1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет35/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
ДНҚ

Белгілер

2

Жіпшелері

Ядрода

Орналасуы

ДНҚ-полимераза

Ферменті

АТГЦ

Нуклеотидтері

Дезоксирибоза

Қанты

Генетикалық ақпаратты
сақтап зат алмасу
процестерін қадағалау

Қызметі



Аталық пен аналық жыныс жасушалар жыныс жасушаларының құрылымы мен қызметі, олардың дамуының негізгі кезеңдері.


Овогенез

Белгісі

Сперматогенез

Тууға дейін ғана

Әуелгі жасушалар көбейген кезде

Жыныстық пісіп жетілу басталғанда және жыныс қызметі сөнген кезде

1 жұмыртқажасуша

Жыныс безінің бір жасушасынан нәтижесінде түзілген толық жарамды гаметалар

сперматозоид

Көп (қатысады)

Гаметалардағы (митохондриялы ДНҚцитоплазма саны

Аз (жоқ болу)

«Сәулелі тәжі» бар, екі сперматозоидтың бір мезгілде ұрықтандыруына кедергі келтіреді

Қосалқы жасушалар

Жоқ

Жоқ. Губкаларда және ішекқуыстыларда ол амебаға ұқсас, сперматозоидтарды қарпуы мүмкін

Гаметалардың қозғалғыштығы

Бар


Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі. Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері (ұрықшығарушы өзекшелер, ұрықтық көпіршіктер, сыңар қуықасты безі) жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.
Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады.
Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі.
Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді,мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді.
Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады.
Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы — кіші жамбас қуысында орналасады. Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрадыБездік көпіршік жарылып, ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция) деп атайды. Бұл үдеріспен етеккірдің (менструация) келуі тығыз байланысты. Етеккірекінші реттік жыныстық жетілуден бастап, шамамен 50 жасқа дейін созылады.
Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де токтайды. Жарылған безді көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон бөледі.
Жатыр - қуықтың артына таман жамбас шоңкимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше. Нәресте туғанға дейін ұрық жатырда дамиды. Жатырдың төменгі жағында сыртқа ашылатын бұлшыкетті түтікше - қынап болады. Жатырда дамып жетілген нәресте әйелдер босанатын кезде қынап арқылы сыртқа шығады. Жатырдың қынапқа дейінгі аралығын жатыр мойны дейді. Жатыр мойнын сақина тәрізді бұлшықеттер орап тұрады. Қынап сперматозоидты қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшыкетті мүше. Аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін дәрігерді гинеколог (гр.gynaikos - әйел) дейді.
Аталық жыныс жасушалары — сперматозоидтардың даму процесін сперматогенез (спермиогенез), ал аналық жыныс жасушалары — овоциттердің дамуын ''овогенез'' деп атайды.
Сперматогенез процесі аталық жыныс безінің (ен) ирек тұқымдық өзекшелері қабырғаларында жүреді. Ол төрт: көбеюөсужетілу және қалыптасу кезендерінен тұрады.

  • Көбею кезеңінде жас жыныс клеткалары үздіксіз митоздық бөліну арқылы көбейіп, сперматогониялар (алғашқы аталық жыныс жасушалары) түзіледі. Олардың біраз бөлігі митоз арқылы бөлініп, одан әрі көбейе береді. Ал қалған бөлігі бөлінуін тоқтатып, сперматогенездің келесі өсу кезеңіне өтеді.

  • Өсу кезеңінде сперматогониялар келесі кезеңдердегі бөліну процестеріне қажетті заттармен (ДНҚпротеиндермен) қорланып, үлкейіп өседі де, біріншілік

сперматоциттерге айналады.

  • Жетілу кезеңі жыныс жасушаларының қатарынан екі рет бөлінуімен ерекшеленеді.

Бірінші бөліну нәтижесінде екіншілік сперматоциттер, ал екінші рет бөлінуден соң, екіншілік сперматоцитерден ядроларында хромосомалардың гаплоидты (сыңар хромосомалар) жиынтығы болатын сперматидалар пайда болады.

  • Қалыптасу кезеңінде сперматидалардан сперматозоидтар түзіледі. Әрбір біріншілік сперматоциттен төрт сперматозоид жетіледі.

Овогенез аналық жыныс безінің (жұмыртқалықтың) фолликулды аймағында (жыныс жасушаларының даму процесі жүретін жұмыртқалықтың аймағы) жүреді. Овогенез процесінде овоциттер үш даму кезендерінен: көбею, өсу және жетілу кезеңдерінен өтеді. Аталған кезендерде кезегімен әртүрлі даму сатыларындағы аналық жыныс жасушалары: овогониялар, біріншілік овоциттер, екіншілік овоциттер және пісіп жетілген овоциттер (жүмыртқа жасушалары) дамиды. Әрбір біріншілік овоциттен тек бір ғана жүмыртқа жасушасы (овоцит) пісіп жетіледі. Овоцитпен қатар, кейіннен кері ыдырап кететін 3 бағыттауыш денешіктер де пайда болады.

Жасушалардың ұқсастығы мен айырмашылығының негізгі белгілерін атаңыз?
Жасуша — тірі организмдердің (вирустардан басқа) құрылымының ең қарапайым бөлігі, құрылысы мен тіршілігінің негізі; жеке тіршілік ете алатын қарапайым тірі жүйе
«Жасуша» терминін ғылымға 1665 жылы ағылшын жаратылыстанушысы Р.Гук (1635 – 1703) енгізген. Тіршілікті Жасуша тұрғысынан зерттеу – қазіргі заманғы биологиялық зерттеулердің негізі.
Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді.
Өсімдіктер мен жануарлар жасушасының құрылысы бірдей, тіршілік процестері ұқсас болғанына қарамастан, ерекшеліктері мен айырмашылықтары да болады. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының бірінші ерекшелігі олардың жасуша қабықшасына қатысты. Өсімдік жасушаларының жасуша қабықшасы қалың, тығыз жасұнықтан (клетчатка) тұрады. Ал жануарлар жасушаларының жасуша қабықшасы жұқа болады. Келесі ерекшелігі — өсімдік жасушасының цитоплазмасында пластидтердің болуы. Пластидтердің құрамындағы пигменттеріне байланысты үш түрі болады: жасыл — хлоропластар, түрлі түсті боялған — хромопластар, түссіз — лейкопластар. Өсімдіктердің жасыл түсінің басым болуы құрамында хлорофилі бар хлоропластарға байланысты. Оның қатысуымен күн энергиясы химиялық заттар энергиясына айналады.
Жануарлар жасушасында пластидтер болмайды. Неге? Жануарлардың қоректену тәсілі гетеротрофты болып табылады — олар өсімдіктер түзген дайын органикалық заттарды қолданады. Үшіншіден, өсімдік жасушасында мөлдір көпіршіктер, іші жасуша шырынына толған ірі вакуольдер болады. Вакуоль су алмасуы мен тургор қысымын қамтамасыз етеді. Вакуольдерде қоректік заттардың ерітінділері болады. Жануарлар жасушасында вакуольдер жоқ. Тек қана біржасушалы организмдерде ғана бар. Мысалы, кәдімгі амебада (біржасушалы жануарлар) асқорыту вакуолі (қоректің ыдырауына жауапты) және жиырылғыш вакуолі (артық судың сыртқа шығарылуына жауапты) болады. Өсімдік жасушасында қорға жиналатын көмірсу крахмал болса, жануар жасушасында гликоген жиналады.

Провизорлық органдар. Хорион, амнион, сарысы қапшық, аллантоис. Олардың құрылымы мен функционалдық маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет