64. сұрақ. Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, индустрияландыру саясатының жетістіктері мен кемшіліктерін талдаңыз.
Жауабы: Қазақстандағы индустрияландыру ірі өнеркәіпті және ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту арқылы жүзеге асырылды, бұл бүкіл халық шаруашылығын қайта құру мен жаңғырту кезеңі болып табылды. КСРО өда кеңестік жаңғырту үш бағытта: индустрияландыру, ауылшаруашылығын ұжымдастыру және мәдени революция түрінде өтті. 20-жылдардың ортасына қарай индустрияландыруды жүргізу себептері: біріншіден өнеркәсіптің өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп тұрған зауыттарды қайта техникамен жабдықтау және жаңа кәсіпорындар салу. Екіншіден ел бұрынғыша аграрлы, шаруалар елі болып қалды, ауыл халқы басым болып, қалаларда жұмыссыздық өсті, бұл әлеуметтік шиеленісті күшейтті және елдің елдің экономикалық әлеуетін орнықтыру мәселелері тұрды, үшіншіден индустрияландыруды жеделдетуге елдің халықаралық аренада экономикалық және саяси оқшаулануы әсер етті. Капиталистік елдердің қоршауында қалған КСРО үнемі соғыс қатерінде болды,елдің қорғаныс қабілеттілігін нығайту міндеті тұрды. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б) П-нің XIV съезінде қабылданды. 1928-1932 жылдар Қазақстанда индустрияландыру бірінші бесжылдығы жүзеге асырылды.Осылайша индустрияландырудың мақсаты КСРО ны аграрлы елден жетекші индустриалдық державаға айналдыру болды. 1929 жылдан бастап ел басшылығы индустрияландыру екпінін жылдамдатуға шақырды. Сталин «Бесжылдықты төрт жылда !» ұранын ұсынды. Елде түсті және қара металдар, шойын жоспарланғаннан екі есеге артық шығару тиісті болды. Ф.И.Голощекин республикада өндіруші өнеркәсіп пен шикізатты тасып әкетуге арналған теміржол құрылысын жақтады. Қазақстанда индустриялық даму жоғарғы қарқында өтті, КСРО бойынша ең ірі кәсіпорындар құрылысы басым болды және ауыр өнеркәсіптің өндіруші салаларының: көмір,мұнай және түсті металлургия дамыды,бұл республика өнеркәсібінің шикізаттық бағыт алуына негіз болды, Қазақстан өнеркәсібінде машина, станок жасау, құрылыс материалдары өндірісі болған жоқ, жеңіл және тамақ өнеркәсібі артта қалды. Салынған ауыр өнеркәсіп кәсіпорындары одақтық бағынышта, яғни Мәскеуге бағынды және әміршіл әкімшіл басқару жүйесінің құрсауында қалды. Машина жасау, металлургия, қорғасын өнеркәсібі кәсіпорындары болмады, бұл индустрияландыру саясатындағы кемшіліктері еді. Ал жетістіктеріне: табиғи ресурстарды зерттеу және белсенді игеру және Түркістан Сібір (Түркісіб) теміржолының құрылысы ҚазАКСР дағы индустрияландырудың алғашқы нысандарының біріне айналды. Қазақстанның қорғасын өндірісі бойынша Одақта бірінші орынға, түсті металдар өндірісі бойынша екінші орынға, мұнай өндіруден үшінші орынға шықты, Қарағанды көмір бассейні КСРО - ның үшінші көмір базасына айналып, Қазақстан КСРО- ның ірі шикізат орталығына айналды.