82 сұрақ..Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан аумағындағы қола дәуіріндегі Андрон мәдениетінің ерекшеліктерін талдаңыз.
Андрон мәдениеті. Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіші Андронов деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениеті "Андрон мәдениеті" атанып кетті.
Андрон мәдениетінің қоныстары: Солтүстік және Батыс Қазақстан нан 80-нен аса табылды. Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты, 150 обаны зертеді.
Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар еуропеоидтерге ұқсаған. Сырт-бейнесін академик В.П.Алексеев сипатаған.
Андродықтардың кәсібі жылқы мен қойлар еді.
Андрондықтар жартылай жертөле үйлерде тұрған. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған. Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған.
Солтүстік Қазақстандағы Чаглинка, Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған тік бағандардан тұрғызылған. Олар киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді жасалған. Ғалымдар андрондықтардың дөңгелек,жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді. Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады.
1.жартылай жертөле үйлер; 2.жер бетіне салынған үйлер
Қоғамдық құрылысы. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тұрғындар рулық-тайпалық құрылымда өмір сүрді. Қауым мүшелерінің ішінен малы көп байлар, басқыншылық соғыспен басынан қолбасшылар шыға бастады. Малды туысқандар арасында бөлісу жеке меншіктің тууына әкелді. Жекелеген отбасылардың барлығы өскен сайын, олардың қоғамдағы билігі де арта түсті. Қауым ішінде осындай мал-мүлік теңсіздігінің шығуы барған сайын орнығып келе-келе әлеуметтік теңсіздікті тудырды.
83 сұрақ. Сызбаны және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, қазақтардың ру-тайпалық құрылымының қалыптасу үдерістерін талдаңыз.
Қазақ рулары туралы
Казақтың ру-тайпалық құрылымы өте күрделі әрі тарихымыз үшін елеулі рөл атқарған ерекше құрылым болып табылады.
«Қазақ жүздері» – өте ауқымды тақырып.«Қазақ жүздерінің» пайда болу уақытын анықтауға ат салысқан зерттеушілердің негізгі тұжырымдарын бірнеше топқа бөлуге болады. Олар: Үш жүздің – Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздің әрқайсысы өз аумағында мекендеді. Бұл шежіремен бекітілді, оған сәйкес қазақтар Алаш болып бірігеді. Ал ағайынды Ақарыс, Бекарыс пен Жанарыс Ұлы, Орта және Кіші жүздердің түпкі аталары деп санайды. Қазақтар арасында «тегі бір екендігі» туралы түсінік сақталған.
"Жүз" - қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен "Жүз" атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір жоқ. Кей зерттеуші бұл атауды әлдебір бүтін нәрсенің, құбылыстың "бөлшегі", "саласы", "бір жағы" деп қарастырса, енді бірі "жүз", "жүздік" сандармен байланыстырады. Қалай болса да қазақ жүздерінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшегі деп қарастырылады.
Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, «Алтын Орда мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқықтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған». Н.А.Аристовтың ойынша, «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан».
В. Бартольд: «Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемделу және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени-шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырды», — деп есептейді.
М. П. Вяткин В.В.Бартольдпен келісе отырып: «Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде XVI ғасырдың аяғында қалыптасты», — дейді.
С. Аманжолов: «Қазақ елі, жері үш жүзге монғолдарға дейінгі кезеңде — X—XII ғасырларда бөлінді», — деп есептейді.
Ұлы жүз қазақтары Жетісу мен одан батысқа қарайғы жерлерді иеленді. Олардың көшіп-қонуы солтүстігінде Балқашқа дейін, оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шань қыраттарына дейін, шығысында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайға дейін жетіп, Іле өзені мен оның салалары алабында орналасты. Ұлы жүздің қысқы жайылымдары жазықта, жазғы жайылымдары Алатау тауларында болды.
Орта жүз қазақтары Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан аумағын иеленді. Оларға орасан алыс қашықтықтарға көшіп-қону тән болды. Орта жүз тайпаларының шығу тегі, негізінен, қыпшақтық саналғанымен, оған Шығыс Дешті Қыпшақтың әртүрлі тайпалары қосылған.
Кіші жүз. Кіші жүз қазақтары үш ірі ру-тайпалық бірлестікке – әлімұлы, жетіру, байұлына біріккен. Олар бүкіл Батыс Қазақстан аумағын иеленді.
Кең-байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери-қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Мұндай одақтар қазақ жерінде қыпшақтар заманын бастап құрылған болуы керек. Ал мұндай жүздік одақтарға бөлінудің аякталуы қазақ халқының құрылуы кезеңімен сәйкес келсе керек.
84 сұрақ.......
85 сұрақ...........
№86 сұрақтың жауабы
Ұлы Даланың ерте көшпенділерінің мәдениеттерін атап, олардың ерекшеліктерін сипаттаңыз
Қазақтың көшпелі қоғамының негізін қалаған мәдениет ежелгі дүниеден бастау алатыны белгілі. Содан бері қазақтың дәстүрлі мәдениеті мәдени-тарихы үздіксіз дамып келеді. Бүгінгі Қазақстан аумағын мекендеген көптеген тайпалардың бұл процеске тікелей қатысы болған. Олардың бай құндылықтарының қазақтың мәдени мұраларынан көрініс тауып, осы күнге дейін жеткендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген.
Археолог К Ақышевтың пікірі бойынша, Қазақстан жерінде көшпелілердің мәдениеті қола дәуірінде бастау алады. Сол кезден бастап Орталық, Батыс Қазақстан жерінде меридиан бойымен көшу ал Шығыс Қазақстан мен Жетісуда қыста жазықтар мен қар аз түсетін таулардың қойнауында қыстап, жазда биік таулы жайлауларға көшу қалыптасқан.
Ботай мәдениеті Қола дәуірінде мал шаруашылығы пайда болып, жылқыны қолға үйрету Солтүстік Қазақстандағы Ботай-Терсек мәдениетінде белең алады. Ботай қонысы б.з.б 3700-3100 өмір сүрді. Ботайлықтардың негізгі азықтары жылқы еті мен қымызы болды. Жылқыны қолға үйретіп, атқа салт мінгендігін ат әбзелдері мен тұсауға арналған ілмек жәдігерлер дәлелдейді. Ботайлықтардың қонысы ағаш бөренесінен жасалып жиектерін шөппен тығыздап бекітіп төбесін саз балшықпен сылап түтін шығаратын тесік қалдырған. Энеолит дәуіріндегі ботайлық жылқы өсіру мәдениеті Ұлы Даланың малшаруашылығы өркениетінің негізгі және қазақтардың көшпелі мәдениетінің алғашқы бастауы болды.
Көнешұңқыр мәдениеті Ұлы Даланың батыс бөлігін б.з.б 3600-2300 қамтыды.
Мал өсірумен айналысып,жартылай көшпелі болды. Жайылымға дөңгелекті жүк арбамен көшіп-қонды. Жылқымен қатар ірі қара, ұсақ малдар өсірді. Қорған астындағы шұңқырға мәйітті тізесін бүгіп арқасымен жатқызып,үстіне қызыл түсті минерал сепкен және адамдармен қоса жануарларды да бірге жерлеген.
Қола дәуіріндегі мәдниеттерді ғалымдар: далалық қола мәдениеті немесе андрондық мәдени-тарихи қауымдастық деп қарастырады. Андрон мәдениетінің басым бөлігі Оңтүстік Орал мен Қазақстанда кездеседі. Оған, Сынтас мәдениеті (б.з.б ХХІ-ХVІІІғғ) Орал жазығында шоғырланған, Петров мәдениеті (б.з.б ХVІІ-ХVІғғ), Алакөл мәдениеті (б.з.б ХVІІ-ХІІІ ғғ) Батыс Қазақстанда, Феодоров мәдениеті(б.з.б ХV-ХІІ ғғ) Тобыл Ертіс алаптарында, Сарғарлық мәдениеті (б.з.б ХІІІ –VІІІ ғғ), Беғазы-Дәндібай мәдениеті Шығыс және Орталық Қазақстанда (Х- VІІІ ғғ) жатады Ә. Марғұлан қазақ жерін мекендеген қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті мен өркениетін зерттеп әлемге танытты. Бұл мәдениеттердің ерекшеліктері жерлеу салтында болды. Бірқатар тайпалар қорғандық жерлеуден бас тартып кесенелер тұрғыза бастады. Бұл мәдениеттерге тән ерекшеліктедің бірі- жоғары лауазымды билеушлере арнап қақпақ тастан зәулім кесенелер тұрғызу болған. Ақсу-Аюлы, Бұғылы, Беғазы, Дәндібай, Оралтау кесенелері бар. Олар көбіне дөңгелек, төртбұрыш пішінді болып келеді.
Қазақстандағы далалық тайпалар Оңтүстік Орал, Жайық маңы, Алтай мен Енесейдегі туыстас тайпалармен тығыз байланыста орнатқан. Оларды андрондықтар деп атаған Ұқсастықтары: мал шарушылығында жылқыны қолға үйрету, қоныс-қорғандары, баспаналарымен дөңгелекті арба, ат әбзелдерін пайдалану болды.
Қазіргі күнде Ә.Марғұланның ғылыми еңбектерінің негізінде кейінгі сақтар мәдениеті Андрон мәдениетінің жалғасы болып табылады. Бұл екі мәдениеттің арасында Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дәнекерлік рөл атқаратындығы ғылыми тұрғыда дәлелденген.
87 сұрақ.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің жетістіктері
Әдебиет майданына жаңа талантты ақын жазушыларда қосылды:
Қалқаман Әбдіқадыров, Өтебай Тұрманжанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділдә Тәжібаев, Жиенғали Тілепбергенов, Елжас Бекенов, Ғали Орманов, Қажым Жұмалиев, Ғалым Малдыбаев, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, т.б. келуі. Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қайын, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халық поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсерін тигізді.
Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиетгану ғылымының өркендеу жолдары. Абай Құнанбаев творчествосын зерттеуші ғалымдардың еңбегінің ерекше маңызы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметовтердің еңбектері жарық көрді.
Қазақ әдебиетінің 1950 жылдардан кейін дамуы
XX ғ. екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні зор болды. Замандастардың басынан өткен қиындақтары мен қуаныштары С.Мұқановтың «Сырдария», Ғ.Мүсіреповтың «Миллионер», М.Иманжоловтың «Алғашқы айлар», И.Шухов пен Н.Ановтың романдарында, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекхожин т.б. поэзиялық шығармаларында көркемдік бейнесін тапты.
Қазақстандық ғалымдар мен ақын-жазушылар әртүрлі әдістерге жүгіне отырып, халыққа шындықты жеткізе білді. Солардың бірі профессор Бейсенбай Кенжебаев, жазушылар Ғ.Мүсірепов, Юрий Домбровский, І.Есенберлиндер болды. Қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы көрінді. 1947 ж. М.Әуезов өзінің «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабын аяқтады. 1949 ж. оған КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.1974 ж. Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» трилогиясына КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
88 сұрақ жауабы. Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: бiлiм мен ғылым. Әдебиеттің дамуы. Театр, кино, бейнелеу өнері және онын кайраткерлерi. Мәдениет саласындағы кеңестік идеология. Социалистiк реализм Казакстан Компартиясы ОК үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі, сол уакыттағы белгілі мәдениеттанушы Ілияс Омаров «Е. Бекмахановтын көзқарастарын жактаганы>> мен «түсініксіз позиция» устанғаны үшін айыпталды. 1951 жылы 31 маусымда «бірқатар жам угымдарды баяндайтын Қазақ әдебиеті оқулыкмарынын барлық басылымдарын алып тасmayea...>> буйрық берілді. Сол кездегі казак зиялыларының азаматтық ерлігі өкімет орындарынын ойластырған нәрсені аяғына дейін жеткізуіне мүмкіндік бермеді. Казактын батырлар жырының «Ер Сайын», «Едіге>>, <<Орак пен Мамай», «Батыр Шора» СИЯҚТЫ шығармаларын басуға тыйым салынды. Қазақстан жазушыларының барлық шығармаларына қатаң бақылау орнатылды. Цензура күшейді, мұнда басты рөлдi Главлит атанған мекеме атқарды. Кез келген шығарманы жарыққа шығару Главлиттің рұқсатымен ғана жүзеге асырылды. КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Замандастардың басынан өткен киындықтары мен қуаныштары С. Мұқановтың «Сырдария», F. Мұстафиннің «Миллионер», М. Иманжановтың «Алғашқы айлар», И. Шухов пен Н. Ановтын романдарында, А. Токмагамбетов, Т. Жароков, F. Opманов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекхожин т.б. поэзиялык шығармаларында көркемдік бейнесін тапты. Қазақстандық ғалымдар мен ақын-жазушылар әртүрлі әдістерге (аллегориялар т.б.) жүгіне отырып, халыққа шындыкты жеткізе білді. Сондай батыл ғалымдардың бiрi профессор Бейсенбай Кенжебаев, жазушылар Ғабит Мүсірепов, Юрий Домбровский, Ілияс Есенберлиндер болды. Репрессияға ұшыраған жазушылар мен ақындар С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. Майлин шығармалары жарық көруінің казак халкының рухани өмірі үшін орасан зор манызы бар еді.Бұл кезеңде әншілер Роза Бағланованың, Бибігүл Төлегенованың, Ермек Серкебаевтың, балетмейстер Болат Аюхановтардың таланты жарқырай ашылды. Шәкен Аймановтың («Алдаркөсе», «Махаббат дастаны») және А. Қарсақбаевтың («Менің атым Қожа») ел арасындағы халықтың ежелгі және бай тарихы бейнеленген кинофильмдерi кең танымал болды. Орал Таңсықбаев суретшілік өнерінде үлкен табыстарға қол жеткізді. Қазақстан шеберлерінің шығармалары ЮНЕСКО-ның көрмелерiне койыла бастады. Партия комитеттерінің өктемдігіне қарамастан, бұл кезеңде қазақстандык жазушылардың қаламынан бірқатар іргелі әдеби шығармалар туды. Оқырмандар арасында Бауыржан Момышұлы, Морис Симашко, Ілияс Есенберлин, Әбіш Кекілбаев, Оралхан Бөкеев, Юрий Гердтің шығармалары, Мұқағали Мақатаев, Олжас Сүлейменов, Жұбан Молдағалиев, Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Қадыр Мырза Әли, Сырбай Мәуленов, Фариза Оңғарсынова, Тұманбай Молдағалиев, Кабдыкәрім Ыдырысов т.б. өлеңдері мен поэмалары кең тарады. Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» трилогиясына 1974 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Мұқан Төлебаев («Біржан-Сара» операсы), Евгений Брусиловский, Құддыс Қожамияров («Назугум») шығармаларында ұлттық фольклор жаңа қырларынан танылды. Шәмші Қалдаяков, Нұрғиса Тілендиев, Ілия Жакановтын әндерін халық жатқа білді. Сахна төрінен әншілер: Жүсiпбек Елебеков, Ғарифолла Құрманғалиев, Манарбек Ержанов, Гульвира Разиева, Жамал Омарова, Роза Рымбаева, Әлібек Дінішевтер тыңдаушыларын өз таланттарымен тәнті етті. Казакстан киносының «Қыз Жібек>>, <<Атаманның акыры», «Транссібір экспресі» атты көркем фильмдері экранға шықты. Нұрмұхан Жантөрин, Асанәлі Әшімов, Ыдырыс Ноғайбаев, Әнуар Молдабеков, Сәбира Майқанова, Әмина Өмірзақова т.б. сияқты бір топ кино актерлері ұлт мақтанышына айналды. Жастар арасында «Досмұқасан», «Айгүл», <<Ариран» музыкалык ансамбльдері сүйіспеншілікке бөленді.Қалалардың көшелері мен аландары X. Наурызбаев, Н. Гаев, Ш. Уәлиханов сынды монументалды кескіндеме шеберлерінің туындыларымен безендірілді, суретшілер М. Кенбаев, Е. Сидоркин, Р. Сахи т.б. өздерінің тамаша картиналарын жазды. Мәдениетті партия комитеттерінің тарапынан жасалған қысымнан қорғауда Ө. Жәнібеков көп еңбек сіңірді. 80-жылдардың соңында ұлттық кино өнеріне өздерінің көркем және идеялык принциптері бар кинематографистердің жаңа буыны келді. Олардың жұмыстарының бірқатары жаңашыл шығармашылық әдіс, әлеуметтік тереңдігімен ерекшеленіп, республиканың мәдени өміріндегі елеулі оқиғаға айналды. Олардың қатарына «Қиян» (реж. С. Апырымов), «Адамдар арасындағы бөлтірік» (реж. Т. Теменов), «Сұлтан Бейбарыс» (реж. Б. Мансұров) фильмдерін қосуға болады. О. Рымжанов, С. Әзімов, А. Шәжімбаев тәрізді деректі кино шеберлерінің жұмыстары өткір проблемаларды қозғауымен, шынайылығымен танылды.Бұл кезеңдегі мәдениеттегі жетістіктер екіұдай әсер қалдырды. Бір жағынан, білім беру, ғылым мен мәдениет салаларындағы оңды өзгерістер болып өтті. Ғылым академиясы ашылды, даярланған кәсіби мамандар пайда болды, жаңа театрлар салынды. Екінші жағынан, партиялық өктемдік еркін шығармашылыққа бөгет жасап, мәдениетте көптеген жағымсыз құбылыстар туғызды.
89 Билет.
Қазақстан аумағында шаруашылықтардың қалыптасуына әсер еткен
табиғи-географиялық факторларды анықтаңыз.
Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері, яғни экожүйесі жергілікті тұрғындардың шаруашылық түрінің қалыптасуына ежелден-ақ тікелейәсер еткен. Ежелгі тұрғындар тіршілік ортасының өзгеруіне қарай біртіндеп егіншіліктен малшаруашылығына көше бастады. Шамамен б.з.б. ІІ мыңжылдықтың соңындағы қуаңшылық жағдайында егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстан аумағының басым бөлігін шөлейт жерлер алып жатыр. Күн радиациясы өте жоғары, қуаңшылық жиі орын алып отырады.
Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді. Жер құнарлығы төмендеп, эрозияға ұшырау қаупі артты. Біртіндеп мал басының саны көбейді. Мұның бәрі адамның өмір сүру ортасына икемделіп, әлеуметтік-мәдени бейімделудің ерекше түрін таңдауына мәжбүр етті. Ол көшпелі малшаруашылығының орнығуына жеткізді. Жайылымдық алқаптарды егіншілік мақсатында пайдалану өнімділікті арттырмады. Ұлы даладаегіншілікке аса тиімді балама ретінде көшпелі малшаруашылығы дамыды. Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарғабейімделіп,тіршілікті қамтамасыз ету жүйесі, қоршаған ортаны игеру тәжірибесінен қалыптасты. Ежелгі Қазақстанның қуаң даласын мекендеген тұрғындардың өмір сүруді қамтамасыз етудегі негізгі кәсібі – көшпел ітірлікке негізделген мал өсіру болды. Көшпелі малшаруашылығына көшу себептерінің бірі – жылқыны қолға үйрету еді. Жылқы малы ең алдымен Солтүстік Қазақстанда қолға үйретілді. Бұл жерде ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйрету орталығының бірі, әлемге әйгілі Ботай мәдениеті табылған. Ботай қонысы 15 гектардан астам жерді алып жатты. Жылқыны қолға үйретіп, кейін оны мініс көлігіне айналдырудың барысында адам орасан зор кеңістікті игерді.
Көшпелі өмір салты малды жау шапқыншылығынан және табиғат апаттарынан аман сақтап қалып отырды. Сонымен қатар жайылымдардың тозуы да табиғи талаптарға байланысты мал өрістерін ауыстырып отыру қажеттілігін тудырды.
Көшпеліліктің пайда болуы ғасырлар бойы малшылардың қоршаған ортаның табиғи- климаттық жағдайына икемделуіне байланысты еді. Бұл тұжырымды ХІХ ғасырдағы Қазақстанды зерттеуші ғалымдар да қолдайды. Орыс ғалымдарының басым көпшілігі көшпелі малшаруашылығы қалыптасуын табиғи жағдайға тәуелділіктен туындағанын негізге алады. (И.Ф. Бла- рамберг, А.Н. Макшеев, Л.Л. Мейер, Г.Н. Потанин, И.И. Зава- лишин, А.И. Добросмыслов және т.б.).
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл шаруашылығы саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді.
90 сұрақ. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғас. басындағы Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жәдид мектептерінің ерекшеліктерін сипаттаңыз.
ХХ ғасырдың басында дәстүрлі мектептер мен медреселер қоғамның өскелең талаптарын қанағаттандырмады. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жәдидшілер болды. ХХ ғасырдың бас кезінен жаңа әдісті мектептер қалыптаса бастады. Мұсылман балаларын хат танытуда дыбыстың жүйеге негізделген әдіс қолданылды.
Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері Исмаил Гаспринский болды.
Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі «Ахмет Риза» медресесінде жаңа әдістемелік оқыту методикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.
Жәдидшілер «Ресей мұсылман ағартушылары мектепті реформалауды, бұқараны ағартуды халықты қараңғылық пен теңсіздіктен құтқару жолы деп түсінді» дейді. Алдыңғы қатардағы ұлттық интеллигенция орыс және еуропалық білім жүйесінің әсер етуімен діни қағидаттарды жаттату мен оларды түсіндіруді оқытудың негізі етіп алған ортағасырлық мектептерге қарсы шықты.
Жәдидтер оқытудың жаңа, дыбыстық әдісін ұсынды («усули жәдид», қозғалыстың аты осыдан шыққан; «жәдид» — арабша «жаңа»), сонымен қатар, мектепте діннен басқа, ана тілі мен әдебиетін, математиканы, тарихты, жағрафияны және басқа да дүнияуи (зайырлы) ғылымдарды оқытуды талап етті. Бұның бәрі бірден дәстүрлі мектептің жақтаушылары – қадымшылардың («қадыми» сөзінен шыққан – «ескі», «көне») тарапынан қарсылық тудырды.
Субъективті тұрғыдан алғанда халықты ағарту, оны әлемдік мәдени жетістіктерге жеткізу ұлттық сана-сезімді оятуға және оны дамытуға қызмет етті. Жәдидтер өз халқын білімді, құлдықтан, рухани дағдарыстан еркін халық ретінде көргісі келді.
Жәдидтіктер Түркістанда, Бұхара мен Хиуада қысқа мерзім ішінде оқу және жазуға үйренуге мүмкіндік беретін жаңа әдісті мектептер ашып, жергілікті халықтың балаларын оқытуға кірісті. Бұл мектептерде тарих, арифметика, география, ана тілі және басқа да зайырлы пәндер оқытылды. Мұндай мектептер Ташкент, Әулие-ата, Шымкент, Ферғана, Қоқан, Бішкек және Алматыда кең тараған. Жыл өткен сайын жәдидтік мектептер көбейіп, 1905 жылға дейін тек Түркістан өңірінде ғана жәдидтік мектептер саны 35-ке жеткен.
Түркістандық, бұхарлық жәдидтер Ресей империясының шығыс аудандарынан, сондай-ақ Түркия, Ауғанстан, Үндістан сияқты шектес елдерден де ұдайы газет-журналдар алып отырды. Олар осы әдебиеттермен өлке халықтарын таныстырды. Бұл басылымдарда басылған мақалалар сол кездегі ғылым, философия, саяси экономика, халықаралық құқық хақында, қалалық өзін-өзі басқару, тағы басқалар туралы жалпы түсінік берді. Сөйтіп, түркістандық оқырмандардың қоғамның жаңалықтары мен жаңа құбылыстарын түсінуіне жол ашты. Жаңа білім беру жүйесін енгізушілердің бұл әрекеттері отаршыл үкіметті шошындырып, үкіметтің жергілікті билік органдары жәдидшілдерге қарсы бақылау әрекеттерін күшейтті.
Достарыңызбен бөлісу: |