1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру



бет7/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
тарихты оқыту

10 сұрақ. Мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру
30-жылдары тарихи білім берудің жайы өзгере бастады.Тарихты жеке пән ретінде қалпына келтірумен сипатталатын тарихи білім берудің жаңа кезеңі басталды.Партияның Орталық Комитеті зертхана-бригадалық әдістен бас тартуға нұсқау береді.Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі оқушылар тобымен жүргізілетін,қатаң оқу кестесіне бағындырылған сабақ болып белгіленді.
Бағдарламалардың негізінде жаңа оқулықтар жазыла бастады.Бірақ авторлар азаматтық тарихты емес,қоғамдық өмірдің формаларын ғана көрсетуді мақсат тұтты.Отан тарихы оқулықтарда жекелеген қосымша түрінде берілді.
30-жылдары мектептегі тарих курстарымен жұмыс істеуде әдіскерлер мен ғалым-тарихшылар арасында өзара байланыс болмады.Әдіскерлер мазмұн талдауға араласпады,ал тарихшылар оқулықтарда мектептегі тарихты оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін ескермеді.Дегенмен,40-жылдардағы тарих оқулықтары педагогикалық идеялары және материалды беру сипаты жағынан өз кезіндегі әдістеменің деңгейін танытты.Олардың кемшіліктері ретінде фактілер,есімдер мен даталардың тым көптігі,құжаттардың мүлдем жоқтығын атауға болады.Оқулықтарда сұрақтар мен тапсырмалар мүлдем болмады.Көптеген тарихи ұғымдар түсіндірілмеді.
50-жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту бағытында дамыды.Оқу мен оқытудың тәсілдері,материалды мазмұндау әңгіме жүргізу,карта,картиналарды пайдалану тәсілдері жетілдірілді.Бірақ,оқушының сабақта не істейтіні,тарихты қалай танитыны белгісіз болып қала берді.
1960-80 жылдары тарих окулығының міндеті мен қызметі озгеріске түсті. Ол сабақта оқығанды бекіту үшін ғана емес, сонымен бірге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуте, курстың мазмүнын қорытып, жүйелеу үшін де қажет бола бастады. Бүл міндеттерді іске асыруға оқулықтағы кестелер, сүлбалар, анықтама материалдар, қүжаттар мен безендендіру көмектеседі. Солар бойынша оқулықтың тақырыбы, параграфынан сүрақтар мен тапсырмалар туындайды.
Мектептегі тарих курсының құрылымындағы ендігі өзгерістер міндетті түрде орта білімге көшумен байланысты жүзеге асты.
60-70 жылдары тарихи білім берудің мынадай қүрылымы орнықты.
Тарихи білім беру қүрылымы (1967-1993 ж.ж.): 5-сынып — Отан тарихының эпизодтық эңгімелері (2 сағ.); 6-сынып — Ежелгі дүние тарихы (2 сағ.); 7-сынып — Ортағасырлар тарихы (2 сағ.); 8-сынып — Отан тарихы ХҮІІІ ғ. соңына дейін (2 сағ.); 9-сынып — Жаңа тарих I бөлім; XIX ғ. Отан тарихы (3 сағ.); 10-сынып - Жаңа тарих II бөлім; Отан тарихы XX ғ. Басынан 30-жылдарға дейін; қазіргі заман тарихы 30-жылдардың соңына дейін (4 сағ.); 11-сынып — Отан тарихы қазіргі кезге дейін - қазіргі заман тарихы осы кезге дейін.
Бүл білім қүрылымы 1993 жылға дейін сақталды. Жалпы білім беретін мектептерде тарих пөніне аптасына 18 сағат, жылына 612 сағат (оның 313-і Отан тарихына, 299-ы шстслдің тарихыпа) бөлінді.
60-70 жылдары тарихты оқыту әдістемесін А. А. Вагин, Д. И. Никифоров, Н. Г. Дайри, П. В. Гора, П. С. Лейбенгруб, Ф. П. Коровкин СИЯҚТЫ ғалымдар одан әрі жалғастъірды. Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мүғалімнің оқушыларды оқытудың тиімді жоддарын іздестіруіне өдістемелік көмек көрсететін қүралдар мен тесілдерді жасауға багытталды. Оқушылардың білімді өз бетінше игеріп, өскелең ақпараттар ағынында бағдар таба алуға үйрету басты мақсат етіп қойылды. Дидактикада оқушылардың оқу процесіндегі дербестігі мен белсенділігін, оқыгудың төрбиелік релін сабақтың тиімділігін арттырып, көкейтесті мәселелерді оқытуды терендетуге багытталғаи зерттеу жүмыстары атқарылды.
Қазіргі таңда еліміздің өдіскер ғалымдары (Т. Тұрлығұл, Б. Адырбек, А. Көпекбай) өдетте, пөннің ерекшелігіне қарай 7 мен 10-ның арасында оқу-өдістемелік құрал қажет деп есептейді. Мысалы, тарих пөнінен терең әрі тиянақты бідім алу үшін 7-8 әдістемелік құрал қажет. Олар: оқулықтар, өдістемелік материалдар, дидак-тикалық материалдар (оқу карталары, түрлі кестелер мен сызбалар, корнекі қүралдар, хрестоматия, оқу кітабы, «сөздік жене т.б.) Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 26 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайыңдау жөне басьш шығарудың мақсатгы бағдарламасы" деп аталатын қаулысы негізінде мектептерді жаңа буын І Окулықтармен қамтамасыз ету, оқу-өдістемелік кешенді жабдықтау Ісі жүзеге асырылуда. Білім министрлігі өткізген бөйгенің қорытындысы бойынша 2000-2002 жылдары 5-9 сыныптарға 18-20 пәннен 120 оқулық, 360 қосымша оқу-әдістемелік қүрал дайындалып, республикадағы 80-ге жуық эксперименттік мсктептерде сынақтан өткізуге жіберілді. Олардың сынақтан сәтгі өткендері мипистрлік тарапьшан мақүлданьш, бүкіл республика мектептеріне ок,ытылуда. Мысалы, 5-6 сыныптардың тарих оқулықтарына косымша шығарылған "Әдістемелік басшылық", "Дидактикалық материал" жөне "Жұмыс дәптері". Оларға қосымша С.Жолдасбай, К,. Адамбосынов, Ә. Көпекбай, С. Мәшімбаев, С. Тортаев, М. Мәженовалардьщ 7 сыныпқа арналган оқулығы мен хрестоматиясы және әдістемелік құралдары жарық көрді. Бүл оқулықтар мен оның құрауыштары сынақтан сәтті өтіп, мектептерге жолдама алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет