1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет30/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

44-жаттығу. Жаттығудан үстеулерді тауып, туынды үстеу жасап түрған жұрнақтарды көрсетіңіздер.
I. Сен жаздай қайда болдың? (Б. Соқп.) 2. Оқты жаңбырша жаудырады (С. С.). 3. Қызып алған өрттің алды кейін қалып бара жатқан ұсақ ұланға қарамай, дүркіреп ілгері кетіп барады (Ғ. М.). 4. Маған дегенде Митягиннің іші бұрынғыша елжіреп тұрды (Л.Мак.). 5. Игіліктің орысша тура тартқан боп, қазақша алыстан орап, шытырман арасымен келе жатқанын Боткин де түсінген жоқ еді (Ғ. М.). 6. – Оншалық сапалы болуға әлі жас емес пе? – деседі(С. М.). 7. Қаншама қысып сұраса да, ұйымдастырушыларды таба алмады (X Ес.). 8. Штаб бастығының аттанар алдындағы жұмысы онша көп болмады (Т. Ахт.). 9. Меніңше байқамай қалып қойған сияқты (Т. Ахт ). 10. Үлгергенше көремін десеңіз де, басқаша шешсеңіз де өзіңіз білесіз (С. М.).

15 практикалық жұмыс.Қысқарған сөз.


Күрделі атаулар тілде жиі қолданылатын болғандыктан, оларды айтуға, жазуға жеңілдету мақсатымен ықшамдап қолданамыз. Ол үшін тіркескен сөздер қысқартылып жұмсалады. Қазақ тілінде сөздерді қысқарту орыс тілі арқылы, ондағы сөздерді қысқарту үлгісі бойынша қалыптасады.
Күрделі атаулар 4 түрлі жолмен қыскарады.
1. Құрамындағы әрбір сөздің басқы әрпі орыс тіліндегі қалпында алынады. Мысалы: СССР, РТС, ООН. Күрделі атаудың алғашқы әрпінен қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жазылады. Мысалы: ҚПСС-ке, ВЦСПС-тің.
Ескерту. См, дм, км, м, г сияқты қысқарған сөздер кіші әріптермен жазылады.
2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің басқы буыны қалған сөздердің алғашқы дыбысы алынып қысқарады. Мысалы: КазГУ, КазТАГ, КазПИ. Бұлай қысқарған сөздердің бас буынының бірінші әрпі және қысқартылған сөздің бірінші дыбысы бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазПИ-де, ЖенПИ-дің.
3. Қүрделі атаудың әрбір сөзінің басқы буыны қысқартылып бір сөз жасалады. Бұлай қысқарған атаулар кіші әріппен жазылады да, қосымша да дефиссіз сөзбен бірге жазылады. Мысалы: Райкомның (аудандық комитеттің), обкомда (облыстық комитетте).
4. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буынымен келесі сөз қосылып қысқартылады. Мұндай қысқарған сөздер кіші әріппен, қосымшалары оларға қосыла жазылады: Мысалы: партбюрода (партиялық бюрода), пединституттың (педагогтық институттың).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет