15.. 9-11 ғасырдағы Франция Француз корольдігінің қалыптасуының бастапқы кезеңі
843 жылы Каролинг империясы ыдырағаннан кейін жəне 870 жылғы Мерсен бітіміне сəйкес Францияны Германия мен Италиядан бөліп тұрған оның шығыс шекарасы, негізінен, үлкен өзендердің бойымен – Маастың төменгі жағалауы- мен, Мозельмен жəне Ронамен өтті. ІХ ғасырдың аяғында Сона мен Ронаның шығысында жоғарғы жəне төменгі бургунд корольдіктері құрылды. Аквитания іс жүзінде тəуелсіз болды да, Нейстрия мен Бургундияның солтүстік-батыс бөлігі ІХ ғасырда құрылған Бургунд герцогтігі Франциядағы соңғы Каролингтердің қол астында қалды.
Х ғасырда бұл аймақтардың жағдайы ауыр болды. Неміс жəне француз ка- ролингтерінің арасында өзара қырқысқан соғыстар жүріп жатты. Х ғасырда Ро- бертиндер мен соңғы Каролингтер арасында тақ үшін күрес жүріп жатты. Робер- тиндердің кейбіреулері король болып сайланды. 987 жылы ірі ақсүйектер мен дін басшылары Робертин Гуго Капеттаны король етіп сайлады. Француз тағы осы уақыттан бастап ХVІІІ ғасырға дейін Капеттаның ұрпақтарының қолында бол- ды. Біржолата ыдыраған Каролинг империясынан Франция корольдігінің бөлініп шығуы осы ел тарихындағы саяси маңызды сатылардың бірі болды.
Француз корольдігінің пайда болуы. Француз корольдігінің негізін 843 жы- лы Верден келісімшарты қалады. Келісім бойынша, Франк мемлекеті Людовиг Благочестивыйдың ұлдарының арасында бөліске түсті. 855 жылы Лотарь өлген- нен кейін оның корольдігі ыдырады: императорлық титулы бар үлкен ұлы Лю- довиг Италия корольдігін, Карл оңтүстік-шығыс Галлияны, кіші ұлы Лотарь Ло- тарингия деп аталатын Солтүстік теңізі мен Вогезами аймағын иеленді. Франк мемлекетінің территориясы Ұлы Карл мұралығы ретінде түсінілгендіктен, мұра- герлердің біреуі өлген жағдайда шекара мəселесі қайта қаралып отырды. Əсіресе рулық поместьелердің жиынтығы Лотарингия көп талас-тартыс тудырды. 870 жы- лы Карл Лысый мен Людовиг Немецкий арасында Мерсен келісімі бойынша бө- лінген Лотарингия бұрынғы шекарасында қалыптастырылып, қолдан-қолға өтіп,
ақыр аяғында шығыс франк корольдігінің құрамына енді. Уақыт өте келе Фран- ция деген атауды иеленген батыс франк корольдігі 843 жылғы шекарасына келіп, осы қалпында ХІІІ ғасырдың ортасына дейін сақталды.
Француз корольдігінің этникалық құрамы өте күрделі болды. Елдің оңтүс- тік-батысында Гасконияда баскілер өмір сүрсе, солтүстік-батысында Бретанияда кельттер, солтүстігінде – Фландрияда герман тілдес фламандтар өмір сүрді. Х ға- сырдың басында Сенаның төменгі ағысын нормандар жаулап алды. Қалған терри- тория роман тілдес болды, бірақ оны екі халық өкілі мекендеді – солтүстік фран- цуздар жəне оңтүстік француздар немесе провансальдықтар. Екеуінің арасындағы шекара Пуатье сызығы Лион арқылы өтті. Испандық марканың тұрғындары тілі мен мəдениеті провансальдықтарға жақын каталондықтар болды.
Елдің саяси орталығы солтүстік-шығыста орналасты. Тұрақты астана бол- ған жоқ. Король ауласы бірде Ланада, Х ғасырдың аяғынан бастап Парижде тұ- рақтап жүрді. Шеткі аймақтарды басқару графтарға жəне олардың көмекшілері виконттарға тапсырылды. ІХ ғасырдың ортасына дейін олар мемлекет қызмет- керлері ретінде қалды. Сепаратизммен күресу үшін Каролингтер графтарды жер иеліктері жоқ территорияға тағайындауға тырысты. Графтардың қызметін қадаға- лайтын орталықтан тағайындаған мемлекеттік ревизорлар болды. Дегенмен жер иелігін қызмет территориясында алғаннан кейін графтар қарапайым монарх билі- гін орындаушыларға айналды. 877 жылы Карл Лысый бенфицийлерді мұралыққа беруге мəжбүр болды. Бұл шешімді бекіткен Кьерсен капитулярийі мемлекеттік қызметті мұралыққа беру жолындағы маңызды қадам болды.
ІХ ғасырдың аяғынан Каролингтер династиясы номинальді түрде ғана билік құрды. Іс жүзіндегі билік беделді солтүстік феодалдарының, əдетте нормандар- мен күресте көзге түскен париждік Робертиндердің қолында болды. 987 жылы магнаттар таққа осы рудың өкілі Гуго Капетаны отырғызды. Капетаның ұрпақта- ры Капетингтер елді 1848 жылға дейін биледі. Саяси əлсіздік, вассалдық-лендік жүйенің жойылуы король билігінің беделін түсірді.
Орталықтандыруға қарсы ұстаным, əсіресе романданбаған тұрғындардың арасында басым еді. Х ғасырдың басында Бретань, Гасконь, Нормандия іс жү- зінде тəуелсіз болды. Король билігімен тек солтүстік-шығыс қана есептесті. Бірақ бұл жердің өзінде Фландрия мен Шампанияның ірі графтары қарсылық көрсетті.
Гуго Капета мен оның мұрагерлерінің билігі өз доменімен ғана шектелді жəне ХІІ ғасырдың басына дейін территориялық жағынан ұлғайған жоқ. Король домені Париж бен Орлеан арасында шектеліп, кейін «Иль-де-Франс» деп аталды. Король вассалдары арасындағы қақтығыстарды шешіп отырды, өзге жағдайларда сеньор- лардың билігі дербес еді.
Солтүстік француз халқы мекендеген территорияда бірнеше ірі феодалдық иеліктер құрылды. Ла-Манштың бүкіл жағалауын Норманд герцогтігі алып жат- ты. Оның негізін қалаған нормандар солтүстік француз халқының тілі мен фран- цуз мемлекеттік мекемелерін тез қабылдады. Х ғасыр мен ХІ ғасыр аралығында норманд герцогтігі Ла-Манш жағалауындағы иеліктерін батыста Бретанияға де- йін, шығыста Соммаға дейін кеңейтті, Мэн графтығын өздеріне қаратты. Капе-тингтер жері Париж бен Орлеан айналасына топтасты. Оның шығысында Шам- пань графтығы, оңтүстік-шығысында Бургунд герцогтігі жатты.
Солтүстік-батыста кельт тұрғындары мекендеген Бретань, солтүстік-шығыс- та Фландрия герцогтігі болды. Солтүстік француз халқының тілі бұл графтықтар- дың тек оңтүстік бөлігіне ғана тарады. Провансаль халқының территориясында да ірі иеліктер орналасты. Пуату жəне Гаронна графтықтарының арасында Акви- тания герцогтігі, Гаронна мен Пиреней аралығында Гаскон герцогтігі, оның шы- ғысында Тулуз графтығы орналасты. Француз корольдігінің құрамына, сонымен қатар Пиренейдің араб иеліктерімен шекаралас орналасқан, Испан маркасы деп аталған Барселон графтығы да кірді.
Х-ХІ ғасырларда ірі феодалдар-герцогтер мен графтар бүтіндей тəуелсіз бол- ды. Алайда олар феодалдық иерархияның басында тұрған корольдің вассалы бо- лып есептелді. Францияда тілі жағынан туыстас болғанымен, екі халықтың орна- ласуы феодалдық бытыраңқылықты үдете түсті. Оңтүстік аймақтар ХІІІ ғасырға дейін Франция құрамына тек шартты түрде ғана кірді. Король, негізінен, солтүс- тік-француз халқының территориясының жоғарғы сюзерені болды. Король до- мендерінің аса құнарлы аймақтарға стратегиялық жағынан маңызды ірі екі өзен – Сена мен Луараның орта ағыстарына, сондай-ақ оңтүстіктен солтүстікке апара- тын құрлықтағы жолдарға үстемдік ететін Париж бен Орлеанда орналасуының Франция тарихы үшін маңызы зор болды.
Əлеуметтік-экономикалық дамуы. ІХ-ХІ ғасырлар аралығында норман- дардың, арабтардың, венгрлердің шапқыншылығы кезеңінде Франция террито- риясында мықты бекінген бекіністер көптеп пайда бола бастады. Бұл процесс соңғы жылдардың арнайы əдебиеттерінде «инкастелламенто» деп аталады. Бекі- ніс иелері шателендер өз қолдарына əкімшілік билікті жинақтады.
Сонымен, қарастырып отырған кезеңде барлық француз шаруалары бағы- ныштылыққа түсті. Осы кезеңде деректерде кездесетін «вилан», «колон», «серв» терминдері əлеуметтік сипаттың айырмашылығын көрсете алған жоқ.