1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет16/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
джт билет

16.9-11 ғасырдағы Германия
843 жылы Франк державасы үшке бөлінгенде жаңа корольдікті де Ұлы Карлдың ұрпақтары биледі. Бірақ 919 жылы Шығыс Франк корольдігінде (болашақ Германияда) жергілікті шонжарлар осындағы князьдердің ең құдіреттісі – Саксо- ния герцогі Генрихті король деп жариялады. Сөйтіп, «бөтен» франк əулетін жергі- лікті əулет алмастырды. Генрихті король етіп сайлағаннан кейін, Еуропаның кар- тасында жаңа мемлекет – Германия корольдігі пайда болды.
843-880 жылдары Каролинг империясының шығыс бөлігі саяси жағынан жекешеленді. Шығыс Франция деп аталған корольдіктің тағын Каролингтер үйінің мұрагерлері иеленді. Олар Батыс франк корольдігімен бақталастықта өмір сүрді. 876-888 жылдары «шығыс» Каролингтердің бірі ІІІ Карл батыс франк тағына ша- қырылды. Кейін өзіне Солтүстік Италияны бағындырып, аз уақытқа Ұлы Карл империясын біріктірді. Шығыс Франк мемлекетінің көптеген билеушілері Рим- ге жорық жасап, Ұлы Карл қалаған дəстүр бойынша император титулын алуға тырысты. Империяның өзге жерлерінен шығыс франк корольдігінің ерекшелігіне келсек, біріншіден, романдық емес, германдық диалект басым болды. Екіншіден, Италия мен Рейннің батысындағы территориялармен салыстырғанда шаруашы- лығы мен қоғамдық қатынастары архаикалық түрде еді. Феодалдану процесі бас- тапқы сатыда болды. Ірі герман герцогтіктері Саксония жəне Бавария қалыптасқан тайпалық бірлестіктер еді. Басында жергілікті ақсүйектермен герцогтер тұрды. Тюрингілер тайпасының негізінде герцогтік қалыптасқан жоқ, себебі тюрингтер саксон герцогтерінің қол астына түсті. Швабия герцогтігі қалыптасқанымен, тұр- ғындары аламандар, баварлар мен сакстерге қарағанда тайпалық бірлестікке қол жеткізе алған алмады. Лотарингия герцогтігі тайпалық сипатты иеленген жоқ. Лотарингия таза саяси комбинациялар мен бөлістердің нəтижесінде қалыптасты, этникалық негізі қалыптаспаған, батыс территориясында германдық емес, роман- дық территориялар басым болды. Майн өзенінің бойында Франкон герцогтігі бол- ды. Майн Меровингтердің кезінде де франктердің ыңғайлы жолдары еді. Аламан, баварлар араласқан тайпаларды көрші халықтар «франктер» деп атады, олардың жері Франкония болып аталып кетті. Архаикалық тəртіптері бар фриз тайпалары теңіз жəне кеме ісінің жақсы дамуына əсер етті. Елдің оңтүстігі мен батысында, яғни каролингтік мұра басым территорияда əлеуметтік жіктеліс жəне феодалдану процесі Х-ХІ ғасырларда біршама жетістіктерге жетті.
Шығыс франк корольдері, герцогтер викингілерден өз жерлерін қорғап қала алды. Шығыс франк корольдігінің Каролингтер династиясынан шыққан ақырғы билеушісі қайтыс болғаннан кейін, алғаш рет жергілікті ақсүйектік ру франкон гер- цогі І Конрад (911-918) сайланды. Конрад қайтыс болғаннан кейін Германияның екі жақсы дамыған герцогтігі Бавария мен Саксония өкілдері қатар сайланды. Тақ ақыр аяғында Саксон герцогі Генрихтің қолында қалды. І Генрих таққа отыруы- нан герман корольдігінің тарихын бастауға болады. І Генрих (919-936) корольдікте тыныштық орнатуға қол жеткізді. Бұл мақсаты жолында ол герман ақсүйектерінің қолдауына сүйенді. Ақсүйектердің қолдауымен Лотарингияны Шығыс Франк ко- рольдігінің пайдасына шешті. Генрих шіркеумен қарым-қатынасты реттеп, гер-ман тайпаларын біріктіріп, венгрлерге тосқауыл қоя білді. Ауыр қаруланған атты əскер ұйымдастырды. Атты əскердің пайда болуы, феодалдық ақсүйектердің қа- лыптасу жолы герман қоғамындағы əлеуметтік қатынастардың өзгерісіне əкелген маңызды өзгеріс еді. Мадьярлардың шабуылынан герман жері көп зардап шекті. Король Генрихтің бірінші қолға алғаны венгрлерден Германияны қорғау болды.
І Генрихтің ұлы І Оттон (936-973) əкесінің саясатын жалғастырып, мадьярлар- ға тойтарыс берді. 955 жылы неміс жəне чехтардан құралған атты əскер Аугусбург маңында венгр əскерін жеңді. Оттонның тұсында қуатты неміс атты əскері жасақ- талды. Сол кездегі Еуропаның басқа елдеріндегі сияқты мұның да негізгі күші ауыр қаруланған атты əскер болды. Атты жауынгер жақсы қаруланып, кез келген уақытта жорыққа дайын тұруы үшін оған бірнеше шаруа, кейде бірнеше қыстақ қызмет етуі тиіс еді. Жаңа атты əскерге ие болған І Оттон венгрлермен шешуші шайқасқа дайындала бастады. 955 жылы Баварияның Лех өзеніндегі қиян-кескі ұрыста венгрлер күйрей жеңілді. Бұдан соң олар Еуропаға шапқыншылығын тоқ- татты. Ешкім бетін қайтармаған жауды жеңгеннен кейін І Оттон өзін Еуропадағы ең күшті король ретінде сезінді. Сондықтан ол Ұлы Карлдың үлгісімен Римде тəж киіп, императорлық дəреже алғысы келді. Бұл жаңа корольдіктің Рим импе- риясы мен Ұлы Карл империясының мұрагері болып табылатындығын көрсетер еді. Оттонның жоспарына ешкім көлденең тұрған жоқ. Батыс Франк корольдігін- де əлі билік құрып жатқан Ұлы Карлдың ұрпақтарының əлсірегені сонша, өзде- рінің герцогтері мен графтарын бағындыра алмай жүрді. Дегенмен Оттон қалған мəселеде əкесі қалыптастырған дəстүрлерден алшақтап кетті. І Оттон корольдің герцогтерден артықшылығын үнемі негіздеп отырды. 951 жылы І Оттон Альпінің арғы жағына алғаш рет бет түзеді. Бұл жолы Римге жете алған жоқ, бірақ Италия патшалығының заңды мұрагерін тұтқыннан босатып, оған үйленіп, Италияның жергілікті ақсүйегі атанды. 962 жылы Рим папасы ХІІ Иоан шақыруына сүйенген І Оттон еш кедергісіз бүкіл солтүстік Италиядан өтіп, Римге келді. «Мəңгілік қа- лада» Оттон салтанатты түрде император титулын иеленді. І Оттонның замандас- тары бұл церемониядан ескі франк дəстүрінің жандануын ғана байқады. Іс жүзін- де осы кезеңнен жаңа герман империясының тарихы басталады. Оның құрамына Германия мен Солтүстік Италия кірді.
І Генрих көбіне ақсүйектерге сүйенсе, Оттон жəне оның ізбасарлары елді басқаруда, негізінен, шіркеуге сүйенді. Отон үнемі империяның шіркеуі мен мо- настырьларына жер иеліктерін беріп, артықшылықтармен қолдап отырды. Епи- соптық пен аббаттыққа өзіне адал адамдарды тағайындады. Король тағайындаған прелаттар империя мүддесіне ақсүйектік қызметтерді де орындады. Корольдің қо- лында жоғарғы шіркеулік қызметтер жинақталғандықтан, шіркеу басшысы ретін- де герман королі танылды. Императорға бағынған, оның билігінің негізін құраған шіркеулік ұйым тарихнамада «императорлық шіркеу» деген атау алады.
ІІ Оттон (973-983) əкесінің саясатын жалғастыруға тырысты. Италияның оң- түстігін жаулап алуға деген ұмтылысы сəтсіздікке ұшырады, арабтардан қатты жеңіліп, византиялықтарға тұтқынға түсе жаздады. І Оттон ұлы ІІ Оттонды Ви- зантия ханзадасы Феофанаға үйлендірді. ІІ Оттон қайтыс болғаннан кейін Феофа- на империяны 7 жыл биледі. Шыққан тегі бойынша жартылай сакс, жартылай грек өзін «Ұлы Карл мен Византия василевстерінің мұрагері» ретінде есептеген ІІІ Оттон (994-1002) өз заманына сай білімді адам болды. Таққа отырысымен Италияға келіп, импера- тор титулын иеленді. Оған император тəжін кидірген – Рим папасы V Григорий. ІІІ Оттон Римде тұрақты резиденциясын қалыптастырды. Барлық герман импера- торлары сияқты ІІІ Оттон өз империясын ежелгі Рим державасының жалғасы деп есептеді, бүкіл христиан əлемінің Рим империясының қол астына бірігуін арман- дады. Əрине, дүниежүзілік христиан империясы туралы арманды жүзеге асыру мүмкін емес еді. Сонда да герман императорлары өз империясын «Рим», кейінірек «Қасиетті Рим империясы» деп атады. Қасиетті Рим империясы бүкіл орта ғасыр- лар бойы өмір сүрді.
ІІІ Оттон Рим папасын бақылауында ұстағысы келді. Папа V Григорий өлген- нен кейін ІІ Сильвестер Рим папасы ретінде тағайындалды. ІІІ Оттонның «Рим империясын» құру идеясы герман ақсүйектері мен итальян нобилитеттерінің арасында келіспеушіліктер туғызды. Ақыр аяғында Римде наразылық басталды, ІІІ Оттон қаладан қашып шығуға мəжбүр болды. ІІІ Оттон 22 жасында артына мұрагер тастамай қайтыс болды. Король тəжі Саксон династиясының «қосымша бұтағы» ІІ Генрихке өтті.
Германиядағы феодалдану процесінің ерекшеліктері. ІХ ғасырда Батыс Франк мемлекетінде жерге феодалдық меншік орнап, феодалдық қарым-қатынас- тар қалыптаса бастаған кезде, Рейннің шығыс бетін мекендеген Королинг импе- риясы ыдыраған соң батыс Франк мемлекетінің құрамына енген герман тайпала- ры Х-ХІ ғасырдың бас кезінде ғана феодалдық қатынастардың қалыптасу кезеңін басынан өткере бастады. Х-ХІ ғасырларда Германияда феодалдану процесі баяу дамыды. Феодалдық вотчина үстемдік етті. Ірі жер иелері феодалдық қатынастар- ға тартылғанымен, толық қамтылған жоқ, ерікті қауымдастықтардың белгілі тобы сақталып қалды. Əлі де болса, аллодтық жерлер болды. Аллод толық мəнінде фео- далдық меншік иелеріне айналған жоқ, тəуелді шаруалар еңбегін қанау олардың шаруашылығының негізі емес еді. Германиядағы феодалдану процесінің Х ғасыр- дың бас кезінде аяқталмағанын оның саяси ұйымдарынан да аңғаруға болатын. Графтық қызмет жəне жергілікті басқару жүйесі əзірше феодалдандырылмаған, көптеген аймақтарда ескі соттық жəне əскери ұйымдар сақталып келді, феодал- дық иерархия ақырына дейін қалыптасқан жоқ. Елдегі феодалдану процесінің аяқталмауына байланысты Германияның əлеуметтік-саяси өркендеуінің өзіндік бір ерекшелігі алғашқы феодалдық мемлекеттің баяу қалыптасуында еді. Осының бір көрінісі ретінде Х ғасырдың бас кезінде Германия территориясында тайпалық Саксония мен Тюрингия, Франкония, Швабия жəне Бавария герцогтіктерінің сақ- талғанын айтуға болады. Ірі феодалдық жер иеленушілерге айналған герцогтер өз билігін нығайту мақсатында ежелгі тайпалық туыстық байланыстарын пайда- ланып отырды. Бұл Германияның тарихи өркендеуіне кедергі болған тайпалық бытыраңқылықты сақтауға итермеледі.
Германиядағы Каролингтер династиясы жойылғаннан кейін 911 жылы ко- рольдікке тайпалық герцогтердің бірі І Конрад Франконский сайланды. І Конрад өлгеннен кейін герцогтер арасында үкімет билігі үшін талас басталды. Соның нə-тижесінде 919 жылы екі бірдей король саксондық Генрих жəне баварлық Арнульф сайланды. Герцогтердің сепаратистік ұмтылыстарына қарамастан, Германияда ко- рольдік үкіметті күшейтуге объективті алғышарттар бар еді. Ең алдымен, ол елде- гі феодалдану процесінің аяқталмауына негізделетін. Қауымдық жерлерді тартып алу жəне ерікті қауымдықтарды өзіне бағындыру үшін күшті корольдік үкіметті аңсайтын, үкіметтің нығаюына мүдделі, орта жəне ірі аллодистер қажет еді. Со- нымен бірге шіркеулік жердің көлемін ұлғайтуға ынталы монастырьлар мен епис- коптықтар да корольдік үкімет тарапынан көмек көрсетілуіне мұқтаж еді. Екінші жағынан, Германияның саяси бірлігі осы кездегі сырттан төнген қауіп жағдайын- да аса қажет болды. ІХ ғасырдың аяғында Германия нормандар шапқыншылығы- ның аренасына айналса, Х ғасырдың басында Паннонияға қоныс тепкен венгрлер- дің шапқыншылығына ұшырады.
Германиядағы корольдік үкіметті күшейтуге объективті алғышарттарды Сак- сония династиясының (919-1024) корольдері пайдаланды, олардың алғашқы өкіл- дері І Генрих пен І Оттон шын мəнісінде германдық алғашқы феодалдық мемле- кет қалыптастырды.
І Генрих (919-936) өзінің шебер саясатымен Франциядағы феодалдық алауыз- дықтарды пайдаланып жəне лотарингиялық феодалдардың да бір бөлігіне арқа сүйеп, француздық ленге айналған Лотарингияны өзіне қосып алды. Венгрлер шапқыншылығына қарсы күрес табысты жүріп жатты. Венгрлерге қарсы күрес- те бекіністер салу жəне ауыр қару-жарақты атты əскерлер құру маңызды болды. Венгрлермен соғыстағы тұңғыш жеңіс 933 жылы Саксония мен Тюрингия ше- карасында болды. 955 жылы Аугусбург түбіндегі Лех өзенінің бойында болған шешуші шайқаста венгрлер түпкілікті жеңіліп, олардың Германияға шапқыншы- лығы біржола тоқтады.
Оттондық шіркеулік саясат. Сыртқы жаулармен күресте қол жеткен табыс- тарына қарамастан, елдегі корольдік өкімет жағдайы тұрақсыздық күйінде қалып келді. Корольдік өкіметтің елді бір орталыққа бағындыру саясатына тайпалық герцогтер табандылықпен қарсылық көрсетті. І Генрих герцогтердің ішкі істеріне қандай да болмасын қол сұғудан бас тартқаннан кейін ғана, олар І Генрихтің ко- рольдік атағын мойындады.
Тайпалық герцогтердің сепаратистік ниеттерін тұншықтыру жəне орталық өкіметтің беделін нығайту үшін жергілікті жерлерде корольдік өкіметтің саяса- тын жүргізуге қабілеті жететін, оның сенімді тірегі бола алатын тиімді басқару огандарын құру қажет еді. І Оттон бұл мақсаттарды шіркеумен одақ құру арқылы жүзеге асырмақ болып əрекеттенді. Оттондық шіркеулік саясаттың мəнісі шір- кеуді мемлекет мүддесіне қызмет еткізуге ұмтылушылық еді. Корольдік өкімет пен шіркеу одағының материалдық базасы корольдің шіркеулік мекемелерге ора- сан көп жер бөліп беруі болды, Х ғасырда осылайша бөлінген жердің басым көп- шілігі І Оттон мен оның баласы ІІ Оттон тұсына тап келген.
Шіркеуге жер сыйлау арқылы шіркеу ірі иммунитет иеленген феодалға айналды. Шіркеулік иммунитеттік округтерде шіркеу сотынан басқа қандай да болмасын сот құрылуына тыйым салынды. Оттондық иммунитеттік артық- шылықтар шіркеулік мекемелерге кең өрісті мемлекеттік өкілеттілік құқы-ғын берді, оларды мемлекеттің аса маңызды атқару органдарына айналдырды. Шіркеулік мекемелерге, епископтықтар мен империялық жəне корольдік аб- баттықтарға меншігіндегі жерлерден əлдеқайда тыс жатқан белгілі бір терри- ториялардан «корольдік банн» деп аталатын жер бөлінетін. «Корольдік банн» – мемлекеттік қызмет пен корольге жəне оның қарамағында қызмет істейтін адамдарға берілген өкілдіктердің (соттық, əскери, əкімшілік, т.б.) жиынтығы деген мағына береді.
Шіркеулік мекемелерге корольдік банн берілген территориялар «бандық округтер» деп аталады. Бандық округтер көлемі каролингтік графтықтармен пара-пар болатын жəне герцогтердің қандай да болмасын қол сұғуынан қор- ғалатын.
Шіркеуге асқан мырзалықпен жер иелену жəне саяси құқықтарын берген І Оттон оларды мықты бұғаумен тақ мүддесіне қызмет ету құралына айналды- руға əрекеттенді. Бүкіл епископтық жəне аббаттық қызметтер іс жүзінде король- дің қолында болды. Діни адамдар бұл қызметтерге тек үміткерлерін ұсынушылар ғана еді, оны бекіту құқығы тек корольдің қолында болды. Епископтың немесе империялық аббаттардың орны босап қалған жағдайда сол епископтықтың неме- се аббаттықтың жерінен түсетін барлық табыс тікелей корольдің өз қазынасына түсетін, сондықтан бұл қызметтерге адам тағайындауға асықпайтын. Корольдік өкіметтің қызметіне қойылған жəне оның басты тірегі болып саналатын шіркеулік ұйымдар «императорлық шіркеу (Reіchkіrche)» деп аталған.
Герман корольдерінің итальяндық саясаты жəне Герман империясының құрылуы. І Оттонның шіркеулік саясаты Италияны басып алу жəне Ұлы Карл тұсындағыдай империя құру жоспарымен байланысты еді. Корольдік өкіметтің итальяндық саясатынан бай итальян жерін тонау арқылы баюдың тиімді жолын көріп отырған неміс феодалдарының басым көпшілігі І Оттонның бұл əрекетін қуана қостады.
Басқыншыларға тойтарыс беру үшін бірігіп кете алмаған, саяси жағынан бы- тыраңқы Италия əртүрлі феодалдық топтардың күресінің объектісіне айналып, терең құлдырауға ұшырап, І Оттонның жоспарын жүзеге асыруды жеңілдетті. І Оттон немістің діни феодалдарының көмегіне сүйеніп, 951 жылы Италияға тұң- ғыш жорығын жасады, Солтүстік Италияны (Ломбардия) басып алды, І Оттонның өзі «лангобардтықтар королі» атағына ие болды. 10 жыл өткеннен кейін папа мен итальян феодалдарының кезекті күресін пайдаланып, Италияға жаңа жорық жа- сайды. 962 жылы Римде Папа І Оттонға император тəжін кигізді. І Оттон мен Рим папасы арасында келісімге сəйкес Оттон папаның Италиядағы жерге иелік ету талабын мойындап, бірақ ол қоныстардың ең жоғарғы иесі герман императоры екендігін жариялаған. Папаның императорға ант беруі міндетті болды, ал мұның өзі папалықтың империяға бағыныштылығының белгісі еді.
Сөйтіп, 962 жылы герман императоры тұрған «Рим империясы» пайда болды. Сырттай қарағанда Каролинг империясы қайта орнағандай болғанымен, іс жүзін- де өзгешеліктері көп еді. Германия мен Италияның бір бөлігін ғана емес, бірқа- тар славян жері мен Францияның оңтүстік жəне солтүстік бөлігін біріктірген бұл империя, көлемі жағынан Каролингтер империясынан кіші болды. Империяның құрамына феодалдану процесі баяу дамыған аймақтар енді. Империядағы өкімет билігі қарудың күшімен жүргізілетіндіктен, аймақтардың бірлігі болған жоқ.
Х ғасырда І Оттоннан бастап герман императорлары өздерінің билік құруы- ның басым бөлігін Италияда өткізді. Корольдік орталығының Германияда бол- мағандығы неміс феодалдарына тиімді болды. Батыс жəне Орталық Еуропада феодалдық қарым-қатынастардың қалыптасу процесі аяқталған кезде, этника- лық бірлігі, тұрақты экономикалық негізі жоқ герман империясы өзінің ішкі жəне сыртқы əлсіздігін көрсетті.
Инвеститура үшін күрес. Франкондық династияның алғашқы корольдері ІІ Конрад жəне ІІІ Генрих орталық өкіметтің позицияларын жаңа əлеуметтік жағ- дайларға бейімдеп сақтап қалуға тырысты. Конрад вассалдар ленін тəркілеуге тыйым салды, ұсақ феодалдар тобына сүйенді. ІІІ Генрих жекеленген феодалдар- дың қарамағындағы монастырьлармен жақындаспақ болды. Алайда бұл шаралар герман империясындағы саяси дағдарысты тоқтата алмады. Дағдарыстың шарық- тау шегі ІV Генрих патшалық құрған кезде болды. Осы уақытта итальян феодал- дарының экономикалық жағынан мықты топтары мен бірқатар итальян қалалары жақтаған немістің феодалдары арасындағы одақ қалыптасты.
ХІ ғасырдың 70-жылдарында император мен Папа арасындағы инвеститу- ра мəселесі төңірегінде саяси дағдарыс ашық күреске ұласты. «Инвеститура» жерге иелік енгізу, сеньордың өз вассалына феод беру актісі болып есептелетін. Епископтықтар мен аббаттар жағдайында инвеститура жаңа епископпен аббат- тың тиісті шіркеулік мекеме жеріне жəне оның адамдарына қожалық ету ғана емес, сонымен бірге оған діни атақ белгілеуді көздейтін. Соның белгісі ретінде сақина мен аса таяқ тапсырылатын. І Оттоннан бастап герман императорлары епископтықтар мен аббаттықтарға инвеститура жүргізетін болған жəне бұған өз өкіметінің аса маңызды тірегі ретінде қараған. Бұрын бұл тəртіпке бағынып кел- ген папалар ХІ ғасырдың екінші жартысында императордың инвеститура жүр- гізу құқығына таласты. Инвеститура үшін күрес аса шиеленісті жəне ұзаққа со- зылып қоғамдық дамудың барлық бөлігін қамтыды. Бұл күресте Папа қолдауды клюнийліктер қозғалысынан тапты. Клюнийлік қозғалыс немістердің арасын- да кең тарады, корольдік өкіметке қарсы оппозицияны күшейтті. Монах Гиль- дебрандт Клюнийлік талаптардың жақтаушысы болды. 1059 жылы латерандық шіркеулік жиында папа сайлаудың жаңа тəртібін белгіледі. Жиынның шешімі бойынша, Папа құзырына сырт тараптан ешкімге қол сұқтырмай, діни қызмет- терді тек Папаның қолынан алып, шіркеудің жоғарғы қызметіне кардиналдар сайлауға тиісті болды.
Оттондық өркендеу. Оттонның билік құрған жылдары мəдениет пен бі- лімнің жандану жылдары болды. Жандану «Каролингтік өркендеу» дəстүріне сүйенді. Византия мəдениетінің ықпалы жоғары болды. Германиядағы білім мен мəдениеттің орталығы ірі аббаттықтар еді. «Оттондық өркендеу» «Каролингтік өркендеумен» салыстырғанда əлсіз болса да, бірталай жетістіктерге қол жеткіз- ді. Осы кезеңде Видукидтің «Сакстер тарихы», Титмардың «Хроникасы» дүниеге келді. Бұл тарихи шығармалар герман империясының тарихына қатысты маңыз- ды мəліметтер береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет