмосфералық ауа сапасының критерийлері. Атмосфераны қорғау бойынша іс-шаралар.


Атмосфераның құрамы мен құрылымы. Атмосфера – жердің ауа қабығы. Оның массасы 5,15∙1015 т. Атмосфераның қазіргі газдық құрамы – Жер беті дамуының және бірінші кезектегі тірі организмдердің ұзақ уақыттағы тарихының нәтижесі. Атмосфералық ауаның құрамында 78 % азот, 21 % оттегі, 0,93 % аргон, 0,034 % көмірқышқыл газы, сутегі, су булары, метан, неон, гелий, криптон және ауа ластағыштары. Атмосфера оттегінің тірі орагнизмдермен толығымен жаңаруы 5200-5800 жылда жүреді.
Атмосфера құрамы 400-600 км биіктікке дейін сақталады. Одан жоғары қарай гелий басымырақ болады («гелийлі жиек»). Ол 1600 км жуық қашықтықты қамтиды. Одан ары қарай сутегі басым болады.
Атмосферада бірнеше аймақтар болады, олар Жерден олардың температурасына байланысты әртүрлі биіктікте орналасқан.
Жер бетіне ең жақын «тропосфера» болып табылады. Бұл қабатта орташа енділікте биіктік 10-12 км теңіз деңгейінде, экваторда – 16-18 км, полюсте – 7-10 км болады. Трпосферадағы ауа температурасы 100 м биіктікке 0,60 С азаяды және + 40° С – 50 ° С аралығында төмендейді. Бұл қабатта негізінен 9-10 км биіктіктегі ауа райы деп аталатын құбылыс жүреді. Атмосфераның дәл осы бөлігінде бұлттар түзіледі және қоспалардан тазалайтын ауа тазартқыштары болып табылатын жауын-шашынның барлық түрлері түзіледі.
Қалыңдығы 40 км жуық тропосферадан жоғары орналасқан қабат стратосфера деп аталады. Ол жердегі ауа сиретілген және ылғалдылығы жоғары емес. 30 км-ға дейін температура тұрақты, 500 С жуық, сосын 50 км-де +100 С дейін жоғарлайды. Стратосферада атмосфералық озонның (озон қабаты) негізгі бөлігі жиналған және дәл осы жағдай температураның жоғарлауына ықпал етеді. Сондықтан, озон қабаты Күннің ультракүлгін сәулелерін сіңіреді және атмосфераның жылынуын тудырады.
Озон қабаты өте жұқа болып келеді. Егер осы газды Жердің бетінде жинастырса, онда ол қалыңдығы 2-4 мм болатын қабықша түзер еді және ол қабықша бізге қорғаныс бола алады. Озон қабатының бұзылу мәселесі жаһанды мәселе болып табылады және дүние жүзі бойынша көп көңіл бөлінуі қажет.
Стратосферадан кейін 50 км-ден аса биіктікте мезосфера орналасқан және ол жерде температура қайтадан төмендейді. 80 км жуық биіктікте ол 700 С тең. Мезосферадан кейін одан жоғары (жер бетінен 80 км астам) термосфера орналасқан, оның белгілі жоғарғы шегі болмайды және температурасы жоғарлап, 500-600 км биіктікте +1600° С жетеді. Бұл жерде газдар сиретілген, молекулалар бір-бірімен сирек соқтығысады және бұл зонада болатын дене жылуын тудырмауы мүмкін. Бірақ, атмосфералық қысым биіктеген сайын азаяды. Басқа сөзбен айтқанда, ауа биіктікке байланысты аса сиретілген болады, атмосфераның 90 % массасы жер бетінен 16 км биік арақашықтықта шоғырланған.
Соңында Жерден ең алыс 800-1600 км орналасқан экзосфера болып табылады. Ол жерде әлі газдар табылады және атомның космоска кемуі (негізінен сутегі мен гелий) байқалады.
Атмосфералық ауа сарқылмайтын ресурс болып қарастырылады, бірақ атмосфераның ластануының нәтижесінде ортаның өмір сүру жағдайы айтарлықтай нашарлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет