1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат



бет43/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

6. Тоталитаризм.
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгі грек философы Платон ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.

6. Демократия туралы ұғым және оның белгілері.
Демократия – сөзі халық билігі деген мағынаны білдіреді. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда теңдік орын алуы тиіс. Сонымен қатар бостандық, еркіндік, әділеттілік болуы міндетті.
Американ сөздігінде «Демократия» ұғымын сипаттайтын 11 түрлі негізгі принциптер бар. Қысқа түрде көрсетсек, олар:
а) Халықтық өкімет, яғни еркін және жеке сайлау арқылы халық өз келісімін берген басқарушы билігі;
ә) Шешім қабылдау принципі көпшілік ережесіне сүйенеді;
б) Заң алдында барлық азаматтар тең-құқылы;
в) Азшылық құқығының сақталуы;
г) Негізгі құқық және бостандық кепілдігі;
д) Әділ сот ісін жүргізу (заңға ғана бағынатын тәуелсіз сот);
е) Өкіметке конституциялық шек қою;
ж) Әлеуметтік, экономикалық және саяси бостандықтар.
Сонымен, демократияның қазіргі түсінігі ол – адам құқығы мен тәуелсіздігінің кепілдігі (сөз бостандығы, діни бостандық, бірлестіктер бостандығы), азшылықтың құқық кепілдігі, дүниеге өзгеше көзқарас құқықтарының кепілдігі, соның ішінде саяси оппозицияға да бостандық. Осы кепілдіктер демократия сөзінің отаны Афинада болған жоқ. Онда саясаткер сайлауда қарсыласынан жеңіліп қалса оқшауланып, яғни елден 10 жылға аластатылған. Басқаша ойлануға кепілдік берілмеді.
Делегативті демократия - гибридті режимдердің негізгі түрлерінің бірі. Бұл ұғым саясаттану ғылымына аргентиналық саясаттанушы Г. О'Доннелмен демократия мен авторитаризм белгілерін қамтитын режимді бейнелеу үшін енгізілген.
Идентитарлы демократия - халық еркі мен мемлекет әрекеттерінің теңдігіне негізделген демократия концепциясы. Бұл үлгі жоғарғы билік пен халықтың қарым-қатынасына кедергі келтіретін өкілдіктен бас тартуды (Ж.Ж. Руссо), сондай-ақ, билікті бөлу принципінен де бас тартуды білдіреді (ленинизмнің теориясы мен тәжірибесі).
Тікелей демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы. Мұндай форманың негізгілерінің бірі референдум.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдарарқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады.
Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құруда. Елімізде адамның енгізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз ботандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет