7 сұрақ. Педагогикалық процесте оқушылар мен мұғалімнің (тарих мұғалімінің) өзара байланысын ашып көрсетіңіз
Қазіргі кезде қарым – қатынас мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Педагогикалық қарым – қатынас құрылымында өзара түсіністік деңгейі детерминанттың тұтас қатарымен меңгеріледі. Бұған жататындар: жас, өзіндік бағалаудың даму деңгейі, білім деңгейі, икемділік, дағды. Ұстаздар мен шәкірттер арасындағы өзара қарым – қатынастың дамуына, яғни ұстаздың қарым – қатынас жасау деңгейі, педагогикалық топтың және сыныптың даму деңгейі әсер етеді.
Ұстаз бен шәкірттердің қарым – қатынас функциясы әртүрлі. Сондай функциялардың классификациясының негізгі біреуі Ломовтың «Индивидтің мінез –құлқындағы әлеуметтік регуляция және қарым – қатынас» атты еңбегінде, ол осы функцияның негізгі класын бөліп шығарды.
Тағы да ол қарым – қатынастың бірлескен әрекет ұйымдастырушы ретінде, адамдардың бір – бірін тануы, және тұлғааралық қарым – қатынастың дамуы мен қалыптасуы деген түрлерін бөліп шығарады. Б.Ф.Ломов – қарым – қатынас жоғарғы динамикалықпен және функционалдылықпен сипатталатын көп өлшемді процесс ретінде зерттелінуі тиіс деген қорытындыға келеді. Ұстаз бен шәкірт арасындағы өзара түсіністік бірден қалыптаспайды. Қарым – қатынас біздің өмірімізде және қоғамдағы іә — әрекетте үлкен ролге ие. В.Н.Панаферовтың айтуы бойынша кез келген адамдық әрекеттер қарым – қатынастан тыс болмақ.
Қарым – қатынас үш жақтан (коммуникативтік, интерактивтік, перцептивтік) тұрады. Көптеген факторлардың ішінде оқу және оқудан тыс кездердегі ұстаздар мен шәкірттерарасындағы қалыптасқан – қатынас айрықша шешуші фактордың бірі болып саналады. Осы қарым – қатынас мәселері жөнінде тікелей және жанама қамтыған В.М.Афоньков, А.А.Бодалев, Н.В.Кузьмин, А.А.Леонтьев, Р.Н.Мальковская, Н.Т.Полехин тағы басқалардың зерттеулерінде өзара қатынастың шешуші роль атқаратындығы жөнінде баса көрсетіледі.
Ендігі кезекте ұстаздар мен шәкірттер қарым – қатынасындағы қарама – қайшылықтардың, кедергілердің пайда болуын айта кетейін. Педагогикалық әрекетте қарама – қайшылықтар мен кедергілер әртүрлі болып келеді. Олар әрекеттің әртүрлі сферасына қатысты болады. Мұндағы қайшылықтар ұстаздың шәкірттеріне, өзінің пәнін меңгеру мен ұстаздық шеберлігіне, оқу орнына, өзінің әріптестеріне деген қарым – қатынасымен байланысты болуы мүмкін. Педагогикалық жұмыста кедергілердің тууының екі себебін айтуымызға болады. Бірінші себеп: мұғалімдердің өз ісіне немқұрайлықпен қарауы, сондай – ақ олардың оқу орнындағы білімге сәйкес алға қойған міндеті, мақсаттарын дер кезінде орындамауы салдарынан туындайды. Олар нашар оқытады, нашар қарым – қатынасқа түседі және нашар тәрбиелейді. Мұндай оқытушылардың өзіне немқұрайлықпен қарауының нәтижесінде олардың қоғамға, ғылымға, адамдарға немқұрайлықпен қарауы деп айтуымызға болады. Нашар ұстаз тек қана ұстаз деген атты сақтап тұрады да, ал шын мәнінде педагогикалық процесті бұзады. Мұндай ұстаздардың жұмысының нәтижесі – педагогикалық жарамсыз болып табылады. Яғни бұл шәкірттердің сабаққа деген қызығушылығының төмендеуінен, білімдерінің төмен болуынан т.б. көптеген қасиеттерінен көрінеді. Сайып келгенде, адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберін қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізгі орын алмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |