1. Рим азаматтық құқығының ұғымы Жеке тұлғалар


Вербалдық (ауызша) контрактылар



бет23/24
Дата22.06.2023
өлшемі88,43 Kb.
#103051
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
рим жауаптары???? (копия)

Вербалдық (ауызша) контрактылар
Вербалдық контрактылар римдіктердің ежелгі шарттарының бірі болып келеді. Ол ауызша келісім болғанымен, арнаулы сөздермен бекітілген жағдайда құқықтық күшіне енетін. Ежелгі уақытта барлық адамдар жазу білмеген, сондықтан ауызша келісімдер кең тараған. Ежелгі заманнан ауызша контрактылар тұлғалардың еріктерін айқын нысанда белгілеу қажет болатын. Сондықтан манципация әжісімен жасалатын нексум деп аталатын ауызша келісім шарт елдің алдында форумда жасалып, алғашқы вербалды шарттардың бірі болып танылады. Бірақ нексум шарты жасау күрделі әдет-ғұрып сақтау жолымен жасауды талап ететін, ол көпке дейін сақтала алмайтын болды, себебі адамзаттың мәдени деңгейі жоғары көтерілүіне (дамуына) сай мәмілелерді жасау тәртібін жеңілдету қажет болды
Келесі ауызша мәмілелердің бірі стипуляция деп аталды. Вербалдық контрактылардың негізгі түрі болып стипуляция аталады. Ол сұрақ қою нысанымен және сол сұраққа тұра сол сөздерді пайдаланып жауап беруден тұратын келісім болыпты. Мысалы: «200 төлеуге уәде бересің бе?» Жауап: «200 төлеуге уәде беремін». Егерде екінші тараптың жауабы: «100 беремін», не болмаса: «білмеймін» деген болса, онда шарт (стипуляция) жасалмады деп саналатын. Стипуляция реалды және абстрактілі мәмілелерге жатады.
Литералдық контрактілер. Хирографалар және синографалар.
Бұл келісім шарттар тек қана жазбаша нысанда жасалуды талап ететін (литера - әріп). Республика кезеңінің аяғында алғашқы жазбаша мәліметтер саудагерлердің кіріс-шығыс кітаптарында көрсетіліпті. Олар қарызды дәлелдеу ретінде басталып, одан кейін қарыздың сомасын екі тарап та өз кітаптарына енгізетін болыпты. Мұндай жазбаша нысан Ш ғасырға дейін сақталыпты. Ш ғасырдан бастап шарттың жазбаша нысаны ретінде синографа және хирографа қолданған. («Хиро» - қол, «графо - жазу».) Синографа куәлардың қатысуымен жазылып, борышкердің қолы қойлатын. Бұл шарттың мазмұны үшінші тараптың атынан жазылатын: «Тиций Октавианға 100 сестерция қарыз» деп. Ал хирографаның (қолхат) мазмұны борышкердің өз атынан жазылатын: «Мен, Тиций, Октавианға 100 сестерция қарызбын» деп. Куәлар қажет болмады. Қазіргі заманда да осы екі жазбаша нысандар қолданады. Мысалы, қолхаттар және екі тарап қосыла келісіп жазылған келісім шарттар. Ежелгі Рим мемлекетінде жазбаша мәмілелерді нотариустар да растайтын. «Нотариус» деген сөз сол ежелгі латын тілінен келген сөз. «Notto, notae» деген сөздер «жазбаша белгі, әріп» деген ұғымдарды танытады. Алғашқыда нотариустар деп тек жай қағазға жазбаша құжаттар жасай алатын адамдарды атапты, ал кейін нотариустар деп тек арнайы құқықтық маңызы бар құжаттарды жасай алатын адамдар аталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет