1 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми ақпараттық-талдамалы журналы Научный информационно-аналитический журнал Павлодарского государственного



Pdf көрінісі
бет25/29
Дата19.01.2017
өлшемі4,03 Mb.
#2261
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

245
кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы 
қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп 
шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне 
қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған ұстазы 
әрі ғарай білімін дамытуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол жиырма жасында Да-
ла генерал-губернаторы кеңсесінің ұсыныс хатымен қазақ қауымдастығының 200 
сом  стипендиясын  алып,  Ресейдің  астанасы  Санкт-Петербургке  барып,  орман 
шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса 
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына 
қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады [9]. Оны екі ғасырға жуық Ресей 
империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра 
бастайды.  Қараңғылық  пен  надандықтың  шырмауында  отырған  халқына  білім 
мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді 
өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Оқуын бітіріп, Омбыға орaлғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ 
даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, 
марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің 
түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес – тартыстан біршама тәжірибесі бар  
саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси-әлеуметтік, қоғамдық 
жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы» партиясының қатарына өтіп, 
өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын 
тобын  ұйымдастырады.  Әлиханның  саяси  көзқарасының  пісіп,  жетілуіне,  кейін 
белгілі  саяси,  қоғам,  мемлекет  қайраткері  әрі  қазақ  ұлт-азаттық  қозғалысының 
ұйымдастырушысы  және  көсемі  ретінде  танылуына,  саяси  күрескер  ретінде 
шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
XX ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі, 
Бұхара  мен  Түркістанға  бет  бұрған  –  дәстүршіл,  панисламшыл  ағым,  екіншісі, 
негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл – пантүркішіл ағым. Осы екінші 
ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім-тәрбие алған, озық 
ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей импе-
риясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан 
олар, ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. 
Бар  күш-қуаттарын  осы  мақсатқа  жұмылдырады.  Бірақ  олардың  ойдағыдай 
жұмыс  істеуіне  жандармерия  басқармасының  жансыздары  мүмкіндік  бермейді. 
Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде – 
ақ  сенімсіздердің  қара  тізіміне  ілігіп,  бақылауда  жүрген  Әлихан  да  тыс  қалған 
жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самара қаласына жер аударыла-
ды. 1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарадан Орынбор келген Әлихан бірден 
қаланың  қоғамдық,  саяси  өміріне  араласып  кетеді.  Қаланың  қазақ  тұрғындары 
атынан қалалық думаға сайланады [10].
Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша 
үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа 
автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де 
ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз 
өкілді  бастап  барып,  Томск  қаласында  Сібір  автономистерінің  құрылтайына 
қатысады.  Осында  болашақ  Сібір  республикасының  құрамында  Қазақ  автоно-
миясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы 
тұңғыш  саяси  ұйым  Алаш  партиясын  ұйымдастыруға  кіріседі.  Артынша,  1917 
жылдың  желтоқсанында  бүкіл  қазақтардың  құрылтайында  Қазақ  автономиясы 
жарияланып,  Ә. Бөкейханов  сол  алғашқы  Қазақ  автономиялы  республикасының 
тұңғыш төрағасы болып сайланады. Бірақ көп ұзамай жеңіске жеткен большевик-
тер  Қазақ  автономиясының  жұмысын  тоқтатып,  басшыларын  қуғынға  салады. 
Ә. Бөкейханов  Мәскеуге  жер  аударылады.  Онда  он  жыл  үй  қамауында  отырған 
Әлиханды 1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған 
жаламен өлім жазасына кеседі.
Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған 
аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан 
қилы.  Ол  Ресей  жергілікті  және  қалалық  қоғам  қайраткерлері  съезінің  делега-
ты, Ресейдің I Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің де-
путаты,  IV  Мемлекеттік  Думаның  мұсылмандар  фракциясының  Бюро  мүшесі, 
ғұлама- ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми 
жолға  қоюшы,  тарихшы,  этнограф,  әдебиеттанушы,  аудармашы,  әрі  публицист 
ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із 
қалдырған ұлы тұлға.
Әдебиет
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: «Атамұра», 1999. – 296 б. – 227 б.
2. Шаяхметов  Н.  «Ел  –  бүгіншіл,  менікі  ертеңгі  үшін»:  Оқу  құралы.  –  Алматы, 
2001. – 149 б. – 20 б.
3. Оралтай Х. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт-азаттық ұраны // Азат. – 1991. – 
№8. – 10 б. 
4.  «Қазақ газеті». – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1998. -560 б. – 326 б. 
5. Қойгельдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б. – 175 б. 
6. Бочагов А.К. Алаш-Орда. Краткий исторический очерк о национально-буржуазном 
движении  в  Казахстане  периода  1917–1919  гг.  //  Сафаров  Г.  Колониальная  революция 
(опыт Туркестана). – Алматы: Жалын, 1996. – 272 с. – С. 237.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
246
247
7. Мамраева А.К. Общественно-политическое развитие Казахстана начала ХХ века 
и Алихан Букейханов. Дисс. на соиск. уч. степ. канд. ист. наук. – Алматы, 1997.
8. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. – Алматы: Ататек, 1995. – 256 б. – 14 б.
9. ШҚО ЖТҚО 37 қ.- 1-т. – 23-іс. – 34 п.
10. Алаш. Алашорда энциклопедиясы. – А.: Атамұра, 2010.
ӘОЖ 574
XX 
ғ
. 20–30 
жж
. АШТЫҚ ТАРИХЫНЫң КЕЙБіР МӘСЕЛЕЛРі
Б.Қ. Қосаяқов
В данной статье рассматривается один из актуальных 
вопросов отечественной историографии – история голода. 
Главной целью политики 20–30-х годов прошлого века яв-
лялось не только уничтожение казахского народа, но и подавле-
ние национального духа, продуманные действия по уничтоже-
нию человеческих достоинств. Последствия этих двух голода-
ний, организованные советской властью, население казахского 
народа за 10–15 лет уменьшилось ровно на половину. Есть пол-
ное основание полагать, что причиной душераздирающего го-
лода в истории казахской земли является внутренняя политика, 
проведенная Советским Союзом в те годы.
В содержании статьи автор не только рассматривает историю голода 1920–1930 
годов, но и затрагивает проблемы по раскрытию «белых пятен» истории голода 20-х го-
дов ХХ века.
One  of  the  actual  problems  of  the  Patriotic  hystorygraphics  the  problem  of  famine  is 
revealed in the present article. The main purpose of the policy of 20s-30s of the XX centuary is 
not only genocide of the Kazakh people but supression of the National Sprint. 
The consequence of these two famins organized by the Soviet Power is twice decrease of 
the Kazakh population with in 10–15 years. These reason for this famine of the Kazakh people is 
the Inner Policy of the Soviet State that time.
The content of the authori not only the review of famine history but also the problem for the 
discloswe of the «white sports» of famine history of 20s of the XX century.
Түркі  әлемінің  ұлы  перзенті  Мұстафа  Шоқайдың:  «Ұлттық  рухсыз  ұлт 
тәуелсіздігі  болмайды.  Ұлт  азаттығы  –  ұлттық  рухтың  нәтижесі.  Ал,  ұлттық 
рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді» деген 
сөзі бар. Міне, еліміз егемендігін алған жиырма жыл ішінде осы ҰЛТТЫҚ РУХЫ-
МЫЗ да айтарлықтай биік сатыға көтерілді. Бұған, ең алдымен, өткенімізге зер-
делей қайта оралып, тарихи әділеттіліктің салтанат құруына ұмтылуымыз айқын 
айғақ  бола  алады.  Төл  тарихымыздың  көлеңкелі  тұстары  қайта  жазылып,  саяси 
қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш арыстары халқымен рухымен де, тіпті, мүрделері 
туған жерге оралуымен де қайтадан табысуда. Енді, міне, қазақты қынадай қырған 
1921–1922, 1931–1932 жылдардағы ашаршылықтың еліміз тарихындағы тағылымын 
толыққанды зерделеу де күн тәртібіне қойылып отыр. 
Кеңес  режимі  өз  қоластындағы  халықтарға  тек  қана  ату,  асу,  қуғындау, 
күштеп жер аудару сияқты амалдармен ғана зобалаң тудырып қойған жоқ, соны-
мен қатар қолдан жасалған аштықпен де зұлматтар жасады. 
Қазақстандағы Ұлы аштық қырғыны жайлы әңгімені екі өте маңызды ескер-
туден бастаған жөн болар: кеңес заманында Қазақстанда екі рет аштық қырғыны 
болғанын  айтуға  тиіспіз.  Әрине,  ең  үлкен  аштық  қырғыны  өткен  ғасырдың  30-
шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт – Ашаршылық жылдары деген ат-
пен аталады. Бірақ, сонымен бірге, 1919–1922 жылдары орын алған ашаршылықты 
да  ұмытпаған  жөн  болар.  Осы  кездері  Қазақстанда  миллионнан  астам  адам  аш-
тан өлген. Сондықтан да осы қынадай қырылған екі қырғының қысқаша тарихын 
қайырсақ.
1919–1922 жылдардағы аштық. Қазақстандағы 1919–1922 жж. аштықтың бір 
себебі елдің бірнеше аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Осы 
жағдайға байланысты Кеңес үкіметі 1919 жылдың қаңтар айынан бастап «азық-
түлікті  тәркілеу»  саясатын  бастады.  Бұл  саясат  Кеңес  үкіметінің  1918  жылдың 
13 мамырынан бастап жүргізе бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай дәл 
келген еді.
Қазақстанда егіншілікпен айналысушылардың көп болмауына байланысты 
большевиктер қазақтың малын кәмпескелеп алуды басты мақсат етіп қойды. Мал – 
көшпелі халықтың күн көрісінің жалғыз ғана көзі. Жергілікті қазақтар ежелгі ата 
дәстүрімен мал өсірумен айналысып, малдың жағдайымен жайылым іздеп көшіп-
қонып өмір сүретін. Қазақ жерінде тұратын басқа ұлттар егіншілікпен де айна-
лысатын, бірақ азық-түлік саясатында басты мақсат етіліп – қазақтың малын жи-
нап  алу  арқылы  жүргізілсін  деген  тапсырма  қойылды.  Әрине,  Кеңес  үкіметінің 
мұндай саясаты қазақтар тарапынан наразылық, қарсылық көрді. Бірақ мал тартып 
алуға келгендерге қарсылық көрсеткендерді сол кездегі «Продармия» (мал тартып 
алуға жіберілген қарулы отрядтар осылай аталған) және Қызыл Армияның ерек-
ше мақсаттағы отрядтары (ЧОН – чрезвычайный отряд особого назначения) олар-
ды аяусыз қаталдықпен басып жазалады.

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
248
249
Қазақ еліндегі 1921 жылғы жаппай аштықты көзбен көріп, сұм дүлейден со-
ры қайнаған жұртының жан азабын бірге тартып аласұрған А. Байтұрсынов 1922 
жылғы «Қазақ календарына» жазған «Тәні саудың – жаны сау» атты мақаласында: 
«...өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі жеді. өліктің етін 
жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап, малша сойып жеді. 
Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта көшеде жүрген 
адамдарды  жылқы  сияқтандырып  бұғалық  салып,  буындырып  ұстап,  сойып 
жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті… Аштықтан адамның тәні азып 
еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман бо-
лып кетті...» деп жазды.
Ақын I. Жансүгiровтiң «Жұт – жетi ағайынды» өлеңi 1921 жылы «Ақжол» 
газетiнде (10 желтоқсан, №49) «Қапшағай» деген бүркеншiк атпен жарыққа шығып, 
өлең жолдары сол тарихтан сыр шертеді:
   

...Күнiне қазақ мыңдап өлiп жатыр,
   

Тұқымы сағат сайын кемiп жатыр.
   

Өз баласын өзi үйiтiп, сирағын жеп,
   

Көр азабын тiрiдей көрiп жатыр.
Аштықтан  және  онымен  ере  келген  аурулардан,  сол  сияқты  ауыртпалық 
жайлаған  аудандардан  үдере  көшу  халық  санын  күрт  кемiттi.  1914  жылы  өлке 
жерiнде 4 811 662 адам тұрса, 1922 жылы 3 795 963 адам қалды.
Ұлт зиялылары 1922 жылы мамыр айынан бастап уездерге шығып, аштарға 
жәрдем жинауға кiрiстi. Бұл игiлiк iсiне сол уақытта (1921 жылдың шiлде айының 
орта  шенiнен  бастап)  Семейде  губерниялық  халыққа  бiлiм  беру  бөлiмiнiң 
меңгерушiсi және «Қазақ тiлi» газетiнiң редакторы қызметтерiн атқарған Жүсiпбек 
Аймауытов  та  белсене  қатысты.  1922  жылдың  маусым  айында  М. Дулатов  пен 
Ж. Аймауытов бастаған ұлт зиялылары республиканың ашыққандары үшiн Семей 
губерниясынан мал жинау iсiн аяқтады. Бұл жылу малы Торғай уезiнiң ашыққан 
халқына бөлiндi. өйткенi орталықтан шеткерi жатқан – Торғай уезiнiң жағдайы 
өте нашар едi.
Бүкiл Семей губерниясын аралап мал жиып, Сарыарқаны кесiп өтiп, жердiң 
түбi Торғайға екi мәрте барып, 8 мың мал айдап апарған, ең адал азамат ретiнде 
жұрт  сенiп  тапсырған  өкiл  –  Жүсiпбек  Аймауытовқа  қарсы  астыртын  арандату 
әрекетi жүргiзiлдi. Тiмiскi тыңшылар өзi аштықтан ашынған, аш өзегi өртенген 
адамдардың ашкөзденген сәтiн пайдаланып, арғын мен қыпшақ руларының ашта-
рын бiр-бiрiне айдап салды, сүйекке таластырды. Оны ұйымдастырған жергiлiктi 
жердегi  Кеңес  өкiметi  мен  партия  ұйымдарының  белсендiлерi  едi.  Сөйтiп,  бұл 
жылдары Алаш зиялыларын қудалау кең көлемде басталды.
Алаш  ардақтыларының  аштық  туралы  дабыл  қағып,  өз  ұлтын  қырғыннан 
сақтап қалу шараларына үлес қосқанмен 1921–1922 жылдардағы аштықтың қазақ 
ұлты үшiн тауқыметi зор болды. Жалпы алғанда, 1919–1922 жылдардағы аштық 
кездерінде бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Сол кездегі қазақтың санының 
бұл шамамен 20–22% құрайды. Дегенмен, қазақтың санын солқылдатып құртқан 
аштық отызыншы жылдары орын алды.
Отызыншы жылдардағы аштық – Ұлы Ашаршылық. 1932 жылдың аштығы 
бұрынғы  патша  саясатының  жалғасы  деуге  болады.  Бұл  жолы  большевиктер 
американдық  тәжірибені  алды.  «Бизон  болмаса,  үндіс  те  болмайды»  дейді  аме-
рикан  мақалы.  Миллиондаған  бас  мал  кәмпескеленгеннен  кейін  қазақ  даласына 
екінші «Ақтабан шұбырынды» келді десе де болғандай еді. Демек, Қазақ даласының 
тарихындағы  ең  жан  түршігерлік  аштықтың  себебі  –  сол  кезде  жүргізілген  
КСРО-ның ішкі саясаты деп айтуға толық негіз бар. 
Қазақтарды зорлап отырықшылдандыру «Кіші Октябрь» деп аталды. «Кіші 
Октябрьдің»  негізгі  дем  берушісі,  орындаушысы  Ф.И. Голощекин  еді.  Ол  1924 
жылдың  қазан  айынан  бастап  1933  жылға  дейін  Қазақстан  Компартиясының 
Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  қызметін  атқарған.  Оның  Қазақстанда 
өткізген  алғашқы  іс-шарасы  1928  жылдың  күзінде  өткізген  малды  кәмпескелеу 
болды.  Кәмпескеге  700  шаруа  қожалығы  ілініп,  олардан  150  мың  мал  басы  (ірі 
қара  мал  басына  айналдырғанда)  тәркіленді.  Бұл  жердегі  «ірі  қара  мал  басына 
айналдырғанда» деген нені білдіреді? Бұл сталиндік статистиктердің мал басын 
азайтуды жасыру үшін ойлап шығарғаны болса керек. Статистиктердің айтуын-
ша, бір ірі қара мал басы, мысалы, 1 сиыр – 2–3 шошқаға немесе 10 қойға тең. Егер 
150 мың ірі қара бас малын қойға айналдырсақ, онда әңгіме кем дегенде 1,5 милли-
он қой туралы айтуға тиіспіз... 700 шаруа қожалығы мүшелері отбасы тағдырының 
қаншалықты қайғылы болғаны жайлы айтпаса да болады.
1933 жылдың басында қазақ даласында бұрын болған 40 миллион бас малдың 
оннан  бірі  ғана  қалды.  Нәтижесінде,  осы  жүргізілген  саясаттан  қазақтар  жапа 
шекті, себебі олар үшін күнкөрістің бірден бір көзі мал еді.
Мал жоқ жерде, тамақ жоқ, тіршілік жоқ. Қазақтар тұратын ауылдар жаппай 
қырыла бастады. Тарихшы А.Н. Алексеенконың айтуынша «...әртүрлі есептеулер 
мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылғы қазақ халқының қырылуы 1млн 840 мың 
адам  немесе  жалпы  қазақтың  47,3  пайызын  құрайды.  Бәрінен  ең  көп  қырылған 
республика  шығысының  қазақтары  болды.  Бұл  жақта  379,4  мың  адам  немесе 
1930 жылғы халықтың 64,5 пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдер-
ге Ресей мен Қытайға жаппай ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы 
қазақтардың жартысының көбінен – 410,1 мыңнан немесе 52,3 пайызынан айрыл-
ды, Батыс Қазақстан 394,7 мың немесе 45,0 пайыз, Оңтүстік – 632,7 немесе 42,9 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
250
251
пайыз қазақтан айрылды. Аздау өлім Орталық Қазақстанда – 22,5 мың немесе осы 
аймақтың  15,6  пайызы  орын  алды.  Басқа  халықтарда  да  шығын  аз  болған  жоқ: 
украиндер – 200 мың (23 пайыз), өзбектер – 125 мың (54 пайыз), ұйғырлар – 27 мың 
(43 пайыз). Тек қана 1931 жылда 1 млн 30 мың адап көшіп кетті, оның 616 мыңы 
қайтқан жоқ.
өз  малын  тонаудан  қорғаған,  кәмпескеден  қашқан  қазақтарға  Қызыл 
Армияның әскерлері жіберіліп, өзі аштықтан титықтаған қазақтарды аяусыз қыруы 
ашаршылықты одан да бетер өршітті. Кейбір ауылдар мен рулар малын сақтамақ 
болып  көше  бастағанда  олардың  алдынан,  соңынан  Қызыл  Армияның  отрядта-
ры жіберіліп, оларды «басмашы бандылар» ретінде жоюға, тұтқындауға бұйрық 
берілді. Шын мәнінде олар өз малы мен отбасы мүшелерін аштықтан аман алып 
қалу мақсатында аштығы жоқ Қытай мен Ресейге көшуді ойлаған бейбіт жандар 
болатын. Қытайға көшушілерге тосқауыл қоюға шекарашылар да өз үлесін қосып, 
оларға  пулеметпен  оқ  атқан  кездері  де  болды.  Соншама  болған  тосқауылдарға 
қарамастан  жүздеген  мың  аштықтан  қашқан  қазақтар  ауыл,  ауыл  болып  Қытай 
асты.
Қазақ өз тарихында қаншама рет жоқшылықты, жаугершiлiктi бастан өткерсе 
де, адам етiн жеу деген сұмдыққа ұрынған емес. 1922–1934 жылдар iшiнде ондай 
сұмдықтар  бiр  емес,  көп  жерде  көрiнiс  бердi.  Аштықтың  салдарынан  адамның 
ішкі  дүниесі,  кісілік  салттары,  бүкіл  моральдық  тұлғасы  оңалмас,  түбегейлі 
өзгерістерге  ұшырайды.  Эндоканнибализм  (өз  тобының  мүшелерін  қорек  ету)  – 
аштықтың адам психикасындағы топтық қорғанудың ең берік формасы, тіпті жа-
байы аң бармайтын қылық – өз жақындарының етін жеуден тартыну рефлексін 
жеңе алғандығының көрінісі мысалы болып табылады. 
20–30  жылдар  саясатының  түп  жоспары  –  қазақты  қырып  қана  қоймай, 
ұлттық  рухын  сындыру,  сапалық  қасиетiне  балта  шабу  сияқты  ойластырылған 
әрекет.
Сөйтіп,  Кеңес  үкіметі  жасаған  екі  ашаршылықтың  нәтижесінде  қазақтар 
бар  болғаны  10–15  жылдың  ішінде  халқының  жартысынан  айрылды.  Әлем  та-
рихында мұндай көлемдегі трагедия ешбір халықтың үлесінде болған емес. Ал, 
1947  ж.  жүргiзiлген  Бүкiлодақтық  статистикада  аштықтан  Украина  халқының 
14%, Қазақстанның 50% өлдi деген мәлiмет бар. Тек 1970 жылы ғана қазақтар 1926 
жылғы деңгейдегі халық санына жетті.
өткен  тарихқа  терең  баға  беріп,  оны  кейінгі  ұрпақ  жадына  мықтап  сіңіру 
бүгінімізді байыпты пайымдауға, одан әрі болашағымызды жан-жақты бағдарлауға 
бастау жасайды. Жас буын қазіргідей өз қолымыз өз аузымызға жеткен мамыра-
жай заман қаншалықты құрбандықтармен келгендігін біліп өспейінше, олардың 
бойында  ұлтжандылық,  Отанға,  халқына  деген  оттай  ыстық  сүйіспеншілік 
қалыптасады  деп  айту  да  қиын.  Біздің  жиі  ауызға  алып,  тынбай  қайталайтын 
«тәуелсіздік тағылымдары» дегеніміз осы. Сондықтан да қазақ тарихшыларының 
алдында ең алдымен жиырмасыншы жылғы аштықта құрбан болған қазақтардың 
нақты санын анықтап, қасіретті жылдардың ащы ақиқатын ашу міндеті тұр. Бұл – 
келер ұрпақ үшін аса маңызды міндет.
Азалы жылдардың ащы сабағын есте қалдыруда тағы бір өте мәнді келесі 
міндет бар. Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін дегеніміз – екеуі екі бөлек үлкен 
трагедия. Екеуінің де қазақ халқының тарихынан жеке-дара алар орны бар. Оның 
үстіне  бұлар  –  бір-бірінен  бөліп  алып  зерттейтін,  әлі  де  ашылмаған  құпиясы 
көп  тақырыптар.  Шын  мәнінде,  ашаршылық  құрбандары  Кеңес  үкіметінің 
құйтырқы әлеуметтік-аграрлық реформасының салдарынан қырылған. Ал, қуғын-
сүргін  құрбандары  деген  кімдер?  Олар  –  58,  111,  102-баппен  атылғандар.  Яғни, 
«ұлтшылдар»,  «контрреволюционерлер»,  «шпиондар».  Ал,  оларды  ашаршылық 
құрбандарымен  шатастыруға  болмайды.  Сондықтан,  екеуіне  екі  күн  белгілеген 
жөн, я болмаса бұл күн «Жаппай қуғын-сүргiн және аштық құрбандарын еске алу 
күнi» қайта рәсiмделгенi дұрыс. Мұндай пікірді көтерген ғ. Нығыметов, Т. Омар-
беков тарихшы-ғалымдардың қисынды пікірін қолдау қажет.
Қалай  айтқанда  да,  қазақ  тарихындағы  ашаршылық  жылдары  –  ұлт 
тағдырындағы бөлек те өте ауыр трагедия. Азалы жылдардың ащы азасы ел жа-
дында жатталуы тиіс. өткенсіз бүгінің бүлінеді. Бүгінің бүлінсе, ертеңің бұлыңғыр. 
«Атасын таныған атқа қонады, атасын танымаған жатқа қор болады».  ғасырлар 
бойы  сорғалаған  көз  жасымыз  тұзды  тозаңға  айналып,  Тәңір  жүрегінің  мұзын 
ерітіп, ендігі Алаш таңы арайлы болса екен деп тілейміз!
Әдебиет
1. Всесоюзная перепись населения 1939 года. Основные итоги. – М.: Наука, 1992. – 
256 с. (21). 
2. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн. Очерк. – Алматы, 1994. – 315-б. 
3. Қозыбаев  М.Қ.,  Алдажұманов  К.С.,  Абылхожин  Ж.Б.  Қазақстандағы  күшпен 
коллективтендіру: қорлық пен зорлық. – Алматы, 1992. – 366 б. 
4. Омарбеков Т.О. 20-30-жылдардағы қacipeт. – Алматы, 1997. – 320 б. 
5. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане 
(1917–1980 гг.). – Алма-Ата: Былым, 1991. – 185 с. 
6. Татимов М.Б. Мир казахов (о численности и расселении казахов, о национальных 
мигрантах, беженцах и депортантах в различных странах). – Алматы: Атамура, 1993. – 
160 с.
7. Алексеенко А.Н. Население Казахстана 1920–1990 гг. – Алма-Ата: Былым, 1993. – 
125 с. 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА
252
253
8. История Казахстана. Белые пятна: Сб. статей. – Алма-Ата: Казахстан, 1991. – 
447 с.
9. Айымбетов  С.  1926-1939  жылдар  аралығындагы  Қазақстан  халқының 
этнодемографиялық және әлеуметтк құрамындағы өзгерістер: Т. ғ. к. дисс.афторефера-
ты. – Алматы, 1998. – 27 б.
10. Марат Әбсемет. Мiржақыптың оралуы. – Алматы, 1995. – 65-б.
11. Жұртбай Т. Ұраным-Алаш! // Жұлдыз. – 2009. – №5. – 192-193 бб, 
12. Иманбаева С. Ұлт зиялылары... // Ақиқат. – 2000. – №6. – 68-69 бб.
13. Жансүгiров I. Туралы естелiктер. – Алматы, 1994. – 10-бет.
УДК 94(574)
«АККЕЛИН» – РОДИНА ВЫДАющИХСЯ ЛИЧНОСТЕЙ
Б.Н. Музафаров
Мақалада  Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  бергі 
біртуар  тұлғаларымыздың  рухына  тәу  етіп,  өшкені  жанып, 
өлгені  тіріліп,  халықтық  рух  пен  қазақтық  сананы,  ұлттық 
сезімді  санамызға  сіңдіруге  мүмкіндік  туды.  Бұхар  жырау 
және Шорман мен Сәтбай әулеттерінің тарихта өшпестей із 
қалдырғаны, ғылым мен өнерде биік шыңдардан көрінгені тура-
лы жазылған. 
This  article  has  provided  an  opportunity  to  understand  the 
people's  spirit  and  patriotic  feelings  of  the  people  and  bow  to  the 
memory of eminent personalities of the country after independence. 
There is given little information about the life and work of individuals 
who  have  left  their  mark  in  the  history  like  Bukhar  Zhyrau  and 
Families of Shorman and Satbay. 
В условиях глобализации в контексе переосмысления исторических реалий 
нашей необъятной степи и насельников, проживавших в Евразийском континен-
те,  появилась  возможность  раскрытия  слабоизученных  проблем.  Однако  не  сле-
дует забывать об огромной доли ответственности, возложенной на исследователя,  
обусловленной определением места и роли номадного общества в мировой цивили-
зации в исторической ретроспективе и перспективе.
В период царской России и советского времени история казахского народа и 
его национальные ценности освещались с позиции имперского мышления. След-
ствием  вышеозначенной  идеологии  явилось  формирование  в  исторической  нау-
ке относительно национальных меньшинств псевдоистории, насыщенной «белы-
ми  пятнами».  И  лишь  с  обретением  независимости  мы  получили  возможность 
оторваться от основных принципов вульгарно-классовой истории и восстановить 
историческую правду о становлении и эволюционном пути отечественной исто-
рии. Сегодня мировое сообщество находится на стадии серьезных перемен, предо-
пределяющих изменение общества и сознания отдельно взятой личности. Транс-
формация общественного сознания позволяет нам воссоздать истинную картину 
истории становления и развития национальных обычаев, традиций и устоев. На-
ходившееся под постоянным контролем сознание исследователей высвободилось и 
сегодня получило полную свободу взглядов и мнений. Мы должны направлять все 
свои усилия на создание научно выверенной точки зрения исторических событий 
нашего отечества в разные исторические эпохи.
За двадцать лет созидания, независимости в нашем отечестве была создана 
уникальная модель национальной идеологии, нацеленной на формирование и ста-
новление демократического, гражданского, но с превалированием национального 
сознания общества. Исследование жизненного пути, общественно-политической, 
научной и просветительской деятельности ярких представителей казахского обще-
ства, пользовавшихся огромным авторитетом в казахской степи, членов династии 
Шормановых и Сатпаевых дополнит имеющиеся труды и восполнит вакуум неизу-
ченных аспектов по означенным личностям в отечественной историографии. 
Востребованность означенной темы обусловлена также необходимостью вос-
создания  целостной  и  правдивой,  лишенной  политического  оттенка  краеведче-
ской  истории,  способствующей  нравственно-духовному  воспитанию  подрастаю-
щего поколения на примере известных земляков. Актуальность подобных изыска-
ний значительно возросла после обращения Главы государства Н.А. Назарбаева к 
ученым, исследователям-историкам о необходимости нового подхода к проблемам, 
прежде всего, краеведческого характера развития регионов. Только через любовь 
к «малой» Родине можно воспитать истинного патриота, гражданина, значит, дил-
лемного подхода при рассмотрении подобных тем быть не может.
Для  достижения  поставленных  целей  выбран  актуальный  в  современной 
исторической науке методологический подход рассмотрения истории сквозь при-
зму деятельности отдельно взятых исторических личностей. 
Павлодарское Прииртышье имеет богатое историческое наследие, о чем сви-
детельствуют как письменные источники, так и достойные восхищения историче-
ские артефакты археологических находок. Но все же особую значимость истории 

ҚАЗАҚСТАН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ХАБАРШЫСЫ                                         3, 2012
3, 2012                                              ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ВЕСТНИК КАЗАХСТАНА

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет