23-БИЛЕТ 1. Меншік құқығына ие болу тәсілдері. Манципация және традиция
2. Шарттардың мазмұны
3. Заңды тұлғалардың шыға бастауы
1. Меншік құқығына ие болу тәсілдері. Манципация және традиция
адал иеленудің нәтижесінде белгілі бір уақыт өтуіне байланысты тұлғада затқа қатысты меншік құқығы пайда болған. Меншік құқығы тұлғаның затқа қатысты толық билігін, қожайындық құқығын көрсеткен.
Мансипатция – рим құқығындағы сату тәсілі, бұл бойынша 5 куәнің қатысуымен зат қолға алынып қатаң анықталатын формулалар келтірілетін. Салт – дәстүрдің сипаты бар,оның негізгі шарты, затқа квириттік ( цивильдік) құқықты иемдену болып табылады.Заттарды беру - традиция.
Традиция - затқа меншік құқығын беру ниетімен затты беру. Традиция негізі шарт болды. Бастапқыда традиция иелікке алушылар рим емес азаматтар болып табылатын манципациялық емес заттарға қатысты қолданылды. Юстиниан Кодификациясында традиция меншік құқығын ауыстыру туралы заттық шартты жасаудың бірденбір тәсілі болып саналды. Традиция бойынша затты тікелей беру және оның мақсаты болуы міндетті болды.
2. Шарттардың мазмұны
Келісім шарт – ол мәмілелердің екіден бір түрі. Мәмілелер бір және екі тарапты бола алады, ал келісім шарттар – тек қана екі және көп тарапты мәмілелер. Ежелгі Рим мемлекетінде келісім шарттар тұралы ілім өте терең деңгейде зерттелген. Бірақ келісім шарттардың қалыптасуы тез арада болған жоқ. Жалпы рим құқығында келісім шарттың тарихи үш түрі болыпты. Олардың біріншісі, ең көнесі – nexum – манципация әдісімен, бұл шарттар көбінде қарыз беру тұралы мәмілелерін бекіту үшін қолданыпты деген мәліметтер бар. Екіншісі – стипуляция – ол бір тарап қойған сұраққа екінші тарап тұра сол сөздермен жауап беру арқылы жасалатын мәміле, яғни ауызша нысанда жасалатын. Үшінші болып қалыптасқан келісім шарттар – литералдық (жазбаша) контракттар.
3. Заңды тұлғалардың шыға бастауы
Заңды тұлға алғашқы көріністерін – жеке тұлғалардың біріккендіктерінен, қоғамдық мекемеле құрылуынан, қауымдастықтың пайда болуынан байқатты.