1 «Орта ғасырлар» термині. Батыс Еуропа орта ғасырлар тарихының кезеңдері Ерте орта ғасырлар 5-11 ғасыр Сөз ортағасырлық латын тілінен бастау алады орта аевум «орта ғасыр»



бет26/28
Дата16.12.2022
өлшемі129,16 Kb.
#57612
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
24.ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Англия
Норман жаулап алушылығы жəне Англиядағы феодализм- нің дамуына ықпалы. 1066 жылы Вильгельм əскері Англияға ен- ді. Англияны жаулап алу 1066 жылы нормандардың Гастингс тү- біндегі ұрыстағы жеңісінен басталды. Осы жеңістен кейін герцог Вильгельм Англия королі болды. Вильгельмнің жергілікті феодал- дық ақсүйектерді бағындыруы 1070-1075 жылдары аяқталды. Анг- лияны жаулап алу барысында феодализмнің классикалық түрлері, əскери-лендік жүйе, мықты король билігімен орталықтандырылған мемлекет қалыптастырылды. Мемлекет құрлықтық Еуропа саяса- тына тартылып, Скандинавиямен дəстүрлі байланысы нашарлап кетті. Жаулап алушылық ағылшын мəдениеті мен тіліне де ықпал етті. Солтүстік француздық мемлекеттік жəне əлеуметтік инсти- туттардың англо-саксон құқықтық дəстүріне жақындасуы ХІІ ға- сырдың ортасына дейін өмір сүрген ағылшын-норман жүйесінің қалыптасуына алып келді. Бұл өз кезегінде ортағасырлық ағылшын мемлекетінің негізін қалыптастырды.
Х ғасырды Англия скандинавия викингтерінің шабуылына тап болды. Англо-саксондар королі ІІ Этельред, викингтермен күрес- те өзіне қолдау табу үшін 1002 жылы норманд герцогі ІІ Ричард- тың қарындасына үйленді. Дегенмен ІІ Этельредке нормандтардан ешқандай көмек болмай, 1013 жылы Нормандияға қашуға мəжбүр болды. 1016 жылы Англияның барлық территориясын викингтер жаулап алды да, Ұлы Кнуд король болып, өз билігіне Англияны, Данияны, Норвегияны біріктірді. ІІ Этельред 30 жыл қуғында бол- ды, 1042 жылы ғана оның үлкен ұлы Эдуард Исповедник ағыл- шын тағын қайтарып ала алды. Нормандияда тəрбиеленген Эдуард мемлекеттік жүйеде үстемдік құрушы ағылшын-дат ақсүйектеріне қарсы тұру үшін нормандарға сүйеніп отырды. 1051 жылы бала- сыз Эдуард норман герцогі Вильгельмді өзінің мұрагері ретінде жа- риялады. 1066 жылы Эдуард Исповедник қайтыс болғаннан кейін,Вильгельм Нормандский ағылшын тағына деген өзінің құқығын қорғау жолына шықты. Екінші жағынан ағылшын тағына деген құқығын Норвегия королі «Қатал» Харальд та жариялады.
Англо-саксон мемлекетінің əскери қорлары айтарлықтай ірі болғаны- мен, нашар ұйымдастырылды. 1066 жылы король Гарольдтің, тіпті тұрақты флоты да болған жоқ. Жаяу əскерінің негізін хускарлар жəне эрлдар құрады. ХІ ғасырдың ортасына қарай 3000-дай король хускарлдары мен 400-500 жа- уынгерден тұратын эрлдың жасағы болды. Осылармен қатар Гарольдте əске- ри қызметкер ақсүйектер – тэндар жəне шаруа жасақтары – фирдтар болды. Толық құрамын алып қарасақ, англосаксон əскері, Батыс Еуропадағы ең ірі əскер болуы мүмкін. Дəл уақытында əскерді жинақтай алмау, ұзақ уақыт ұрыс бола қалған жағдайда көмек беру шаралары, қорғаныс құрылымын атқаратын бекіністердің аз болуы, сол заманның алдыңғы қатарлы соғыс өнерін жақсы меңгермеуі, атты əскер мен садақшыларға өз деңгейінде көңіл бөлмеу сияқты мəселелер англосаксон қарулы күштерінің басты кемшілігі болды. 1060 жылға дейін Вильгельм, француз жəне анжуй қаупінен шекараны қорғау сияқты мə- селемен басын қатырса, 1060 жылдан бастап, сыртқы экспансияға мүмкіндік туды. Норманд герцогінің жақсы үйретілген əскери күшінің негізін салт атты рыцарьлар құрады. Садақшыларға да көп көңіл бөлінді жəне əскердің басым бөлігін жалдамалылар құрады.
Норвегтердің Англияға енуі 1066 жылы басталды. Барондар мен герцогтердің жиналысында соғысқа рұқсат алғанымен, олардың күші ұзаққа созылған соғыс үшін аздау еді. Бірақ Вильгельмнің əскерінің құрамына Фландриядан, Аквита- ниядан, Бретаниядан, Мэннен жəне Оңтүстік Италияның князьдықтарынан ры- царьлар келіп қосылды. Вильгельм, сонымен қатар император мен Рим папасы ІІ Александрдың қолдауына сүйенді. Папаның қолдауы Вильгельмнің өз жоры- ғына «қасиеттілік» сипатын беру үшін аса қажет еді. 1066 жылы дайындық аяқ- талғаннан кейін 12 қырқүйекте Ла-Манштан өтуге табиғи жағдайлар кедергі кел- тіргендіктен, Вильгельм əскерін Див, Сомм өзендері арқылы өткізіп, Сен-Валери жеріне түсірді. Норманд əскерінің жалпы саны қазіргі зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, 7-8 мың адамды құраған, оларды алып өту үшін 600 кемеден жабдық- талған флот ұйымдастырылды.
Соғысқа ағылшын королі де дайындала бастады. Англияның оңтүстік-шы- ғыс аймағынан əскер жинақтап, оңтүстік шекараға орналастырды. Корольдің өзі басқарған флот қалыптастырыла бастады. Бірақ қырқүйек айында азық-түліктің жетіспеуі салдарынан король флоты таратылып жіберілді. Ағылшын королі оң- түстіктегі өз позицияларын тастап, солтүстікке қарай жылжыды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет