1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет18/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Қантүзілу немесе гемопоэз — қан жасушаларының түзілу, даму және толық пісіп жетілу процесі, яғни қан жасушаларының адам мен жануарлар организмінде белгілі бір қызмет атқаруға маманданған жасушаларға айналғанға дейін, көпсатылы дамудан өтетін күрделі процес.
Омыртқасыз жануарларда қантүзу мүшелерінің жетілмеуіне байланысты қантүзілу негізінен қуыстық сұйықта және қанның өзінде, ал адам мен омыртқалы жануарларда бұл процесс қан жасау мүшелерінде жүреді. Қан тірі ұлпа ретінде ұрықтық кезеңде дамып жетіледі. Ал іштегі төл (нәресте) туғаннан соң, қанда негізінен физиологиялық қалпына келу процесі жүреді. Осыған байланысты қантүзілудің екі түрі ажыратылады. Олар: ұрықтық және туғаннан кейінгі қантүзілу.
Ұрықтық қантүзілу — қанның ұлпа ретіндегі даму және қалыптасу процесі. Қан мен қан тамырлары ұрықтың алғашқы даму сатысында ұрық организмінен тыс, сарыуыз қапшығының қабырғасында мезенхимадан қан аралшықтары ретінде қалыптасып дамиды.
Қан тамырлары қуысындағы біріншілік қан жасушалары қатарларынан, өздерінің цитоплазмасында гемоглобин жинақтаған жасушалардан — біріншілік эритробласттар жетіледі. Олардың біраз бөлігі мөлшері әртүрлі ядролы және ядросыз ірі біріншілік эритроциттерге (мегалобласттар мен мегалоциттерге) айналады. Бұл процесті мегалобласттық қантүзілу деп атайды. Мегалобласттық қантүзілу адам мен жануарлардың эмбриондық кезеңіне тән процесс.
Ал қалған біріншілік эритробласттардан ұзақ даму процесінің нәтижесінде есейген адамдар мен жануарлар эритроциттеріне ұқсас екіншілік эритроциттер түзіледі. Сарыуыз қапшығы қан тамырларының сыртқы жағындағы мезенхима клеткаларынан қалыптасқан біріншілік қан жасушаларынан дәншелі лейкоциттердің (гранулоциттердің) діңгекті жасушалары дамиды. Бұл процесс миелопоэз деп аталады.

Туғаннан кейінгі қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемік майының миелоидты(гр. myelos ми, жілік майы) және тимустың, көкбауырдың, лимфа түйіндері мен лимфа түйін- шіктерінің лимфоидты ұлпаларында жүреді.
Туғаннан кейінгі кезеңінде қан жасушалары эмбриондық кезеңде ұрықтың қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанған қанның діңгекті жасушаларынан дамиды.
Діңгекті жасушалар - барлық қан жасушаларына ортақ, олардың бастама ізашар жасушалары. Олар құрылысы мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас. Адам мен жануарлар организмдерінде діңгекті жасушалар сан жағынан әр уақытта салыстырмалы тұрақты деңгейде болады. Діңгекті жасушалардан қанның қандай жасушаларының дамып жетілуі керек екендігін, оларды қоршаған қан жасау мүшелері стромасының микроорталары анықтайды. Сүйектің қызыл кемігі майы мен көкбауырда аталған микроортаны ретикулалы ұлпаның түрлі жасушалары, ал тимус пен фабриций қапшығында олардың стромасын түзетін торлы эпителий жасушалары құрайды
Қан (гр haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет