1 сұрақ жауабы: «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы тұрақтылық пен келісімнің сенімді, берік іргетасына айналды». Сіз бұл пікірмен қаншалықты келісесіз? Өз жауабыңызды негіздеу үшін бірнеше дәлел келтіріңіз



бет12/17
Дата13.06.2023
өлшемі217,2 Kb.
#100806
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
1-90 төменд.сұрақ жауаптары.

66 сұрақ Мәтінді және тарихи білімдеріңізді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы білім және ғылымы дамуының мәселелері мен болашағын талдаңыз.

Ғылым және оның басымдықтары


2011 жылы ақпанда «Ғылым туралы» жаңа заң қабылданды. Заңда жаңа құрылған ғылыми-зерттеу институттары қызметінің қағидалары, ғылыми зерттеулер мен қаржыландырудың тетіктері айқындалған. Жаңа заңда ғылыми еңбектің нәтижесін коммерциялауға, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік-экономикалық ынталандыруға көп көңіл бөлінді.
Аяған Б. Қазақстанның қазіргі заман тарихы (1991-2014): Ғылыми-танымдық басылым/ Б. Аяған, Ә. Ауанасова, А. Сүлейменов. – Алматы: Атамұра, 2014

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін ғылым саласында да бірқатар мәселелер бой көтерді. 2003 жылы Ұлттық Ғылым академиясының мемлекеттік мәртебесін жоғалтып, іс жүзінде қоғамдық ұйымға айналды.Ғылыми-зерттеу институттары жабылып, институттардың штаттарында қызметкерлер саны азайды. Ғылымды қаржыландыру ЖІӨ -нің 0,12 % құрайды, ал дамыған елдерде ғылымға бөлінген қаржы үлесі ЖІӨ-нің 5 %-на жететін еді. Бқл жағдай ғылыми зерттеулер саны мен сапасының және еліміздегі ғылым саласының айтарлықтай төмендеуін көрсетті.


Қазақстан Республикасы білім беру саласында «Білім туралы», «Ғылым туралы, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, «Интеллектуалды ұлт-2020» қазақстандық жобасы қабылданды.
2010 жылы Қазақстан Болон декларациясына қосылып, отандық білім беру халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы Орталық Азияның ғана емес ТМД-ның ірі ғылыми, білім беру орталығына айналды. 2019 жылдан бастап жас ғалымдарға арналған арнайы ғылыми жобалар жарысы ұйымдастырыла бастады. 2020 жылы ғылыми жобалар байқаулары өткізіліп, отандық ғылым саласы шет елдік зерттеушілерге таратылуда. «Ғылым туралы заң» және 2020-2025 жылдарға арналған білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Еліміздің ғалымдары әлемнің жетекші журналдарына мақалалар жариялай бастады. Жоғары оқу орындары мен академиялық ғылыми-зерттеу институттарының арасында ғылыми байланыстар күшейді. Ғалымдарға әлемнің ғылыми орталықтарында тағылым-тәжірибеден өтуғе арнайы гранттар тағайындалуда. Отандық ғылымға бөлінетін қаржы көлемі жылдан-жылға артып келеді. Мен өз сынптастарымды мамандық таңдауда ғылым саласына, отандық ғылымды дамытуға ат салысуға шақырамын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет