1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет29/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68
Байланысты:
цито сессия

Борпылдақ ұлпа (textus laxus; лат. textus — ұлпа; laxus - борпылдақ) - адам мен жануарлар организмдері көптеген мүшелерінің құрамында кездесетін, денеде ең көп тараған дәнекер ұлпасы. Борпылдақ ұлпа — жасушалардан (фибробластоциттер, макрофагоциттер және т.б.) және жасушааралық заттан (коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, пішінсіз — аморфты негізгі зат) тұрады. Фибробластоциттер — борпылдақ ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын талшықтарды түзеді, ал макрофагоциттер немесе гистиоциттер (моноцитгер туындысы) — қорғаныс қызметін атқарады. Борпылдақ ұлпада бұлардан басқа адвентициальды жасушалар, плазмоциттер, ұлпа базофилдері (шырлы жасушалар немесе лаброциттер), адифоциттер (липоциттер немесе май жасушалары), лимфоциттер болады. Борпылдақ ұлпаның жасушааралық затына: коллаген және ретикулин талшықтары (беріктік қызмет атқарады) мен эластин талшықтары (серпімділік қасиеттер береді) жатады. Ал аморфты зат — борпылдақ ұлпаның бірыңгай негізін құрайтын пішінсіз зат. Борпылдақ ұлпадағы зат алмасу процесін — ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Ол борпылдақ ұлпа арқылы үздіксіз ағып жатады және тұрақты қозғалыста болады
Омыртқалы жануарлардың эмбриогенезі процесінде эмбрионнан тыс мембраналардың түзілуін, олардың құрылысы мен функционалдық маңыздылығын сипаттаңыз
Ұрықтыңдамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және грек. genesіs — шығу тегі) — ұрықтанғаннанбастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесетуғанға дейінгі ұрықтың даму мерзімі.
Ұрықтың дамуының алдында ұрық алды кезеңіболады. Бұл кезеңде жұмыртқаның пісіп жетілуі, өсуі және белгілі бір пішінге енуі жүреді. Ал ұрықтың дамуынан кейін қарапайым біржұмыртқа клеткасынан жеке өмір сүруге қабілеттіжәне әр түрлі органдар мен ұлпалардан тұратынкөп жасушалы ағза пайда болады, яғни, постэмбрионалдық даму жүреді. Мысалы, кейбіржануарларда (тікентерілілерде) ұрық дамудың ертекезеңінде қабықшадан шығады, ал негізгі даму процесі постэмбрионалды кезеңде жүреді. Барлықжануарларда ұрықтың дамуыұрық ұрықтанудан (қараңыз Ұрықтану) немесежұмыртқаның белсенділігінің артуынан(қараңыз Партеногенез) бөлшектену, гаструляция, нейруляция, гистогенез, органогенез, системогенезкезеңдерінен өтеді. Бір жасушалы ұрықтың бөлінуарқылы көп жасушалы ұрыққа айналукезеңін бөлшектену деп атайды. Бөлшектенунәтижесінде көп жасушалы ұрық— бластула түзіледі. Бластула әр түрліжануарларда түрліше болады. Ол:
сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),
құстарда, бауырыменжорғалаушыларда — дискобластула,
қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада — целобластула деп аталады.
Гаструляция процесі кезінде ұрықжапырақшасында жекелену жүреді, яғни, ішкібөлікте — энтодерма, сыртқы бөлікте— эктодерма, ал ортасында— мезодерма қалыптасады. Жүйке түтігініңтүзілуін нейруляция дейді. Ұрықжапырақшаларынан жануарлар ағзасы тіндерініңқалыптасуы — гистогенез, ал тіндерденоргандардың түзілуін — органогенез, органдардан жүйелердің қалыптасуын— системогенез деп атайды. Ұрықтың дамуыныңерте кезеңінде эмбрионалды жасушалар көптегенбағыттарда дамуға қабілетті болады. Бірқатарфакторлардың әсерінен кейін олардетерминияланады, яғни, бағытталған бір жүйедедамуы барысында олардың құрылымы мен қызметі мамандана бастайды. Мысалы, эктодерманың жүйке жүйесі түзілетінбастамасында бас миы жекеленіп, оның бірбөлігінде көздің бастамасында дамиды да, колба және таяқша тәрізді көру жасушаларықалыптасады. Ұрықтың дамуы жасушада тұқымқуалау аппаратымен анықталады. Ядродаболатын хромосомалар бір белоктың құрылымытуралы ақпарат жазылғанкөптеген гендерден құралған. Генде кодталғаната-ана ағзасындағы белгілер ұрықтың дамуыкезінде іске асады. Клеткалар бөлінген кездегендердің толық жиынтығын алады, бірақ та әртінде сол тінге ғана тән белоктардың синтезінқамтамасыз ететін гендер бөлігі жұмыс істейді. Сондықтан да генетикалық деңгейде ұрықтыңдамуы жеке гендердің “жұмыс” істеуінебайланысты болады. Гендер қызметі өсіп кележатқан жұмыртқа жасушасында сары уыз жәнеРНҚ молекуласының барлық типтеріжинақталғанда басталады. Ұрықтың дамуыдыңбарысында тұқым қуалаушылықтың жүзеге асуымына бағытта жүреді:
дифференциация факторлары арнайы гендердііске қосып, олар қажетті белоктарды синтездейді, ал
белоктар болса, жасушалардыңдифференциациясының жүруін қамтамасыз етеді.
Бұл процесте көптеген белоктардың қызметтеріанықталған. Мысалы, гемоглобин — эритроциттердің қалыптасуы барысында; миозин — бұлшық еттің пайдаболу кезінде, ферменттер мен гормондар — әртүрлі бездердің даму барысында түзіледі. Ұрықтың дамуы кезіндегі гендердің қосылуы мен ажырауынының механизмі толықтай анықталғанжоқ. Сондықтан жасуша пішінінің өзгерісін, ұрықтың дамуы барысында олардың қозғалысынжәне бағытын анықтайтын белоктар да аз зерттелген. Ұрықтың дамуыныңсоңында ұрықтың қабықшадан шығуы немесетуылуы үшін қабықшаны ерітетін ферменттерсинтезделеді немесе қауызды жарып шығатынарнайы құрылым пайда болады.
3. Көмірсулар кешеніне мембраналар қандайзаттармен енеді? Барлық эукариоттықжасушалардың ядросы бар ма?
Эукариоттар (грек. еu – жақсы, толығыменжәне karyon – ядро) – құрамында ядросы бар организмдер
Эукариоттарға барлық жоғары сатыдағыжануарлар мен өсімдіктер, сондай-ақ бірнемесе көп жасушалы балдырлар, саңырауқұлақтар және қарапайымдар жатады. Эукариоттаржасушалары прокариоттармен салыстырғандакүрделі келеді. Эукариоттар жасушаларыкөптеген ішкі мембраналармен жеке бөліктерге(компартементтерге) бөлінеді. Бұл бөліктердебір мезгілде бір-біріне тәуелсіз әр түрлі хим. реакциялар жүреді. Бұл жасушаларда ядро мен түрлі органеллалар(митохондрия, рибосома, Гольджи кешені) қызметтері жақсы жіктеледі. Клетка ядросы, митохондриялар, пластидтер цитоплазмадан екіқабат мембрана арқылы шектеледі. Ядродажасушаның генетикалық материалдары (ДНҚ, онымен байланысқан заттар) шоғырланады. Өсімдік жасушаларының хлоропластарынегізінен Күн сәулесін сіңіріп, оны фотосинтез нәтижесінде органикалық заттардың химиялықэнергиясына айналдырса, митохондрияларкөмірсулар, майлар, ақуыздар, т.б. органикалыққосылыстарды ыдыратып энергия түзеді. Эукариоттар жасушалары цитоплазмасыныңмембраналық жүйесі (эндоплазмалық тор, Гольджи кешені) – жасуша әрекетінқамтамасыз ететін макромолекулаларды түзіп, жинақтайды. Эукариоттар жасушалары митоз жолымен бөлінеді.

12 билет
Жасушадағы ақуыздар, липидтер және көмірсулар қандай жалпы функцияларды орындайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет