23.Жүз жылдық соғыс (фр. Guerre de Cent Ans, англ. Hundred Years’ War) – бір жағынан, Англия мен оның одақтастарының, екінші жағынан, Франция мен оның одақтастарының арасында шамамен 1337 жəне 1453 жылдардың аралығында болған əскери қақтығыс. Бұрын ағылшын корольдеріне тиесілі болған құрлықтағы террито- рияларды қайтаруға деген ұмтылыс, Плантагенеттер династиясын, Капетингтермен туыстығын желеу ете отырып, француз тағына деген ұмтылысы қақтығыстың бас- талуына себеп болды. Сонымен қатар Франция 1259 жылғы Париж келісімі бойынша француздарға тиесілі Гиени территориясынан ағылшындарды ығыстырып шығаруды көздеді. Соғыстың алғашқы сатысындағы жетістігіне қарамастан, Англия өзінің түп- кі мақсаттарына қол жеткізе алған жоқ. Құрлықтан Англия иелігінде тек Кале порты ғана қалды. Оның өзіне Англия тек 1558 жылға дейін ғана қожалық етті.
Соғыс үзілістермен 116 жылға созылды. Шындығына келгенде, бұл соғыс қақтығыстар сериясы болды: біріншісі – Эдвардиан соғысы, 1337-1360 жылдар аралығына созылды; екіншісі – Каролинг соғысы, 1369-1389 жылдар аралығына созылды; үшіншісі – Ланкастер соғысы, 1415-1429 жылдар аралығына созылды; төртінші кезеңі 1429-1453 жылдар аралығын қамтыды. Бұл қақтығысқа жалпы сипат беретін «жүз жылдық соғыс» термині кейінірек пайда болды. Соғысты ағыл- шын королі ІІІ Эдуард бастады. Ол Капетингтер династиясынан шыққан француз королі IV Сұлу Филипптің шешесі жағынан немересі болып келетін. 1328 жылы Капетингтердің тікелей ұрпағы IV Карл қайтыс болғаннан кейін Саллий заңы бо- йынша VІ Филипп Валуаға тəж кигізді. Осы кезде Эдуард өзінің француз тағы- на деген құқығын жариялады. Осыдан басқа монархтар арасында экономикалық тұрғыда маңызды, сөз жүзінде ағылшын тағының меншігі, іс жүзінде Франция- ның бақылауындағы Гаскон аймағы үшін де алауыздық бар еді. Сонымен қатар Эдуард кезінде əкесі айырылып қалған территорияларды қайтаруды көздесе, VІ Филипп өз тəуелсіздігін мойындауды талап етті. 1329 жылы жасалған компро- мистік оммаж екі жақты да қанағаттандырған жоқ. 1331 жылы ішкі қиындықтарға кезіккен Эдуард Филиппті Франция королі ретінде танып, француз тағына деген құқығынан бас тартты. Ағылшындардың өзі Гасконьға деген құқығын сақтап қал- ды. 1333 жылы Эдуард Францияның одақтасы, Шотландия королі ІІ Давидпен со- ғысты бастады. Ағылшындардың бар назары Шотландияға ауғанын пайдаланған VІ Филипп, Гасконьяны өзіне қосу үшін қадамдар жасайтын сəт келді деп түсінді. Бірақ соғыс ағылшындар үшін сəтті болып, Халидон-Хилл түбінде шотландықтар талқандалып, Давид Францияға қашып келді. 1336 жылы VІ Филипп ІІ Давидті Шотланд тағына отырғызу үшін, екінші жағынан, Гасконьді қайтару үшін, Британ аралдарына əскер түсіруді жоспарлай бастады. Англия мен Франция арасындағы жауласушылық деңгейі өзінің шарықтау шегіне жетті. 1337 жылдың күзінде ағыл- шындар Пикардииге шабуылын бастады. Оларды Францияның оңтүстік батысын- дағы қалалар мен феодалдар қолдады