Аллергия- деп организмнің өз тіндерінің бүліністерімен сипатталатын, кейбір бөтен текті заттарға оның өзгерген, бұрмаланған түрде иммундық жауап қайтаруын айтады. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, аллергия мен иммунитет бір тетіктермен дамиды, тек аллергия кезінде лаброциттерден медиаторлар, иммунитетке қарағанда, әлдеқайда көп мөлшерде шығарылады және сау ағзалар мен тіндердің бүліністері байқалады. Аллергия организмде қабынуға, тегіс салалы еттердің жиырылуларына, некрозға, сілеймеге және басқа өзгерістерге әкеледі. Этиологиясы. Аллергияның себебі болып, организмде сұйықтық немесе жасушалық иммундық жауап туындататын антигендік қасиеттері бар көптеген заттар есептеледі. Олар аллергендер деп аталады. Аллергендер болып толық антигендер (бөгде нәруыздар, күрделі қанттар, липополиқанттар, полипептидтер т. б.) және шала антигендер есептеледі. Толық антигендер - деп тектік бөтен ақпараты бар және организмге енгенде арнайы иммундық серпілістер дамуына әкелетін заттарды айтады. Шала антигендер – деп меншік тін нәруыздарына байланысқаннан кейін олардың антигендік қасиетін өзгертетін қарапайым химиялық топтарды - айтады. Бұл антигендерге иммундық арнайылылық беретін химиялық топтарды гаптендер дейді. Аллергендер сырттан енетін экзогендік және организмнің өзінде болатын эндогендік болып ажыратылады. Экзогендік аллергендерге: ● өсімдік тектес (олардың тозаңдары, жемістері, сабақтары); ● жануарлар тектес (қан сары суы, жүн, түбіт, қайызғақ, шаш, т. б.); ● тұрмыстық (үй тозаңы, әсемдік бұйымдар, кір жуатын ұнтақтар т. б.); ● тағамдық заттар (құлпынай, жұмыртқа, жаңғақ, сүт т.б.); ● өндірістік заттар (никель, мырыш, хром т.б.); ● дәрі-дәрмектер (антибиотиктер, витаминдер т.б.); ● бактериялар, вирустар, майда саңырауқұлақтар т. б. жатады. Бұлар организмге тыныс алу, ас қорыту жолдарымен, тері, шырышты қабықтар арқылы және екпелермен түседі. Эндогендік аллергендер (немесе аутоаллергендер) табиғи (біріншілік) және жүре пайда болған (салдарлық) болып бөлінеді. Табиғи (біріншілік) аллергендерге организмнің өзінің кейбір қалыпты тіндері (көз бұршағы, жүйке тіні, қалқанша бездің коллоиды, атабез тіні т. б.) жатады. Жүре пайда болған (салдарлық) аллергендер организмнің өзінің өзгерген тіндерінен пайда болады. АЛЛЕРГИЯЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. Аллергиялық серпілістерді жіктеуге қатысты бірнеше көзқарастар бар. Солардың ішінде Кук (1930) барлық аллергиялық серпілістерді екі түрге бөлді: ● дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап түскеннен кейін бірнеше минөттің ішінде байқалады және иммундық глобулиндер (антиденелер) қатысатын организмнің сұйықтық (гуморалдық) жүйесі арқылы дамиды деп есептелді; ● баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24—48 сағат өткен соң байқалады деп есептелді. Қазіргі күні «аллергиялық серпілістер» деген атаусөзбен қатар «жоғары сезімталдық» деген атаусөзде кең тараған. Осыған байланысты аллергиялық серпілістерді дереу дамитын жоғары сезімталдық (ДДЖС) және баяу дамитын жоғары сезімталдық (БДЖС) деп ажыратады. 1968 жылы П. Джелл, Р. Кумбс аллергиялық серпілістерді төрт түрге ажыратты: ● аллергиялық серпілістердің анафилаксиялық (реагиндік) I-түрі; ● аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-түрі; ● аллергиялық серпілістердің иммундық кешендік (комплекстік) III-түрі; ● аллергиялық серпілістердің жасушалардың қатысуымен дамитын IV-түрі.
20.Өспе өсуінің патогенезі(бастама,күшею,өршу сатылары) Өспе - тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жасушаларына бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп- өніп кетуін айтады. Өспе жасушалары өсіп-өнуі мен дамып жетілуі бойынша, құрылымы мен қасиеттері, атқаратын міндеттемелері бойынша орналасқан қалыпты тін жасушаларынан алшақтанып ерекшеленіп тұрады. Осындай жағдайды өспе өсуінің атипиясы дейді. Осыған байланысты өспе жасушаларының даму дәрежесіне байланысты анаплазия (дамымау), катаплазия (кері даму), метаплазия (басқа тін жасушасына айналып даму), дисплазия (бұрыс даму) деген түсініктер қалыптасқан. Өспе өсу патогенезі. Өспе өсу патогенезі осы күнге дейін ең бір күрделі және әлі толық шешілмеген мәселе. Дегенмен, соңғы жылдары өспе өсу патогенезі әжептәуір зерттелді. Әсіресе қальшты жасушалардың өспе жасушасына айналуының бастапқы және шешуші сатылары анықтала түсгі. Ол жасушалардың өсуін, көбеюін және жетілуін қадағалайтын гендердің тұрақты өзгерістерінен болатыны күмән шақырмайды.Өспе өсу патогенезінде үш кезеңді ажыратуға болады: ● сау жасушаның өспе жасушасына айналуы, трансформация немесе бастама (инициация) кезеңі деп аталады; ● өспе жасушаларының әсерленіп, қарқынды өсіп-өніп, көбеюі және алғашқы өспе түйінінің пайда болуы, промоция кезеңі делінеді; ● өспе жасушаларының тұрақты сапалық өзгерістерін және қатерлі қасиеттер қабылдауын, немесе өспе өсуінің үдеуін (өршуін), прогрессия кезеңі дейді. Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы мына себептерден болуы мүмкін: ♣ протоонкогендердің белсенді онкогендерге айналуынан; оны онкогеннің әсерленуі деп те атайды; ♣ жасушалардың өсіп-өнуін, бөлініп көбеюін тежейтін нәруыздардың түзілуін қадағалайтын тежегіш (супрессор) гендердің белсенділігі жоғалуынан немесе тым қатты азайып кетуінен; ♣ жасушалардың тектік ақпарат бойынша өздерінің тіршілігін жоғалтуының немесе апоптоз дамуының бұзылыстарынан; ♣ жасушалардың ДНҚ молекуласының бүлінген жерлерінің қалпына келу (репарациялық) мүмкіншіліктерінің бұзылыстарынан.
1.Агранулоцитоз,себептері,организм үшін маңызы.Лейкоциттік өрнектегі өзгерсітер,организм үшін маңызы.Агранулоцитоз кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер.