1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет23/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Атқарушы биліктің маңыздылығы оған мемлекеттік істерді тікелей басқаруды жүктелгендігінде болып отыр, сол себепті оған кең ауқымды өкімдік функциялар берілген. Атқарушы билікті ҚР Үкіметі (басқарушылық аппарат) басқаратын мемлекеттік органның күрделі қоса бағынышты құрылымы жүзеге асырады.
14. Биліктің түрлері.
Басқару түріне байланысты билік монархиялық және республикалық болып бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия,Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люсембург, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып санады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны парламенттік президент дейді. Ол-салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция боцынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Билік мемлекеттің құрылысына қарай унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып үш түрге бөлінеді.
Унитарлық (латынның біртұтас, біріккен деген сөзінен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекетік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, ондай мемлекет Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлы Британия және т.б.
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпы мемлекетік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мысалы ондай федеративтік мемлекетке АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет