1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет24/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

Туынды түбір
Негізгі түбірге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа сөз тұлғасын туынды түбір дейміз. Мысалы: етік-ші,өнер-паз, қон-ақ.
Негізгі түбірге жалғанған жалғау және сөз түрлендіруші жұрнақтар туынды түбір жасамайды.
Бір түбірге түрлі жұрнақ жалғану арқылы бірнеше туынды түбір жасауға болады. Мысалы:
ік сіз
ме ші
гіш
ші
көр сет
ін-іс
іс сіз
ген дік

Бір түбірден тараған туынды түбірлерді түбірлес сөздер дейміз.


36-жаттығу. Туынды түбір жасап тұрған жұрнақты атаңыздар.
1. Өзге балаларының ажарынан бөлек, қызулы, саналы оты бар сияқты (М. Ә.). 2. Соңғы уақыттағы өз істерінде өз ойына, өз тілегіне қарсы келер қайшылықтары барын тағы бір рет айқын сезінді (Ғ. М.). 3. Мамам киімшең күйі өз төсегінде бір уыс болып бүк түсіп жатыр (Б. Сощп.). 4. Сойыл алып, төбелеске шықпаса да түбінде куәлікке жарар деген ой еді (С. Ш.). 5. Шөптің биылғы шығымын көрсең, белуардан келеді (Б. Соқп.). 6. Қыстаулар мұнарланып, таудай болып көрінеді. Толқынсыз тұрған теңіз суының беті тәрізді (С. Ш.).

12 практикалық сабақ. Біріккен сөздер.


Екі я одан да көп сөз бірігіп, жаңа лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын біріккен сөз дейміз. Мысалы: Болатбек, Тасболат, Ақтөбе, тасбақа, ашудас, әркім
Біріккен сөздердің құрылысы екі түрлі болады:
1. Кіріге біріккен. Мұндайға жеке сөздердің бұрынғы түрі сақталмай, өзгеріске ұшырап барып жымдасқан сөздер жатады. Мысалы: бүгін (бұл күн), сексен (сегіз он), (тоқсан тоғыз он), апар (алып бар), әкел (алып кел), ашудас (ашу тас), белбеу (бел бау), Дәметкен (дәме еткен).
2. Тұтаса біріккен. Мұндайға бастапқы түр-тұрпаты сақталып жаңа мағынада қосылып айтылатын, бірігіп жазылатын сөздер жатады. Мысалы: Тасбақа, көкқұтан, өнеркәсіп, Үштөбе, Бесарық, Олжабай, Сырдария.
37-жаттығу. Текстен біріккен сөзді тауып, оның қалай біріккенін түсіндіріңіздер.
1. Биылғы күз өте бай, өте құнарлы күз болар деймін (Ж. С.). 2. Жағаны жаңғырықтырып қызғыш, тауқұдірет, шағала, шіңкілдектер де алуан қия ән көтерді (Т. Н.). 3. Самолёттің ұшуына ешқандай жағдай болмайды (С. Е.). 4. Сәрсен Есенович бірнеше рет әлдекімдермен телефон арқылы сөйлесті (Т. Н.). 5. Қара жердің сауырын тесіп, адам ырысы дән жарады, көптен көлеңдеп, ырғала теңселіп, шетсіз-шексіз толқындарын қуалай егін дариясы кекжиекпен шектеседі. 6. Жаңа өмір үшін, жан қиған, азаттықтың қызыл туын көтеріп, Аманкелді, Амантай, Әділбек сарбаздары дүбірлетіп өткен азамат соғысы күндерінің бай тарихы да осы дала (Ж. С.).

13 практикалық сабақ. Қос сөз.


Екі сөз қосарланып (я бір сөз қайталана қосарланып), бір лексикалық мағынада айтылған сөз тұлғасын қос сөз дейміз. Мысалы: ыдыс-аящқ, киім-кешек, төбе-төбе, әке-шеше, сауыт-сайман, туған-туысқан.
Қоссөздер тұлғасына қарай 3 түрге бөлінеді:
1) Қосымшасыз қос сөз. Мысалы: ата-ана, тарс-тұрс, тау-тау, түйе-мүйе, ине-жіп.
2) Қосымшалы қос сөз. Мысалы: үйді-үйіне, қолма-ңол, балалы-шағалы, бет-бетіне, ақысыз-пұлсыз, кімде-кім.
3) Күшейтпелі буынды қос сөз. Мысалы: қып-қызыл, ап-ашық, жап-жақсы, үп-үлкен.
Қос сөздің жеке сыңарлары кез келген сөзден жасала бермейді. Қос сөздің сыңарлары мағыналық байланысы бар, синоним сөздерден, бір тектес заттардың аттарынан, кейде антоним сөздерден жасалады. Мысалы: туған-туысқан, жора-жолдас, ығы-жығы, сауыт-сайман, кәрпе-жастық, ыдыс-аяқ, үлкен-кіші, жақсы-жаман, алыс-жақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет