1 Пәннің мақсаттары мен міндеттерін тұжырымдаңыз. Ғылым дамуының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз



бет32/68
Дата27.01.2023
өлшемі4,25 Mb.
#63187
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68
Бірінғай салалы бұлшықет ішкі мүшелерді( ішек, қарын, қантамырлар, қуық т.б) астарлап жатады адамның еркінен тыс жүзеге асады

Көлдене жолақты бұлшықет дейтін себебі бұлшықет талшықтары көлдененінен жолақтанып жатады. Талшықтарының пішіні цилиндр тәрізді, диаметірі-0,1 мм ,ұзындығы бірнеше ондаған мм-ге жетеді. Тұлға,бас,мойын және иық,жамбас белдеулер мен қол-аяқ
бұлшықеттері-қаңқа бұлшықеттерін құрайдыАдамның еркіне сай жиырылады.
Жүректің бұлшықеті құрылысы жағынан көлдене жолақты, қызметі жағынан бірінғай салалы бұлшықетке ұқсайды.Яғни оның жиырылуы адамның еркінен тыс болады. [

Бұлшықеттердің көмекші аппараты
Бұлшықеттің негізгі бөліктері – денесі мен сіңірінен басқа, оның жұмысын жеңілдететін көмекші аппараттар бар. Бұлшықеттер тобы фасция деп аталатын талшықты дәнекер ұлпадан тұратын қабықтармен шандыр қабықпен қоршалған.
Құрылысы мен функциялардың ерекшеліктері бойынша беткей, терең фасцияларды және мүшелердің фасцияларын ажыратады,
Аяқ – қолдардың кейбір буындарының тұсында фасциялар қалыңдап, сіңірлерді ұстап тұруды түзеді. Бұлардың астында сіңірлер өтетін фиброзды және сүйек фиброзды өзектер пайда болады. Сіңірлердің фиброзды өзекте сырғанануын жеңілдететін оны астарлап жатқан синовиальды қабықтан жасалған синовиальды қынап жеңілдетеді.












Аталық пен аналық жыныс жасушалар құрылысын сипаттаңыз.
Аналық жыныс мүшелері 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді.
Сыртқы аналық мушелерге - үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жапсарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады.
Ал ішкі аналық жыныс мушелеріне - екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады.
Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де жамбас шоңқимасы — кіші жамбас қуысында орналасады.

  • Аналық бездердің (яичники) пішіні сопақша, ұзындығы 3-4 см. Салмағы 5-8 г. Аналық бездер де аралас бездерге жатады, яғни жұмыртқа жасушаларын және гормондар (экстрогендер, т. б.) бөледі. 

  • Аналық бездер көптеген безді көпіршіктерден - фолликулалардан тұрады. Олардан бірте-бірте жұмыртқа жасушалары жетіледі. Аналық бездердің үстіңгі жағын жатыр түтігінің сыртқы шашақты шеті көмкеріп тұрады. Бойжеткендерде (екінші реттік жыныстық жетілу кезінде) әрбір ай сайын гипофиз гормондарының әсерінен безді көпіршіктің біреуі жетіледі. Оның ішінде жұмыртқа жасушасы болады, ол алдымен құрсак қуысына, одан соң жатыр түтігіне түседі. Бездік көпіршік жарылып, ішінен жұмыртқа жасушасының сыртқа шығуын, анабездің жетілуі (овуляция) деп атайды. Бұл үдеріспен етеккірдің (менструация) келуі тығыз байланысты. Етеккір екінші реттік жыныстық жетілуден бастап, шамамен 50 жасқа дейін созылады.

Жүктілік кезінде жұмыртқа жасушасының жетілуі де, етеккір де токтайды. Жарылған безді көпіршіктің іші май тектес сары дене деп аталатын затпен толады. Сары дене уакытша гормон бөледі. Егерде жұмыртқа жасушасы сперматозоидпен ұрықтанса, сары дене жүктілік кезінде сақталады. Ал жүктілік болмаған жағдайда, сары дене жойылып кетеді де, етеккір шамамен әр 28 күнде қайталанып отырады. Жатыр түтігі де аналық без сияқты екеу (жұп) болады. Жұмыртқа жасушасы жатыр түтігі арқылы жатырға өтеді.
Жатыр - қуықтың артына таман жамбас шоңкимасының қуысында орналасқан алмұрт пішінді бұлшықетті мүше. Нәресте туғанға дейін ұрық жатырда дамиды. Жатырдың кабырғалары негізінен қалың бірыңғай салалы бұлшықеттерден тұрады. Оның ішкі жағын ұсақ қантамырлармен торлаған сілемейлі қабыкша астарлайды. Жатырдың төменгі жағында сыртқа ашылатын бұлшыкетті түтікше - қынап болады. Жатырда дамып жетілген нәресте әйелдер босанатын кезде қынап арқылы сыртқа шығады. Жатырдың қынапқа дейінгі аралығын жатыр мойны дейді. Жатыр мойнын сақина тәрізді бұлшықеттер орап тұрады. Қынап сперматозоидты қабылдайтын және нәрестені сыртқа шығаратын бұлшыкетті мүше. Қынаптың аузы тері қатпарларынан тұратын жыныс жапсарларының аралығында болады. Жыныстық қатынас жасамаған қыздар қынабының аузы дәнекер ұлпасынан түзілген қызпердемен (қыздық) жартылай жабулы тұрады. Зәр шығарылатын тесік қынап аузымен қатар оның алдыңғы жағында орналасады. Аналық жыныс мүшелерінің ауруларын емдейтін дәрігерді гинеколог (гр. gynaikos - әйел) дейді

Аталық жыныс мүшелері


Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топка бөледі.
Сыртқы аталық мушелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады.
Ішкі аталық жыныс мушелеріне аталық бездер, оның қосалқы бөлімдері жатады. Аталық без (ен) екеу, мөлшері 4-6 см, салмағы 15-30 г.
Аталық бездер - ұманың ішінде орналаскан терілі қалта. Ұманың ішкі қуысы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Ұрықтың дамуы кезінде ұма құрсақ қуысында жатады. Жыныс бездері өзекшелер арқылы ұма қуысына түскен соң, ондағы дәнекер ұлпамен тұтасып кетеді. Бұдан кейін ұма қуысы құрсак қуысынан бөлініп қалады. Егер жыныс бездері ұма қуысына өтпей, құрсақ қуысында қалып қойса, жыныс жасушаларының түзілуіне кедергі жасайды. Әдетте, жыныс бездері шарана жарық дүниеге шығардан бұрын ұма қуысына өтеді.
Аталық бездер ағзада екі түрлі маңызды қызмет аткарады. Біріншіден, олардан аталық жыныс жасушалары - сперматозоидтар түзіледі. Бұл аталық бездердің сыртқы секрециялық қызметі. Екіншіден, аталық бездерден жыныс гормондары (негізінен тестостерон) бөлінеді. Бұл аталық бездердің ішкі секрециялық қызметі. Сондықтан да жыныс бездері аралас бездерге жатады. Аталық бездерден бөлінген гормондар екінші реттік жыныстық белгілердің жетілуінде негізгі рөл аткарады. Олардың әсерінен жасөспірімдердің дене пішіні өзгереді, мұрт шығады, дауысы жуандайды және т. б.
Аталық бездер көптеген ұсақ ұрықтық өзекшелерден тұрады. Аталық бездерде жыныс жасушаларының жетілуі де, екінші реттік жыныстық жетілумен тікелей байланысты. Аталық бездерде жетілген сперматозоидтар ұрықтық өзекшелері арқылы алдымен ұрықтық көпіршіктерге жиналады. Шәуетпен араласкан сперматозоидтар зәршығару өзегі арқылы өтеді. Ер адамдарда зәршығару өзегі арқылы зәр заты да, шәует те сыртқа шығарылады. Шәуеттің құрамында сперматозоидтар өте көп болады. Мысалы, 1 см3 шәуетте қалыпты жағдайда 60 млн сперматозоидтар кездеседі. Сперматозоидтарда кез келген жасушаға тән бөліктер (цитоплазма, ядро және т. б.) болады. Басқа жасушалармен салыстырғанда сперматозоидтардың пішіні өзгешелеу, өте ұсақ (шамамен 7 мкм) және қозғалғыш. Әрбір сперматозоид бас, мойын және «құйрық» - талшықтан құрылады. Олар талшықтарының көмегімен минутына 2-3 мм жылдамдыкпен қозғалады.

Овогенез

Белгісі

Сперматогенез

Тууға дейін ғана

Әуелгі жасушалар көбейген кезде

Жыныстық пісіп жетілу басталғанда және жыныс қызметі сөнген кезде

1 жұмыртқажасуша

Жыныс безінің бір жасушасынан нәтижесінде түзілген толық жарамды гаметалар

сперматозоид

Көп (қатысады)

Гаметалардағы (митохондриялы ДНҚцитоплазма саны

Аз (жоқ болу)

«Сәулелі тәжі» бар, екі сперматозоидтың бір мезгілде ұрықтандыруына кедергі келтіреді

Қосалқы жасушалар

Жоқ

Жоқ. Губкаларда және ішекқуыстыларда ол амебаға ұқсас, сперматозоидтарды қарпуы мүмкін

Гаметалардың қозғалғыштығы

Бар


Қанның формалық элементтері қандай құрылымға ие, олар қай жерде пайда болады?
Қан (гр haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан — ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан — ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат — плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары — эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары — тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет