1. Патологиялық физиология пәні. Патологиялық физиологияның негізгі міндеттері. Зерттеу әдістері. Тіс жегісі мен пародонт ауруларын үлгілеу



бет13/23
Дата05.05.2023
өлшемі73,56 Kb.
#90215
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
шпор патфиз

Агранулоцитоз. Агранулоцитоз дамуына әкелетін себептерге: ● жұқпалар (іш сүзегі, безгек, мерез т. б. қоздырғыштары); ● химиялық заттар және дәрі-дәрмектер (бензол, бензин, пирамидон, фенацетин, левомицетин т. б.); ● иондағыш сәулелер (рентген, радий сәулелері, изотоптар, нейтрондар) - жатады. Агранулоцитоз дамуы кезінде дене қызымы көтеріледі, тамақтың қабынуы, некроздық баспа дамиды. Бауыр мен көкбауыр қалыпты мөлшерінде сақталады, геморагиялық құбылыстар болмайды. Бұл кезде шеткері қанда лейкоциттердің саны қатты азаяды, нейтрофилдердің саны тіпті 2-5%-ға дейін төмендейді. Эозинофилдер мен базофилдер мүлде жоғалады. Қанда сақталған лейкоциттер негізінен лимфоциттерден, моноциттерден тұрады. Қызыл қан түйіршіктері және тромбоциттер өзгермейді. Агранулоцитоздың бір түрі ауқаттық-уытты алейкия (сепсистік баспа) болып есептеледі. Бұл түрі қыста қар астында қалған (бидай, тары, сұлы, қара бидай т.с.с.) дақылдарды тамаққа пайдалану нәтижесінде дамиды. Бұл дақылдардың дәндері ерекше улы майда саңырауқұлақтармен (fusarium sporotrichoides) зарарланады. Оларды пайдаланғаннан кейін ауызда қызу, көмейде ауыру сезімдері, жүрек айну, құсу, әлсіздік, гасгроэнтерит көріністері пайда болады, дене қызуы көтерілуі мүмкін. Бірінші күннен- ақ лейкопения, нейтропения және тромбоцитопения дамиды. Бірінші 3-5 күннен кейін (2-ден 3-аптаға дейін) аурудың жасырын сатысы болады. Бірақ лейкопения 2-3 •109/л-ге дейін күшейе түседі. Аурудың үшінші, баспалық-қанағыштық сатысында дене қызуы көтеріледі, некроздық баспа дамиды, денеде қанайтын бөртпелер пайда болыды, әртүрлі қанаулар байқалады. Бұл кезде гранулоциттердің саны қатты азайып, салыстырмалы лимфоцитоз (80-90%-ға дейін) дамиды, тромбоциттердің саны 50 •109 /л-ден төмен азаяды, анемия үдейді. Сүйек кемігінде қан жасушаларының өндірілуі тежеледі.

2.Анемия кезіндегі ауыз қуысындағы өзгерістер,олардың патогенезі.
Анемиялар. Анемия деп қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің, жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын, мөлшері азаюын айтады. Кейде эритроциттердің саны азаймауы мүмкін (мәселен, теміртапшылықты анемия, талассемия). Анемия дамуына әкелетін себепкер ықпалдар болып: ● әртүрлі дерттер мен уланулар ● қан өндірілуіне қажетті заттардың жеткіліксіздігі ● сүйек кемігінің гипоплазиясы ● эритроциттердің гемолизі ● қанкетулер - есептеледі. Анемия кезінде қанның тыныстық қызметінің бұзылуы нәтижесінде оттегінің жеткіліксіздігі дамиды, ентігу, жүрек қағу байқалады Бұл кезде эритроциттер мен гемоглобиннің деңгейі ғана азаймай, қандағы қызыл түйіршіктердің жетілу дәрежесіне, мөлшеріне, пішініне, боялуына, құрылымына және биохимиялық қасиеттеріне қарай сапалық өзгерістері де болады (эритроциттердің сапалық өзгерістерін қараңыз). Анемия туындауының негізгі себептерінің бірі дұрыс тамақтанбаудың нәтижесі болып табылады, әлемдік мәселенің бірі болып саналады және ең көп таралған түрі темір-жетіспеушілікті анемия. Анемияның ағзаның басқа мүшелеріне әсерін тексеру мақсатында таңдап алынған тоқ ішек, жүрек, бүйрек, бауыр, аш ішек, өкпе, қуық - мүшелерінің тиесілі 16 корпоральды биологиялық активті нүктелерінің температуралық көрсеткіштері тексерілді. Зерттеуге қалыпты жағдайдағы және анемияға ұшыраған студенттер алынды. Алынған нәтижелер бойынша қалыпты жағдайдан статистикалық сенімділікпен төмендеген биоактивті нүктелер тоқ ішек, жүрек, бүйрек, бауыр, аш ішек мүшелеріне жатады, яғни анемияның әсерінен бұл мүшелерде физиологиялық өзгерістер туындағаны байқалады.
3.ТШҚ-синдромы анықтамасығ,сатылары,патогенезі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет