69 сұрақ. Мақала үзіндісі мен тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, ерте көшпенділер өркениетінің әлемдік тарихи процестер барысына тигізген әсерін талдаңыз.
Атқа міну мәдениеті
Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды.
Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі...
Бабаларымыз шапқан аттың үстінен садақ тартуды барынша жетілдірді. Соған байланысты қарудың құрылымы да өзгеріп, күрделі, ыңғайлы әрі қуатты бола түсті.
https://e-history.kz/ru/projects/show/23300 сайтынан алынған
Ұлы даланың рөлі қандай, мұнда қандай өрке¬ниет бар? – дегенге тоқталсақ, мұнда көшпен-ділердің атқа міну мәд¬е¬ниеті ғана айтылмайды. Ғалым¬дары¬мыз Ботай мәдениеті арқы¬лы бүкіл әлемге жылқының Ұлы далада қолға үйретілгенін дә¬лелдеді. Онда жүздеген ғана емес, мыңдаған жылқылардың сүй嬬㳠табылды. Атқа міну мәд嬬ниеті жылқыны қолға үйрету¬мен ғана шектелмейді, ауыз¬ды¬қ¬¬ты, жүгенді, үзеңгіні ойлап тапқан біздің бабаларымыз.
"Ботай мәдениетін" әлемдік аренаға алып шыққан Виктор Зайберт болды. Ол мұражайда жатқан экспонаттарды көріп, олардың құрылыстарын қарап шығып, жасалу әдістерін зерделеп, жәй нәрсе емес екенін бірден аңғарады. 1980 жылдары Петропавлдағы педагогикалық институтта сабақ беретін тарих пәнінің оқытушысы Зайберт осылайша Ботайға аттанады. Ол мұнда арнайы экспедиция ұйымдастырып, қазба жұмыстарына кірісіп кетті. Оның ізденістері өз нәтижесін беріп, 150-ден аса елді-мекеннен, жүз жиырма мыңға жетеқабыл заттар тапты. Ең басты тапқан олжасы – жылқы малының сүйектері еді. Олардың саны 70 мыңнан асты.
Ботайды ежелгі адамдардың мекені екенін дәлелдеген Виктор Зайбертке осы еңбегі үшін Берлин оқу орнының мүшесі ретінде ғылыми атақ берді. Ол талмай зерттеудің нәтижесінде «Ботай мәдениетіне» төрткүл дүниенің назарын аудартты.
Сондай-ақ, аттармен бірге, арбаның да осында алғаш рет қолданылғаны белгілі болды.
Осыдан кейін-ақ, 1998 жылы «Ботай мәдениеті» тарихи ескерткіш ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне еніп, еліміздегі жоғары, орта мектептердің оқулықтарына кіргізілді. Бұл мәдениеттің жер қойнынан аршылуы біздің елдің тарихын елу ғасырға кері шегіндіріп, одан ары тереңдете түсті.
Қазақстан егемендік алғаннан соң, «Ботай мәдениетіне» зерттеулер күшейді, бұл тек біздің ғалымдарымызды емес, шетелдік археологтар мен тарихшыларды қызықтыра түсті. «Бүгінгі дәуірдің ғалымдары дүние жүзілік тарихтың сан мың сұрағының жауабын дәл осы «Ботай мәдениетінен» тауып отыр» – деді, АҚШ-тың атақты оқымыстысы Д.Энтони.
Ал Кембридж университетінің оқытушысы, профессор Маршал Левине Айыртауға келіп, ғылыми экспедиция жасады. Жас ғалым Виктор Зайберт арнайы шақыртумен, Ұлыбританиядағы Оксфорд, Эдинбург, Белфаст сынды атақты оқу орындарына барып, «Ботай мәдениеті» жөнінде дәріс өткізді. Әлемдік телекомпания BBC ертедегі адамдардың өмірінде маңызды рөлге ие, олардың мінсе көлігі, жесе тамағы болған жылқы жануары туралы арнай телехабар таратты.
«Ботай мәдениеті» – еліміздегі ең ежелгі мекеннің бірі және бірегейі. Біздің дәуірімізге дейінгі елу үш ғасырдың асыл қазынасы. Дала өркениетінің бастау алған тұсы дәл осы жерде.
Алғаш жылқы малын қолға үйреткен мекен.
«Ботай мәдениеті» – әлемдік тарихқа өзгертулер енгізген орын. Ол бүгінгі күні Қазақстанның киелі 100 нысандарының қатарынан табылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |