Нейрондар – жүйке ұлпасының негізгі жасушалары. Жүйке ұлпасының қызметін нейрондар атқарады. Нейрондар да жүйке импульстерін беруге қабілетті. Нейрондардың бұл қабілеті өткізгіштік деп аталады. Яғни жүйке ұлпаларының негізгі екі: қозғыштық және өткізгіштік қызметі бар.
Жүйке ұлпаларының қосымша ұлпалары нейроглия деп аталады. Оларды глиальды жасушалар деп атайды. Олар нейрондарды қорғайды, сақтайды және қоректендіреді. Олар нейрондарға қарағанда көп. Мысалы, бір нейронды шамамен мыңдаған глиальды жасушалар қоршайды. Нейрондардың құрылысы. Әрбір нейрон денесі мен өсінділерден тұрады (96-сурет). Нейрон денесі – ядросы, цитоплазмасы мен барлық
негізгі органоидтері бар жасушаларының орталық бөлігі. Нейрондардың қысқа тармақталған өсінділері дендрит деп аталады.
Бұтақтары ағашқа ұқсайтындықтан осылай аталады.
Жасуша денесінен шығатын ұзын бір өсінді аксон деп аталады. Ак- сон – ішінде ұсақ органоидтер, сыртында жасуша мембранасы болатын нейрон цитоплазмасының алып өсіндісі.
Адам және жоғары құрылымды жануарларда аксондардың көпшілігі майтәрізді қабықшада болады.
8 билет
Қандай органоидты жасушаның "энергетикалық станциясы" деп атауға болады? Неліктен?
Митохондриялар (гр.μίτος — жіп және χόνδρος — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид. Ол автотрофты және гетеротрофты организмдердің цитоплазмасында кездеседі. Митохондрияларды ең бірінші 1850 жылы P. А. Келликер жәндіктердің Бұлшық еттерінен байкады, оған «сарқосома» деген термин берді Альтман (1890 жылы) арнаулы бояулар арқылы митохондриялардың анық көрінетінін дәлелдеп, оларды «биобластылар» деп атады. Бенде 1898 жылы бұл органоидка митохондриялар деген ат берді. Митохондрия энергетикалық және тыныс алу центрі болып табылады. Сонымен қатар, тыныс алу барысындағы энергияның бөлінуіне жауапты. Митохондрия рибосома сынды өзінің органоидтарын синтездейді.
Диаметрі — 0,2—1 мкм, ұзындығы —5—7 мкм, кейде 15—20 мкм дейін жетеді. Әр түрлі ұлпа жасушаларындағы митохондрияның саны 20—22-ден бастап, 2500-ге дейін жетеді. Әсіресе митохондриялар саны бауыр және жүрек жасушаларында көп. Митохондриялар ішкі және сырткы мембраналардан тұратын қос қабықшамен қапталған
Олардық пішіні таяқша, жіп және түйіршік тәрізді болып келеді. Жаңа митохондриялар бұрынғы митохондриялардың бөлінуі арқылы пайда болад
Митохондриялар жасушаның цитоплазмасында біркелкі, ал кей жағдайларде ядроның айналасына немесе цитоплазманың шет жағына карай орналасады. Цитоплазмада жасуша қосындылары (гликоген, май) көп болған жағдайда олар митохондрияларды жасушаның шетіне ығыстырады.
Митохондрияның құрамында ақуыздар (65—70% құрғақ салмағының) липидтер (25—30%), нуклеин қышқылдары (ДНҚ, РНҚ) витаминдер және т. б. енеді.
Митохондрияның матриксінде «Кребс» цикліне қатысатын ферменттер шоғырланады. Ішкі мембранасында электрондарды тасымалдайтын тізбек және фосфорландыру процесіне қатысатын тасымалдау ферменттері (АДФ-тен АТФ) орналасады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесіндс АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны жасушаның күш беретін станциясы деп атайды. Клеткадағы тотығу және энергия жинау процестері бірнеше кезеңмен жүреді.
Митохондрияның негізгі қызметі − энергия көзі − АТФ молекуласын синтездеу
Митохондрия қызметі — аэробты тыныс алуды жүзеге асыру. Бұл процесс нәтижесінде органикалық қышқылдар ауадағы оттекпен CO, және Н90 түзілгенше тотығады, ал бөлініп шыққан энергия АТФ молекулалары ретінде қорға жинақталады. АТФ молекулалары тірі жасушадағы әмбебап энергия көзі болып табылады.
Шеміршектің әртүрлі түрлерінің морфофункционалды ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Олардың сүтқоректілер мен адам ағзасына таралуын көрсетіңіз.
Шеміршек (cartіlage) — адам мен жануарлардың кейбір органдарын біріктіріп тұратын тірек; механикалық қозғалыс қызметіне қатысатын иілгіш серпімді тін
Шеміршек ұлпалары тыныс алу мүшелерінің (жұтқыншақтың, трахеяның, бронхтардың шеміршектері), қан тамырларының, омыртқа аралық дисктердің және т.б. құрамына кіреді Олар әсіресе балалық жаста және төменгі сатыдағы омыртқалылар, мысалы, шеміршекті балықтарда жақсы байқалған. Шеміршек ұлпалары, немесе шеміршек клеткалардан (хондроциттер,хондробластар) және қысқанда тығыздығы мен мықтылығы жағынан ерекшеленетін клетка аралық гидрофильді заттардың үлкен мөлшерінен тұрады. Шеміршектің сыртынан шеміршекқаппен қапталған. Жас шеміршек клеткалары — хондробластар бөлініп, көбею арқылы клеткааралық заттар түзіп, шеміршектің қалыңдап өсуін қамтамасыз етеді. Шеміршек зақымданған жағдайда шеміршек сырты тінінің өсуі арқылы бұрынғы қалпына келеді.
Хондробластар - бұл пролиферацияға және шеміршектің клетка аралық затын синтездеуге қабілетті жас тығыз клеткалар. Олар фибробластардың бір түрлері болып табылады. Жетілген шеміршекте хондробластар шеміршек үсті құрамында сақталады және шеміршек ұлпасының перифериялық немесе аппозициялық өсуін қамтамассыз етеді.
Хондроциттер- шеміршек ұлпасының негізгі клетка түрі. Жасына тәуелді олар сопақша, дөңгелек немесе полигональды болуы мүмкін. Бұл клеткалар оқшауланған кішірек қуыста немесе шұңқырда жатады. Бөліну кезінде әрбір клетка изогенді топ деп аталатын бірнеше клеткаларды беруі мүмкін. Хондроциттің ядросы ірі, дөңгелек пішінді, 1-2 ядрошығы бар, цитоплазмасы дәнді болып келеді. Хондроциттер өзара гель тәрізді матрикспен бөлінген.