Шеміршек ұлпасы (хрящевая ұлпа); (textus cartilagineus, лат.textus — ұлпа; лат.cartilago - шеміршек) — қаңқадәнекер ұлпасы. Шеміршек ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттардан құралған.
Жасушааралық заттың құрылыс ерекшеліктеріне байланысты ол: гиалинді, эластинді және талшықты шеміршек ұлпалары болып үш түрге бөлінеді.
Гиалинді шеміршек ұлпасының жасушааралық заты мөлдір біркелкі болып келеді.
Эластинді шеміршек ұлпасының жасушааралық затында эластин талшықтары, ал талшықты шеміршек ұлпасында коллаген талшықтарының будалары болады.
Шеміршек ұлпасы сыртынан шеміршекқаппен (перихондрий) қапталған. Шеміршек ұлпасының жасушаларына прехондробласттар, хондробласттар, хондроциттер жатады. Жасушааралық зат — шеміршек ұлпасының негізін құрайды. Оның құрғақ салмағының 50-70% коллагеннен тұрады. Жасушааралық заттың құрамына хондрин талшықтары мен хондромуконд (мукополисахарид) кіреді]. Шеміршек ұлпасы организмде тіректік, қорғаныс және механикалық қызметтер атқарады
Сүйек ұлпасы(textus osseus, лат textus — ұлпа; лат.os, ossis — сүйек) — қаңқа дәнекер ұлпасы.
Сүйек ұлпасы сүйек жасушалары — остеоциттерден және жасушааралық зат — сүйек тақташаларынан тұрады. Сүйек ұлпасын түзетін жас жасушаларды остеобласттар деп атайды. Сүйектер сыртынан сүйекқаппен (периост) қапталған. Сүйектер организмде тіректік, механикалық, қорғаныс қызметтерін атқарады және минералдық тұздар мен май алмасуына қатысады
Негізі сүйек ұлпасы екі түрі бар
1.ретикулофиброзды
2.пластинкалы
Дөрекі талшықты (ретикулофиброзды) сүйек ұлпасы - матрикстегі коллаген талшықтарының ретсіз орналасуымен сипатталады. Ол салыстырмалы түрде төмен механикалық беріктігімен сипатталады және әдетте остеобласттар жоғары жылдамдықпен остеоид түзген кезде пайда болады. Әдетте, бұл ұрықтың сүйек тінінің қалыптасуы кезінде, патологиялық жағдайларда - сүйек сынығын емдеу кезінде немесе Пагет ауруы кезінде пайда болады. Остеоциттер денелері бар лакуналардың тұрақты бағыты болмайды. Дөрекі талшықты сүйек тінінде остеоциттердің мөлшері пластикалыға қарағанда жоғары, ал оның матрицасында негізгі зат көп және минералды компоненттер аз болады. Сүйек тінінің қалыпты дамуы мен регенерациясы кезінде дөрекі талшықты сүйек тіндері біртіндеп пластикалыға сүйек ұлпасымен ауыстырылады. Ересек адамда тек бас сүйегінің өскен тігістерінде және кейбір сіңірлердің сүйекке бекінген жерлерінде ғана сақталады.
Пластинкалы сүйек ұлпасы - ересек адамда бүкіл сүйек қаңқасын құрайды. Оның минералданған жасушааралық заты қалыңдығы 3-10 мкм арнайы сүйек пластинкаларынан тұрады, олардың әрқайсысында параллельді жіңішке коллаген талшықтары бар. Көршілес пластиналардың талшықтары бір-біріне бұрыш жасап жатады, бұл оларға әсер ететін жүктемелердің біркелкі таралуына ықпал етеді. Сүйектегі пластиналар бірнеше жүйені құрайды. Остеоциттер денелері орналасқан лакуналар пластинкалардың арасында рет-ретімен орналасады, ал жасуша өсінділері орналасқан сүйек түтікшелері пластинкаларға тік бұрышпен енеді.
Сүйек ұлпалары үш түрлі клеткалардан тұрады
1остеоцит
2остеобласт
3остекластар
Әр түрлі жануарлардың жұмыртқаларының құрылысын сипаттаңыз (ланцетник, балық, қосмекенділер, құстар, сүтқоректілер және адамдар). Жұмыртқа жасушаларының құрылымдық ерекшеліктерін осы жануарлардың эмбриональды даму ерекшеліктерімен байланыстырыңыз.
Ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады.Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта болады.Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді.Жұмыртқанын. бөлі-не бастаған мезгілден 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және ал-ғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады.Сондықтан да, онын, бөлінуі толық және біркелкі түрдежүреді.
Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады
Балық. Аналық ағзаның бір жұп аналық безінде уылдырық деп аталатын өте майда жұмыртқалар түзіледі
Балықтар уылдырықтарын суға жеке-жеке шашпайды. Көп жағдайда уылдырықтар бір-бірімен сілемейлі, тығыздау шырышты зат арқылы байланысады. Ішінде жүздеген, кейде миллиондаған уылдырықтары бар осындай мөлдір түзілім су түбіндегі өсімдіктерге бекініп тұрады
Алғашқы кезеңде уылдырықтан қалған кішкентай сарықапшық түріндегі қоректік затпен қоректенед.Одан соң уылдырық қабығынан шығады.Майда жасыл балдырларды, қарапайым жәндіктерді, ұсақ шаяндарды қорек етеді. Өздігінен қорек аулап, тіршілік ете бастаған балық дернәсілін шабақ дейді. Шабақ ересек балыққа ұқсас болады.
Жорғалаушылар мен құстардың көбеюінде де ұқсастықтар бар. Бұлар ұрықтың дамуына қолайлы жағдайлары (жылу мен ылғал) бар жерге іштей ұрықтанып жұмыртқалайды. Құстар ұя салады. Ал кесіртке, шаян, тасбақа жұмыртқаларын құм, көң, өсімдік қалдықтары шіріндісінің арасында қалдырады
Құстың да, жорғалаушының да жұмыртқадағы ұрықтарының дамуы өткен омыртқасыздар ұрықтарының даму сатыларынан өтеді. Жұмыртқа ішіндегі дамуының соңында балапан жұмыртқаны түгел толтырады (3а-сурет). Тек жұп-жұқа жарғақ пердемен бөлінген, ішінде ауасы бар жұмыртқаның бір шетіндегі қуыс қана сақталады. Балапан тұмсығымен әлгі жұқа пердені тесіп, алғаш рет ауамен тыныс алады. Одан соң мүйізді кішкентай тұмсығымен жұмыртқаның қатты қабығын тесіп, сыртқа шығады Сүтқоректілердің жұмыртқалары мөлшері жағынан онша үлкен емес Мысалы, үйқоян жұмыртқажасушасының мөлшері 0,2 мм, микроскоппен ғана көруге болады. Ұрықтануы аналық ағзадағы жұмыртқа жолында жүреді.Ана ағзасымен байланысын қамтамасыз ететін мүше – ұрықжолдас (плацента) пайда болады. Ұрық ұрықжолдасқа кіндік арқылы байланысады. Кіндікті қан тамырлар торлап жатады. Осы қан тамырлар арқылы ұрық ана қанындағы қоректік заттармен, оттегімен қамтамасыз етіледі. Ұрық денесіндегі зиянды заттар мен көмірқышқыл газы ана қанына кіндік арқылы тасымалданып, оның зәршығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Баласын тірі туатын жануарлардың ұрықты құрсақта көтеру кезеңі буаздық деп аталады. Ұрықтың жатырда даму ұзақтығы сүтқоректілердің барлығында бірдей емес. Мысалы, сұр тышқанның буаз болу мерзімі – 18 күн, арқардыкі 150 күн болса, піл баласын 600 күндей көтереді
11 билет
Вакуоль өсімдік жасушасында қандай рөл атқарады? Хлоропласттар өсімдік жасушасында қандай рөл атқарады? Плазмодесма дегеніміз не?