61-сұрақ .Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан экономикасының даму ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы 1990 жылдары күрделі нарықтық өзгерістерді басынан кеше отыра, экономикалық дербестікке ие болды, әлемдік және аймақтық үдерістердің белсенді қатысушысы атанды. 2000 жылдары дағдарысқа дейінгі кезеңде оның дамуының оң факторлары байқала бастады: ІЖӨ өсімі, төмен деңгейдегі инфляция, тұрақты банк жүйесі, дамыған инфрақұрылым, инвестиция мен өмір сүру деңгейінің өсуі. Бұның бәрі оң тәжірибе мен туындаған мәселелерді шешуге ықпал етті.
Қазіргі экономикалық шындықтар мынадай, экономика саласындағы мемлекеттің интенсивті қызметі нарықтық реформалар мен жекешелендіруді жүргізу үшін емес, ғаламдық экономикалық және қаржы дағдарысының салдары жағдайында ұлттық экономиканы күшейтуге бағытталып отыр. Екіншіден, дағдарыстан кейінгі экономикалық дамуға тиімді жағдайлардың барлығы дерлік қалыптасқан.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/ Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014
Қазақсан экономикаысының даму ерекшеліктері 1991 жылы тәуелсіздік алған уақыттан бастап бірнеше даму кезеңдерінен өткен.
бiрiншi кезең (1991-1992)
екiншi кезең (1993-1994)
үшiншi кезеңде (1995-1997)
төртiншi кезеңде (1998-1999)
бесiншi кезең (2000 жылдан бері)
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
2006 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764,8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республика экономикасына 50 млрд. АҚШ долларына жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Қазақстан ашық сыртқы сауда саясатын дәйекті жүргізуде. Мәселен, 2004 жылы сыртқы сауда айналымының көлемі 7 млрд. доллардан астам оң сальдомен 33 млрд. АҚШ долларына жақындап, 1994 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.
2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
62-сұрақ
Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Алтын Орда мемлекетінің сыртқы саясатын талдау арқылы Еуразия кеңістігіндегі геосаяси белсенділігіне баға беріңіз.
«Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында моңғолдар орыс елінің көп жерін басып алды (1236-1241 жж.). Польшаны, Венгрияны, Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды.
...Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттығы өркендеді, әртүрлі кәсіпшілік пен қолөнері дамыды».
62-сұрақтың жауабы
Жошының екінші ұлы, Шыңғыс ханның немересі Батый хан тұсында монғолдар орыс елінің көп жерін басып алды.(1236-1241 ж) Польшаны, Венгрияны,Дальмацияны шапты, Грузияны жеңіп, Кавказдың басқа да кейбір халықтарын бағындырды. Алтын Орда шекарасы Ертістен Днестрге дейін созылды. Шығыс Еуропада болған Еділ бұлғарларының жері, Дешті Қыпшақ,Қырым және Дербентке дейінгі Солтүстік Кавказ (кейде Бакуге дейін), Орта Азияда Үргеніш қаласымен қоса Солтүстік Хорезм, Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аймақ түгел қарады.Алтын Орда астанасы Еділ сағасындағы Сарай қаласында болды; көп кешікпей ол Азиядан Еуропаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды.
63 сұрақ. Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып,ерте көшпелілер империясы –Ғұндар мемлекетінің әлемдік тарихи процестерге тигізген әсерін талдаңыз:
Жауабы: Ғұндар батысқа жылжи отырып солтүстік ғұндар II ғасырдың ортасында Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне келіп, Юэбань мемлекетін құрады. IV ғасырдың ортасвында олар Ұлы даланы бойлай басысқа жорық жасап,Рим империясының шекарасынга дейін жетеді. Жол бойында Дала тайпаларын қатарына қосып отырып,Еуропа үшін олар үрей туғызды. Ғұндар Дунай өзенін бойлай Паннонияға қоныстанды.Паннония сосын ғұндардығң орталығына айналды.Гот тайпалары ғұндардан жеңіліп ығыса бастады.395ж ғұндар Константинополь қаласына дейін жетіп,оларды салық төлеуге мәжбүрледі.Онымен тоқтамай ғұндар Оңтүстік Кафказ арқылы Тигр мен Евфрат алалығына басып кірді.Ғұндар Атилланың тұсында қатты күшейді.Сол кезде Грекия,Балқан,Батыс және Шығыс Рим империялары бағыныштылыққа түсіп ,алым салық төлеп тұрды.453ж Атилла қайтыс болған соң оның ұлдары арасында мемлекет бөліске түсті.
Ғұндардың әлемдік тарихқа ену процесінің нәтижесінде Римнің Еуропадағы үстемдігін жойды,ғұндардың шабуылы Рим империясының құрылысын түбегейлі өзгертті,еуропалық қоғамның әлеуметтік қатынастарын жетілдірді.Ғұндардың Ұлы қоныс аударуының басталуы –көшпелі өркениеттің әлемдік тарихқа тигізген әсері болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |