1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы


Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары



бет28/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58
Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары.
Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары көбіне зат есімнен, басқа да есім сөздерден және етістіктен сын есім жасайды. Осымен байланысты сын есім жұрнағы екіге бөлінеді. 1) Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақ. 2) Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақ.
А. Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар
1. -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, күлкілі, малды, қамысты.
2. -сыз, сіз: сусыз, орынсыз, мектепсіз, көмексіз.
3. -шыл, -шіл: малшыл, өзімшіл, өлеңшіл, көпшіл.
4. -шаң,-шең: бойшаң, сөзшең, киімшең.
5. -қы, -кі, -ғы, -гі: түнгі, үйдегі, түскі, сыртқы, манағы, шеткі, қысқы.
6. -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: техникалық, қалалық, социалистік.
7. -дақ,-дек,-так,-тек: жеңілтек, шіңкілдек, тапалтақ
8. -шек: көңілшек.
9. -тай ,-тей,-дай,-дей: таудай, үйдей, түйедей.
10. -тал,-мал: сезімтал, бауырмал, өсімтал.
11. -кеш, -геш, -кес: күлегеш, әзілкеш, зиянкес т. б.
Ә. Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар
1. -ыңқы,-іңкі,-ңқы,-ңкі: басыңқы, иіығыңқы, цатыңцыы, көлбеңкі, көсіліңкі.
2. -ғыр,-гір,-қыр,-кір: өткір, ұшқыр, алғыр.
3. -ымсақ, -імсек, -мсек, -мсақ: алымсақ , келімсек, сұрамсақ, тілемсек.
4. -палы,-пелі,-малы,-мелі: ашпалы, көшпелі, алмалы, салмалы.
5. -қақ,-кек,-ғақ,-гек: майысқақ, тоңғақ, тайғақ, ұрысқақ, жабысқақ.
6. -ғыш, -қыш, -кіш, -гіш: бергіш, тыңдағыш, сезгіш, еріткіш, оқығыш, білгіш.
7. -шақ, -шек: мақтаншақ, еріншек, ұялшақ, жасқаншақ.
8. -ық, -ік, -қ, -к, -ақ, -ек: жабық, ашық, суық , бұзық, жыртық, ақсақ, үркек, жатық, жетік.
42-жаттығу. Төмендегі сөздерден негізгі сын есімді теріп бір бағана, туынды сын есімді бір бағана етіп жазыңыздар.
Сұңғақ, көңілсіз, жемқор, өнерпаз, боз, қуқыл, ілулі, аумалы, ашық, лай, тұнық, бүтін, кәрі, жергілікті, ащы, саяз, қою, имек, күйрек, бойшаң, жалпақ, нәзік, кең, сирек, жұпыны, аласа, тік, қызық, ұйқышыл, қабаған, жұмыр, оңғақ, құба, шұбар, ұнамды, шырылдауық, үркек, күзгі, қалалық, күлдіргіш, ұшқыр, өткір, жабыңқы, құранды, жаппалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет