1 практикалық сабақ. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы



бет33/58
Дата27.11.2022
өлшемі141,38 Kb.
#52988
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58
Байланысты:
норм қазақ тілі умкд

47-жаттығу. Тексті оқып, ондағы сөздерді сөз табына қарай талдаңыздар.
– Әттең, дүние-ай, қайғыға түскен қайран ер, қабағың ашылар күн де жоқ-ау! Қырымға көз тастап жатқан қыраным еқенсің-ау! Алысты болжа дейсің-ау, сөзіңнен айналайын! Тағы айтқын, айтқылашы, інішегім. Кеудеме, саңылау көрмеген кеудеме, нұр төккендей болдың-ау, мүлдем тегі! Жарық сәуле бердің-ау, Мағашым! – деді. Біраздан соң орталарына толы сары тегенемен қымыз келіп, сапырылған шақта Дәттің сол жағында отырған Жамбыл Мағаштың қасына қарай домбырасын теңдей өңгеріп, бір-ақ ырғып, ауысып отырды (М. Ә.).

17 практикалық жұмыс.Зат есім.


Заттың, құбылыстың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз, Мысалы: ағаш, күн, кітап, жел, дауыл, үміт, қайғы, қуаныш. Зат есім кім? не? деген сұраққа жауап береді.
Қазақ тілінде кім? деген сұрау адамға қойылады. Оған кісі аттары, адамның кәсібімен байланысты атаулар жатады. Қорлан, Нұрлан, Болат, Күміс, Әлия, Белжан, нағашы, жиен, ата, ана, құда, құдаша, әке, шеше, инженер, оқытушы, дәрігер, малшы, ұшқыш, пионер т. б.
Не? деген сұрау адамнан басқа заттардың бәріне қойылады. Оған жанды заттардың, жансыз заттардың атаулары жатады ағаш, қағаз, өсімдік, көше, ауыл, қой, мал, ешкі, құс, т. б.
Зат есімнің құрамында, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректі заттардың атаулары да, оймен танылатын дерексіз заттардың атаулары да бар: адам, қол, көз, үй, қала, тау, орман, ақыл, сана, ой, зейін, үміт, талап т.б.
Зат атаулары бір тектес заттардың ортақ, жинақты атауы болады. Мал, құс, тамақ, өсімдік, жеміс, мүлік деген сөздердің әр қайсысы – бірнеше заттың ортақ аты. Мал – жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі дегендерді қамтитын жинақтау мәнді зат есім болса, құс, тамақ, өсімдік, жеміс, мүлік дегендер де сондай. Жинақтау мәнді зат есім қамтитын түрлі заттардың бір түрінің я жеке заттың аты даярлау мәнді зат есім болады. Мысалы: қой, қаз, ет, нан, бетеге, өрік, алма, көрпе, жастық, стол т. б.
48-жаттығу. Тексті көшіріп, деректі зат есімдіктердің астын бір, дерексіз зат есімдердің астын екі сызыңыздар.
1. Ескі, сарғайған, қалған жұртты көрсе, оның көңіліне аяныш, мұқ кіретін еді (С. С.). 2. Қаламы осыларды жазып отырғанда, Ушаковтың ойына кейбір уақыттарда жұмыскерлерге жан тартқандай көрініп қалатын мінездері түсті (Ғ. М.). 3. Жауға аттануға рұқсат сұрады (С. Е.). 4. Ар-ұят, намыс-кек бәрі ортақ болған соң, әскер достығы терең бір мағына табады. 5. Намыс, адамшылық дегендердің қанша тоналып жатқаны ойына бір оралмаған сияқты (Ғ. М.). 6. Олардың көпшілігі жаңа сана-сезімде келді (С. М.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет