1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет14/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығыменжәне karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағыжануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бірнемесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттаржасушалары прокариоттармен салыстырғандакүрделі келеді. Эукариоттар жасушаларыкөптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге(компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктердебір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар(митохондриярибосомаГольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екіқабат мембрана арқылы шектеледі. Ядродажасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластарынегізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялықэнергиясына айналдырса, митохондрияларкөмірсулар, майлар, ақуыздар, т.б. органикалыққосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасыныңмембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетінқамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.
4. Пластинкалы және тығыз талшықты сүйекұлпаның морфологиялық және функционалдықерекшеліктерін сипаттаңыз. Сүйектіңқұрылысын орган ретінде сипаттаңызМорфология және периостеум функциялары.
Сүйек ұлпасы (костная ткань) (textus osseus, лат. textus — ұлпа; лат. os, ossis — сүйек) — қаңқа дәнекер ұлпасы.[1]
Сүйек ұлпасы сүйек жасушалары — остеоциттерден жәнежасушааралық зат — сүйек тақташаларынан тұрады. Сүйекұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар депатайды. Сүйек ұлпасы қаңқа сүйектерін құрайды. Сүйектерсыртынан сүйекқаппен (периост) қапталған. Сүйектерорганизмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерінатқарады және минералдық тұздар мен май алмасуынақатысады.[2]
Дөрекі талшықты (ретикулофиброзды) сүйек ұлпасы - матрикстегі коллаген талшықтарының ретсіз орналасуыменсипатталады. Ол салыстырмалы түрде төмен механикалықберіктігімен сипатталады және әдетте остеобласттар жоғарыжылдамдықпен остеоид түзген кезде пайда болады. Әдетте, бұл ұрықтың сүйек тінінің қалыптасуы кезінде, патологиялық жағдайларда - сүйек сынығын емдеу кезінденемесе Пагет ауруы кезінде пайда болады. Остеоциттерденелері бар лакуналардың тұрақты бағыты болмайды. Дөрекі талшықты сүйек тінінде остеоциттердің мөлшеріпластикалыға қарағанда жоғары, ал оның матрицасынданегізгі зат көп және минералды компоненттер аз болады. Сүйек тінінің қалыпты дамуы мен регенерациясы кезіндедөрекі талшықты сүйек тіндері біртіндеп пластикалығасүйек ұлпасымен ауыстырылады. Ересек адамда тек бас сүйегінің өскен тігістерінде және кейбір сіңірлердің сүйеккебекінген жерлерінде ғана сақталады.
Пластинкалы сүйек ұлпасы - ересек адамда бүкіл сүйекқаңқасын құрайды. Оның минералданған жасушааралықзаты қалыңдығы 3-10 мкм арнайы сүйек пластинкаларынантұрады, олардың әрқайсысында параллельді жіңішкеколлаген талшықтары бар. Көршілес пластиналардыңталшықтары бір-біріне бұрыш жасап жатады, бұл оларғаәсер ететін жүктемелердің біркелкі таралуына ықпал етеді. Сүйектегі пластиналар бірнеше жүйені құрайды. Остеоциттер денелері орналасқан лакуналарпластинкалардың арасында рет-ретімен орналасады, ал жасуша өсінділері орналасқан сүйек түтікшелеріпластинкаларға тік бұрышпен енеді.

6 билет
1.Цитоплазманы жабатын тірі жасуша мембранасының қандай функциялары бар?


Жасуша мембранасы — жасуша цитоплазмасын сыртқы ортадан немесе басқа жасуша қабығынан бөлетін мембрана.
Плазмалық жарғақша (лат. membrano - жарғақ, қабық) жасушаның сыртын қаптайды, май мен нәруызды заттардан түзілген. Өсімдіктердің плазмалық жарғақшасының сыртында цитоплазмадан бөлінген өлі заттан түзілетін жасунықты (целлюлозалы) қалың қабықшасы болады. Мұндай қабықша жануарлар мен адамның жасушаларында болмайды. Олардың жасушалары тек плазмалық жарғақшамен ғана қапталады.

Жарғақшаның қызметі:


Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен кажетсіз өнімдер жарғақша арқылы өтеді. Плазмалық жарғақшаның өте жұқарған жерінде жұқалтырлы ұсақ тесікшелер - шұрықтар болады. Заттардың барлығы осы шұрықтар арқылы өтеді.


Плазмалық жарғақша жасушаның ішіне қажетті заттарды оңай өткізіп, зиянды заттарды өткізбейді;
Жарғақша арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды. Әр түрлі заттар тек жасушаның ішіне ғана өтпей, көршілес жасушаларға да өтеді. Қатар жатқан екі жасушаның цитоплазмалары саңылау арқылы бір-біріне өтеді.

2. Гаструляция. Жануарлардың әртүрлі топтарындағы гаструляция әдістерін сипаттаңыз.


Гаструляция — гаструлану, ұрықтың іштегі дамуы барысында бластула жасушаларының одан әрі көбеюімен, өсуімен, жетіліп бағытты орын ауыстыруымен және сапалы айырмашылықтар мен өзгерістердің жүруімен сипатталатын күрделі биохимиялық және морфогенетикалық процесс.
Эмбриогенездің гаструляция кезеңінің алғашқы кездерінде бластуланың бірқабат жасушаларынан тұратын бластодермадан екі қабат ұрық жапырақшаларынан құралған ұрық — гаструла дамиды. Оның сыртқы ұрық жапырақшасы — эктодерма (грек, ektos — сыртқы; derma — қабық, тері), ішкі ұрық жапырақшасы - энтодерма (грек, endon - ішкі және қабық). Энтодермамен қапталған қуыс - алғашқы ішек (гастроцель), ал гастроцель қуысының сыртқа қарай ашылған тесігі - алғашқы ауыз (бластопор) деп аталады. Гаструляцияның соңғы кезеңінде эктодерма мен энтодерманың аралығында хордомезодермалық өскін жетіліп, кейінірек одан хорда және мезодерма (грек, mesos — аралық, ортаңғы және қабық) дамып жетіледі.
Гаструланың дамып жетілуі бластуланың құрылысына байланысты. Сондықтан, әртүрлі жануарларда гаструляция процесі түрліше жүреді. Гаструляцияның төрт түрі ажыратылады: инвагинация — қынаптану, эпиболия — қаптап өсу, иммиграция — ішке көшу, деламинация — жасушалар қабаттарына жарылып ажырау.
Гаструладан кейінгі кезең - мүшелердің пайда болуы органогенез деп аталады.

3. Вегетативті жүйке жүйесі дегеніміз не? Оның қандай бөліктері бар және немен сипатталады?


4.Эпителийдің шекаралық ұлпа ретінде сипаттамасы. Эпителийдің әртүрлі түрлерінің шығу тегі. Эпителийдің морфологиялық және функционалдық жіктелуі. Эпителийдің шекаралық ұлпа ретінде сипаттамасы. Эпителийдің әртүрлі түрлерінің шығу тегі. Эпителийдің морфологиялық және функционалдық жіктелуі.


Эпителий ұлпасы (эпителиальная ткань); (textus epithelialis, лат. textus — ткань, ұлпа; грек, ері — үстінде, thele — кеуделік емізікше) организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа. Эпителий ұлпасы: жабынды және безді эпителий болып екіге бөлінеді. Жабынды эпителий ұлпасы организмді қаптап, оның ішкі ортасын қоршаған сыртқы ортадан бөліп тұрады. Эпителий ұлпасы бір-бірімен тығыз орналасқан эпителий жасушаларынан (эпителиоциттерден) құралған. Эпителий ұлпасы шекаралас борпылдақ дәнекер ұлпасынан негіздік жарғақ (базальды мембрана) оқшауланады. Эпителий ұлпасында қан тамырлары болмайды, сезімтал жүйке үштарына бай. Бірқабатты эпителий ұлпасы эпителиоциттерінде полюстік айырмашылык (апикальды және базальды полюстер) болады. Эпителиоциттердің қалпына келу (регенерация) қабілеті жақсы жетілген. Жабынды эпителий ұлпасы: бірқабатты және көпқабатты эпителий болып екі топқа бөлінеді. Бірқабатты эпителий ұлпасында барлық эпителиоциттер негіздік жарғақта орналасады, ал көпқабатты эпителийде базальды мембранамен оның тек төменгі қабатта орналасқан жасушалары жанасады. Безді эпителий ұлпасы — организмде өздерінен арнайы бөліңділер бөлетін бездер паренхимасын құрайды. Бездер: экзокринді және эндокринді болып бөлінеді. Эпителий ұлпасы организмде қорғаныс қызметін атқарады, зат алмасу, процесіне қатысады, сірлі сұйық және түрлі бөлінділер бөледі.
Эпителий ұлпасы құрылысына қарай бір қабатты, көп қабатты болады. Егер жасушалары бірнеше қабат түзіп орналасса - көп қабатты деп аталады. Мысалы, терінің сыртқы қабатының жасушалары көп қабатты болғандықта, қасаңданып түлеп түседі. Оның орнын терең қабатындағы жасушалар толықтырады. Жасушаларының пішіні мен атқаратын қызметіне қарай эпителий ұлпалары алты топқа бөлінеді:

1. Жалпақ эпителий (көп қабатты) жасушалары көп қырлы, терінің үстіңгі қабаты мен ауыз қуысы, өңештің ішкі жағын астарлайды;


2. Текшелі (кубический) эпителий бүйректің өзекшелерін іш жағынан астарлап тұрады;
3. Бағана тәрізді эпителидің жасушалары ұзынша, қарын мен ішектердің ішкі қабатында орналасқан;
4. Кірпікшелі эпмтелий бағана тәрізді жасушаларының бетінде цитоплазмадан түзілген кірпікше тәрізді өсінділері болады. Әсіресе тыныс жолдарындағы кірпікшелі эпителилер шаң - тозаң бөлшектерін және тағы басқа бөгде заттарды ұстап қалады;
5. Сезгіш эпителий тітіркенуді қабылдайды, иіс сезу эпителийлері мұрын қуысында орналасқан;
6. Безді эпителий жасушалары сүт, тері , жас, сілекей, құлық бөледі.

1.Жасушаның негізгі үш компоненті қандай? Неліктен жануарлар жасушасының мембранасы эндоцитозға қабілетті?

Барлық тірі организмдер тек микроскоппен ғана көруге болатын ұсақ бөлшектерден тұрады. Бұл бөлшектерді кейіннен жасуша деп атаған. Алғаш «жасуша» атауын 1665 жылы Роберт Гук қолданған және сол уақыттан бері бұл атау ғылымда бекітілді.
Барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады. Олардың мөлшері, пішіні әртүрлі, қызметтері де түрліше болады. Дегенмен түрлі организмдер жасушаларының құрылысы мен химиялық құрамында ұқсастықтардың да бар екені анықталған. Кез келген жасуша — тұтас тірі жүйе, ол өзара байланысқан үш бөліктен: қабықшадан, цитоплазмадан және ядродан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет