1 сұрақ. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің мәнін түсіндіріңіз Әдістеме дегеніміз методика. «Методика»


сұрақ. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері мен нысандарын сипаттап жазыңыз



бет5/25
Дата21.06.2023
өлшемі0,64 Mb.
#102721
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
8 сұрақ. Сабақтан тыс жұмыстың түрлері мен нысандарын сипаттап жазыңыз

Сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші ерекшелігі, оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттері мен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек еріктілік, ең алдымен, сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Сабақтан тыс жүргізілетін жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшелікгері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:


1. Сыныптан немесе мектептен тыс жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстарды қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс жұмыс түрлерімен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.
2. Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті бағдарламалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап тілектеріне, жергілікті жағдайларға байланысты болады.
Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстын бір түрі - үйірме. Үйірмелер түрі: пән үйірмесі - әдебиет, тіл, тарих, математика, биология, т.б.; драмалық үйірме - көркем сөз үйірмесі, би, фото, радио үйірмелері. Бұларға мұғалімдер немесе ата-аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді. Кейде үйірмелерді секция немесе клуб, кейде коғам деп те атайды. Айталық, «Жас ақындар үйірмесі», «әдебиетшілер клубы» т.б. Сыныптан тыс жұмыстын екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет. Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудын немесе кездесу ұйымдастырудың мәні де зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек.
Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, тұп-тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, ол қылықпын орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы, олардын тәрбиелік ролін арттыру үшін оңдағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып, тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінін де тәрбиелік мәні зор.
Соңғы жылдарда мектеп өмірінін дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі - оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер тағайыңдалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесуі тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін-өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады. Соңғы жылдарда сыныптан тыс дене шыныктыру - спорттық жұмыстардын жүргізілуіне көңіл көп артуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет