1 Пән туралы ақпарат


Пәндердің атауы / Название дисциплины



бет5/16
Дата11.10.2024
өлшемі354,7 Kb.
#147719
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
силлабус ПиАДШ

Пәндердің атауы / Название дисциплины

Пререквизиттер / Пререквизиты

Постреквизиттер / Постреквизиты

1

Педагогика

Педагогикалық тәжірибе

2

Психология




6 Күнтізбелік-тақырыптық жоспар





Пән тақырыптарының атауы

апта

Сабақ түрі бойынша аудиторлық сағат саны

Сабақ түрі бойынша аудиторлық емес сағат саны

Бар
лығы (с.)

Дәріс (с.)

Пр/сем./
зертх-қ./
студ (с.)

БОӨЖ (с)

БӨЖ (с)

1

Баланың мектепте білім алуға дайындығы

1-2

2

2

2

7

13

2

Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері

3

3

2

2

7

14

3

Мектепалды және мектепте білім берудің сабақтастығы

4

4

2

2

7

15

4

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың және бастауыш сынып оқушысының психологиялық сипаты

5

3

2

3

8

16

5

Балаларды бірінші сыныпқа бейімдеу ерекщеліктері

6

3

2

2

8

15

6

Сабақты ұйымдастырудың негізгі формалары

7

3

1

3

7

14

7

1-сынып оқушыларының оқу-таным іс-әрекетінің теориялық негіздері

8

3

3

3

8

17

8

Отбасымен өзара қатынас жасау қағидалары мен жағдайлары

9

4

2

2

8

16

9

Балаларды оқуға және жазуға үйретудегі талдау-жинақтау әдістері

10

2

2

3

7

14

10

Жазу барысында балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру

11
















11

Сауат ашу үрдісіне немесе дыбыс пен әріпке талдау

12-13
















12

Бала тілі мен ойын дамытудың әдістері мен тәсілдері

14-15

3

2

3

8

16




Барлығы

15

30

20

25

75

150



7 Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1 Баланың мектепте білім алуға дайындығы
Баланың мектепке дайындығы» деген ұғым. Бұл ұғым нені білдіреді, ол неден тұрады, немен анықталады? Жалпы алғанда, «Баланың мектепке дайындығы» ұғымы болашақ бірінші сынып оқушысының өмірі мен іс-әрекетінің барлық салаларын қамтитын күрделі және көп қырлы ұғым ретінде қарастырылатындығы, оның педагогикалық және психологиялық ғылымдардағы сипаты. Баланың мектепке білім алуға дайындығын қамтамасыз ету. Мектепте ержетудің үш аспектісі (зияткерлік, эмоционалдық, әлеуметтік) Шетелдік зерттеушілердің (Г. Гетцер, А. Керн, Я. Йирасек және т.б.)еңбектері бойынша. Балаларды мектепте алғашқы жүйелі білім алуға даярлаудың педагогикалық және психологиялық мәселелері (Л.С. Выготский, Л.И. Божович, Д.Б. Эльконин, Н.Г. Салмина және т.б.).
Тақырып 2 Мектепалды даярлықтың негізгі міндеттері
Мектепалды білім берудің негізгі міндеттерінің баланың жан-жақты дамыту (физикалық, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық) және мектеп пәндерін оқуға және меңгеруге арнайы дайындығын қамтамасыз ету; отбасына баланың мектепке бару кезеңінде психологиялық көмек көрсету болып табылатындығы туралы түсініктер беріледі.
Тақырып 3 Мектепалды және мектепте білім берудің сабақтастығы
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының барлығы бір ғана түпкі мақсатқа- баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп, мектеп жоғарғы оқу орны);
біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың негіздемесі:
-балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
-балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу қабілетін дамыту;
-балалардың зияткерлік және тұлғалық дамуына бағытталған шығармашылық қиялын дамыту;
-тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл табысып, сөйлесе білу)
Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының негізі қалыптасады.
Мектепке дейінгі мекеме мен мектептегі білім үрдісінің мақсатын, міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады; әр баланың дамуына жағдай жасайды (денсаулығын сақтау, эмоционалдық саулығы).
Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығын тек баланы мектепке дайындау деп түсінбеу керек, мұнда педагогтар мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен жете танысып, 6 жас пен 7 жас аралығындағы психологиялық ерекшелікті анықтай отырып мектепке біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет