1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы



бет46/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68
Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы:
-Үкімет құрудың жеңілдігі мен оның тұрақтылығы;
- Сайлаушылар мен депутаттар арасында тұрақты байланыстардың қалыптасуында жатыр.
2. Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі. Қазақстан Республикасында мажоритарлық және пропорциоиалды сайлау жүйелері қолданылады. Президент, Парламент депутаттарын сайлауда мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Осыған сәйкес:дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың таңдаушылардың 50%-дан астам дауысын алған мұндай жағдайда қайта дауыс беру өткізілмейді.
Пропорционалды сайлау жүйесінің оның түрлі елдердегі ерекшеліктері
Сайлаудың пропорционалды жүйесі үміткерлердің тізіміне байланысты екіге бөлінеді
Ашық тізімде: сайлаудың әдісіне байланысты бір немесе бірнеше үміткерге дауыс беріледі немесе партиялық тізімдегі реттік нөмірі анықталады.Финляндия, Бразилия, Нидерланды).
Жабық тізімде:кезінде сайлаушылар тек партиялық тізім бойынша дауыс береді.(Еуропарламент, Израиль, ОАР, 2007 жылдан кейін Ресей).
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық жүйелерді біріктіруді көздейді. Ондағы мақсат – жекелей алғанда олардың әрқайсысына тән кемшіліктерді мейлінше азайту.
Көп сатылы сайлау – сайлау жүйесінің бір түрі. Мұнда өкілетті органның депутаттарын төменгі сайлау органдары немесе сайлау алқалары сайлайды. Олардың құрамына халық сайлаған сайлаушылар, яки төменгі өкілетті органдардың депутаттары, кейде олардың екеуі де кіруі ықтимал .

  1. Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен тепе-теңдік жүйемен жүзеге асыруды айтады.



8. Қазіргі кездегі саяси партиялар: түсінігі, мәні, белгілері мен қызметтері.
Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.
Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады.
Американың саясаттанушысы Ла Паломбараның айтуынша партиялар мынадай 4 белгімен сипатталады:
1. Партия белгілі бір идеологияны қорғайды;
2. Партия - адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін ұзақ біріктіретін ұйым.
3. Партияның мақсаты - билікті колға алып. жүзеге асыру:
4. Әр партия өзіне халықтың дауыс беруінен. Мүше болуына дейінгі колдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:
1. Партия бағдарламасынын болуы;
2. Саяси билік үшін күрестің болуы:
3. Партиялық тәртіптің болуы:
4. Партияға мүшелік ету;
5. Мүшелік жарна төлеу;
6. Партияның жарғысының болуы:
7. Баспа органдарының, болуы;
8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;
9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет