1 сұрақ жауабы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз



бет2/17
Дата13.06.2023
өлшемі217,2 Kb.
#100806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
1-90 төменд.сұрақ жауаптары.

3-сұрақ: «Зар заман» ағымы өкілдері көтерген қоғамдық өмірдегі негізгі мәселелерді анықтаңыз.
ХІХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, ХІХ ғасырдан бастап отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалысты, халықтың қасіретін жырлаған ағым пайда болды. Оған себеп: қазақ даласында әскери бекіністер мен округтік орталықтарының салынуы, Кіші және Орта жүз қазақтары ежелден бері көшіп-қонып жүрген бірқатар жерлерінен қуып шығарылуы, көші-қон жүйесін бұзылуы секілді тағы басқа мәселелер мысал болады. Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Бір кездегі дамыған көшпелі малшаруашылығы тұйыққа тіреліп, күрт құлдырай бастады. 1822–1824 жылдары хандық билік жойылды. Соның салдарынан Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары өздерінің дәстүрлі мемлекеттілігінен айырылып қалды. Қазақстан бірте-бірте Ресей империясының отарына айналды. Бөкей Ордасында хан билігі 1845 жылға дейін сақталғанымен, патша империясына толық тәуелді болып, әскери бекіністер қоршауында қалды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан аумағындағы отаршылдық іс-әрекеттер күшейе түсті, жаңа шептер мен аймақтар құрылды. Қазақтар 600 мың десятинаға жуық ең шұрайлы жайылымдарынан айырылды. Жергілікті тұрғындар ол жерлерден күшпен ығыстырылды.Жергілікті халық өз жерлерін өздері жалға алып, ақы төлеп тұратын болды. Осы оқиғалардың барлығы И. Тайманұлы және М. Өтемісұлы, К. Қасымұлы, Ж. Нұрмұхамедұлы, Е. Көтібарұлы бастаған бірқатар көтерілістердің басталуына себеп болды. Бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, отаршылдық биліктің орнауы ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының шығармашылығында басты тақырыпқа айналды. Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады. «Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.Олардың шығармаларында өткен заманды аңсау, келер күннен үмітінің жоқтығы, отаршылдардың озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді. Халық үшін хандық дәуірдегі жауға қарсы аттанған хандардай билеушілерді армандады . ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар «Зар заман» дәуірінің ақындары аталды.
Дулат Бабатайұлы. Ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. 1822–1824 жылдары хандық биліктің жойылуын, округтік орталықтар құрылуын, 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформаларды, ұлт-азаттық көтерілістер кезіндегі қазақтың ауыр жағдайын «О, Сарыарқа, Сарыарқа» атты өлеңінде суреттейді, халқының басына түскен ауыртпалықтарды жырлайды. Дулат Бабатайұлы «Кеңесбайға», «Бараққа» деген өлеңдерінде әкімдердің жағымсыз образын сипаттап ашық айтады.
Шортанбай Қанайұлы-Қазақстанның оңтүстік өңірінде дүниеге келген. «Зар заман» атты өлеңінде қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшыраған сырын ашып, кедей және байға жіктелудің күшейгені туралы айтады. Ел ішінде кең таралған осы өлеңнен бастап, олар «Зар заман» ақындары ретінде таныла бастады. «Билер, пара жемеңдер» деген өлеңінде ақын ел ішіндегі әлеуметтік мәселелерді жырға қосып, төрелік айтатын билердің парақорлық қылықтарын айыптады. Мұрат Мөңкеұлы. Ақын «Қазтуған», «Үш қиян» жырларында елде жаппай қоныстанушылар пайда болып, қазақтардың жерінен айырылғанына қатты күйінді. Бұдан құтылудың бірден-бір жолы – жайсыз мекеннен құтты мекенге көшу, қолайлы қоныс іздеу. «Сарыарқа» өлеңінде Мұрат Мөңке ұлы отаршылдық саясатының салдарынан туған халқының ежелгі қонысынан айырылғанын ашық түрде айыптайды. Әбубәкір Кердері-қазіргі Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Ол өз заманының оқыған, білімді азаматы ретінде Орал, Ақтөбе, Ор қалалары маңындағы қазақ ауылдарында ұстаздық етіп, бала оқытты. Оның өлеңдер жинағы 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты. Ақын өзінің шығармаларында ислам іліміне көп назар аударып, қазақ даласында дінді нығайтуды қолдады. Ол мықты хан билігі кезеңін аңсады. Ақын өлең-жырларында бұрынғы ел бірлігін, қазақтың ешқандай алауыздыққа бой алдырмаған кезін аңсайды.Отандастарын оқу мен білім, ғылым мен өнерді меңгеруге шақырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет