Туғаннан кейінгі қантүзілу процесі сүйектің қызыл кемік майының миелоидты(гр. myelos ми, жілік майы) және тимустың, көкбауырдың, лимфа түйіндері мен лимфа түйін- шіктерінің лимфоидты ұлпаларында жүреді.
Туғаннан кейінгі кезеңінде қан жасушалары эмбриондық кезеңде ұрықтың қан жасау мүшелеріне келіп қоныстанған қанның діңгекті жасушаларынан дамиды.
Діңгекті жасушалар - барлық қан жасушаларына ортақ, олардың бастама ізашар жасушалары. Олар құрылысы мен мөлшері жағынан кіші лимфоциттерге ұқсас. Адам мен жануарлар организмдерінде діңгекті жасушалар сан жағынан әр уақытта салыстырмалы тұрақты деңгейде болады. Діңгекті жасушалардан қанның қандай жасушаларының дамып жетілуі керек екендігін, оларды қоршаған қан жасау мүшелері стромасының микроорталары анықтайды. Сүйектің қызыл кемігі майы мен көкбауырда аталған микроортаны ретикулалы ұлпаның түрлі жасушалары, ал тимус пен фабриций қапшығында олардың стромасын түзетін торлы эпителий жасушалары құрайды
13 билет
ДНҚ құрылымының қандай ерекшеліктері ДНҚ тұқым қуалайтын ақпаратты сақтайды және береді деген гипотезаны қолдайды?
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегігенетикалық ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтамасыз етуіне жауапты нуклеин қышқылының екі түрінің бірі. ДНҚ-ның жасушадағы басты қызметі - ұзақ мерзімге РНҚ мен ақуызға қажетті ақпаратты сақтау.
ДНҚ-ның ерекшелiгi. Бiр организмнiң барлық жасушарындағы ДНҚ молекуласының құрамы, құрылымы бiрдей болады да, жасына, ортадағы жағдайына тәуелдi емес.
ДНҚ молекуласының полинуклеотид тiзбегiндегi нуклеотидтердiң ретi – ұрпақтан-ұрпаққа берiлетiн генетикалық мәлiмет.
ДНҚ-ның негізгі құрылымдық бірлігі – үш бөліктен құралған нуклеотид.
Бірінші бөлігі – дезоксирибоза (бескөміртекті қант);
екіншісі – пурин негіздері: аденин (А) менгуанин (Г) және пиримидиндік негіздер: тимин(Т) мен цитозин (Ц);