Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерi өнеркәсіптің нақты процестері мен салалары үшін ең озық қолжетімді технологиялар енгізу негізінде белгіленеді. Эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтері техникалық регламенттерде белгіленеді және кешенді экологиялық рұқсаттардың негізі болып табылады.
Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтерi ЛЗ ШРШ және ЛЗ ШРТ қоршаған орта сапасының нормативтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететіндей шартпен әрбір шығарынды көзіне және тұтас кәсіпорынға есептеулер негізінде белгіленетін эмиссиялардың шамалары болып табылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері қоршаған ортаға эмиссияларға арналған рұқсаттар беру кезінде, нормативтердің есептеу мәндерін, табиғат пайдаланушылардың ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің жол берілетін шекті нормативтері деңгейіне жету жоспар-кестелерін, жылжымалы және стационарлық шығарынды көздері, технологиялық процестер мен жабдықтар үшін эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтерінің белгіленген мәндерін қамтитын жобалар құрамында пайдаланылады. Ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің белгіленген жол берілетін шегінің қолданылу мерзімі нормативтері бар жобаларға берілген МЭС қорытындыларының қолданылу мерзімімен айқындалады.
Эмиссиялар нормативтерін айқындау тәртібi Эмиссиялар нормативтерінің жобалары шаруашылық және өзге де қызметтің ҚОӘБ құрамында не жекелеген құжаттар түрінде негізделеді. Эмиссиялар нормативтерін әзірлеуді ҚОҚ саласындағы жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Жекелеген көздер бойынша эмиссиялар нормативтері эмиссиялардың техникалық үлестік нормативтеріне теңестіріліп белгіленеді не ҚО сапасының нормативтері негізінде есептеу арқылы айқындалады. Эмиссиялар нормативтерін есептеу арқылы айқындау әдістемесін ҚО қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. Эмиссиялар нормативтерін белгілеу кезінде қоршаған ортаның іс жүзіндегі ластануы ескеріледі. ҚО сапасы параметрлерінің фондық шоғырлануы жөніндегі деректерді ҚР гидрометеорологиялық қызметі жобаның тапсырыс берушісі немесе жобалау ұйымымен жасалған шарт бойынша табыс етеді. Жылжымалы көздерден туындайтын эмиссиялар нормативтері ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес, жылжымалы көздерге арналған техникалық регламенттерде шығарынды газдардағы атмосфералық ауаны негізінен ластайтын заттардың шекті шоғырлануы түрінде белгіленеді.