1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет17/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68
Шеміршек типтері.
Клеткалардың орналасу ерекшелігімен, матрикстың құрылысының негізінде шеміршектің үш түрге жіктелуі жатыр: гиалинді, талшықты, эластинді бірі.
Эмбриональды кезеңде гиалинді шеміршек қаңқаның модельін қалыптастырады, ал ересек ағзада қабырғаның кеудемен біріккен жерінде, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында, сүйектің буын беткейлерінде кездеседі.

  • Гиалинді шеміршек ұлпасы — адам мен жануарлар организмдерінде қабырға шеміршегін, төс бөліктері (стернебралар) аралықтарындағы шеміршектерді, сүйектердің буындық беттерін қаптайтын шеміршекті, мұрындағы, көмекейдегі, кеңірдектегі, ауатамырлардағы (бронхтардағы) шеміршектерді түзеді. Гиалинді шеміршек ұлпасы тіректік қызмет атқарады.

  • Гиалинді шеміршек - ұлпаның ең көп тараған негізгі түрі. Сүтқоректілердің ересек организмінде олар буындардың үстін, қабырғалардың ұштарын, кеңірдекті және т.б. органдардың шеміршектерін құрайды.



  • Гиалинді шеміршек — қысымға төзімді, бірақ сынғыш келеді; негізінен бұлар ұрық кезінде болады.

Эластинді шеміршек шеміршектің негізі иілетін жердегі мүшелерде дамиды (құлақ қалқаны, жұтқыншақтың мүйіз тәрізді және сына тәрізді шеміршегінде және т.б.). Эластинді шеміршекке тән ерекшелік оның клетка аралық заттарында коллаген талшықтарымен қоса, матрикста күрделі үш өлшемді тор құрайтын эластинді талшықтардың болуы.
Талшықты шеміршекті ұлпа.

  • Талшықты немесе дәнекерлі шеміршек — қысымға (жиырылуға) да, сынуға да төзімді, ол омыртқа, жамбас-мықын буын аралықтарын жалғастырады.

Талшықты шеміршек сіңір мен байламдардың гиалинді шеміршекке ауысқан жерлерінде, жартылай қозғалмалы жіктерде, омыртқа аралық дискілерде байқалады.
Адам мен сүтқоректілерде шеміршек тек буын сыртында, қабырғаның төссүйекке жалғасқан жерінде, бронх, кеңірдек және құлақ қалқанында болады.
Қандай органдарда; гемопоэз сүтқоректілерде эмбриональды және эмбрионнан кейінгі кезеңдерде жүзеге асырылады? Қанның құрамын және оның қызметін сипаттаңыз. Лейкоциттер формуласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет